«Елім-ай»М. Дулатов (үзінді)
Ем таба алмай дертіне мен ертеден
Сол бір қайғын өзегімді өртеген
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден
Еңсең неге түсті мұнша , елім-ай?
Өткен сағым, келер алдың бір мұнар
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
ҚАРЛАГ
Орталық Қазақстанның мәдениеті 30-шы жылдары Гулагтың филиалдары болған: Қарлаг, Степлаг, Песчанлаг, Алжир т.б. кең көлемді концлагерлер зонасында қалыптасқан. Бұл кезең өлкені жедел индустриаландыру кезеңі болатын. Және мұнда мыңдаған жер аударылғандар мен тұтқындардың, бай, кулактардың еңбектері кеңінен пайдаланылды.
|
Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 30-шы жылдары бір жағынан бұрынғы саяси партиялар өкілдері мен бай, кулактардан тұрса, екінші жағынан айыпты деп саналған жұмысшылар мен шаруалардан құрылған.
|
Гулагтың (лагерлердің мемлекеттік басқармасы) ең ірі филиалы болған Қарлаг Қазақстан аумағындағы кіші мемлекет сияқты, дербес мекеме ретінде қалыптасты. Еңбекпен түзеу лагерінің негізгі мақсат-бағыты, тұтқындағылардың тегін еңбектерін пайдаланып, Сталиннің социализм құрылысы туралы бағдарламасын жүзеге асыру.
Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған, лагердің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шакырым жердегі Долинка селосында орналасқан. «Қарлагқа» 120 000 га – жыртуға, 41 000 га пішендік жер бөлінген. Қарлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатқан. Бұдан басқа лагер орталығынан 350 шақырым қашықтықтағы Ақмолада және 650 шақырым қашықтықтағы Балқашта Қарлагтың филиалдары болған.
Қарлагты ұйымдастырудағы басты себептердің бірі – Орталық Қазақстанда жедел қарқынмен өсіп келе жатқан көмірлі-металлургиялық өндіріс орындары: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін ірі азық-түлік базасын құру болған. Тағы бір жағдай – осы өндіріс орындарын құрып және оны жетілдіру үшін жұмысшы күші де өте қажет еді.
Қарлаг Орталық Қазақстандағы ең бір бос жатқан далада, бұрын пайдаланылмаған жерге орналастырылды деген ұғым, түсінік дұрыс емес. Лагерге бөлінген үлкен аймақта 80 мың халқы бар 4000 қазақ үйлері болған, және 1200 неміс, орыс, украин отбасылары тұрған. Жергілікті тұрғындарды ықтиярсыз қоныс аударуға мәжбүр еткен соң, бос қалған жерлерді көптеген тұтқындар колоннасы иемденген. Олар лагердің барлық аумағын пайдаланып: теміржол, тұтқындар үшін барақ, мал қораларын, әскерилендірілген күзет үшін казарма және гарнизон бастықтары үшін үйлер салған.
Қарлаг басқармасы тек Москваға - Гулагқа - ОГПУға (НКВД) тікелей бағынған. Республикалық, облыстық партия және кеңес органдарының лагердің жұмысына іс жүзінде ешқандай ықпалы болмаған. Шындығында «Қарлаг» мемлекет ішіндегі Мемлекет болған. Өзінің нақтылы билігі бар, қару-жарағы, көлігі және пошта, телеграф байланыстары болған.
Қарлагтың құрылымы мөлшерден тыс үлкен және көптеген құрылымдық бөлімдері болған. Арзан жұмыс күші, негізгі қордың арзандығы, амартизациялық шығындардың төмендігі өндірістің пайдалылығын арттырып оның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызды.
Долинканың аймағы жан-жақты темір торлармен қоршалып, оған кіру арнаулы рұқсаттама (пропуск) арқылы жүргізілді. Лагердің іші тағы да екі аймаққа бөлінген және әрбір бұрышқа күзет мұнарасы қойылған. Қамауға алынғандар Қарлагтың барлық жеріне орналастырылған. Қарлаг жұмыс істеген уақытта мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болған.
Гулаг лагерінің жұмысы ондағы адамдардың жағдайын қалайда қиындатып, моральдық және психологиялық тұрғыдан құртуға негізделген. Казарма басшылары үшін тұтқындар берген баланданы ішіп, ұйықтап, қарсылық білдірмей жұмыс істесе болғаны.
Тұтқында болғандардың адам төзгісіз, қайғылы қиын жағдайлары туралы олардың кейіннен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған естеліктері мен мұрағаттар қорында сақталған құжаттардан айқын көрінеді. Қарлагта тұтқындар өз міндеттерін саналы түрде түсінулері үшін олармен саяси-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Тәрбиелік іс-шаралардың жан-жақтылығы сонша, ол: дұрыс тамақтандырудан бастап «әлеуметтік қорғаудың ең жоғарғы шарасы» – атуға дейін қамтыған. Сондай-ақ, социалистік жарыс, әртүрлі үгіт-насихат жұмыстары да қарастырылған.
Қарлагта отырғандар Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Елінің әскери экономикасын дамытуда айтарлықтай үлес қосты. Қарлагта мерзімдерін өтеу үшін өте ірі оқымыстылар отырған. Олар кейіннен Қарағандының мекемелері мен оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін құрған.
XX ғасырдың ғажап істерінің бірі Қарлагта азап шеккен Кеңес елінің және шет елдер мәдениеті мен ғылымының жүздеген қайраткерлері Қарағандыдағы алғашқы Мәдени ошақтарын ашқандар болды. Олар өмірлерінің ең бір қисылтаяң, қайғылы, ауыр жағдайларына қарамастан арттарында өнердің өте сирек кездесетін бірден-бір туындыларын қалдырды.
50-ші жылдардың басында Қарлагта екі жүзден астам лагер бөлімдері мен нүктелері болған. Олар негізінен ауылшаруашылығымен айналысқан.
1959 жылы Қарлагты таратқанда онда «саясилардан» ешкім қалмаған.
Қазір «Қарлаг» жай жырынды қылмыскерлердін түрмесі.
Александр Леонидович Чижевский (1897 - 1964)
XX ғасырдың ұлы оқымыстысы, академик Александр Леонидович Чижевскийдің зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша таза ауаның тірілткіштік, жандандырғыштық күші теріс зарядты оттегі молекуласында деп анықталған. Бұл ғылыми қорытынды кең қолдау тауып, Чижевскийдің идеясын бүкіл әлем мойындаған.
Ол 30 университеттің, академиялар мен ғылыми қоғамдардың толық және құрметті мүшесі болып сайланған. 1939 жылы Нью-Йоркте өткен биофизика және биокосмология туралы халықаралық конгрестің құрметті президенті болып сайланған.
А.Л.Чижевский жан-жақты дарынды адам болған: ғалым, ақын, жазушы, суретші, тарихшы, дәрігер және өнертапқыш.
1942 жылы Москвада тұрып жатқан А.Л.Чижевский ешқандай дәлелсіз 8 жылға каторгаға айдалған. Осы жылдардың көпшілігін Қарлагта өткізген.
Қарағанды мұрағаттарында А.Л.Чижевскийдің түрмеде болған кездердегі жеке іс қағаздары сақталған.
Әлемге аты әйгілі ірі оқымысты А.Л.Чижевский өмірінің 8 жылын ГУЛАГ, Қарлаг лагерлерінде өткізген.
Лагерден босаған А.Л.Чижевскийді Қарағандыға қоныс аудартады. Осы жерде 1950 жылы 25 қаңтарда ССРО МҚКомитетінің Қарағанды басқармасы оның үстінен екінші рет іс қозғайды. Тағдырдың қаншама қиыншылықтарың көріп, азап шексе де рухы күшті оқымысты өзінің ғылыми еңбектерін тоқтатпайды. 1947 жылы 12 желтоқсанда Қарлагтың ОУРЗ бастығы Матросов Чижевскийдің"Электр тәсілімен барынша төзімді бетон алу" туралы ғылыми еңбегін Москваға жібереді. Одан кейінде бірнеше еңбектер жазылған, өкінішке орай осы уақытқа дейін еңбектері басылып шықпаған.
Спасск лагерінде А.Л.Чижевский тұтқын П.Г.Тихоновпен (математик) бірге микроскоп арқылы зерттеп қан элементтерінің құрылысын, оның электроқозғалысын анықтаған. Осы еңбегі "Қан қозғалысына құрылымдық талдау" (Структурный анализ движущейся крови) кітабына негіз болып, ол 1959 ж. жарық көрген.
1950 жылы Спасск лагерінен босап шыққан А.Л.Чижевскийге Қарағанды қаласында тұруға ұлықсат береді. Мұнда ол облыстық онкодиспансерде меңгеруші, облыстық клиникада кеңесші, КНИУИ-да ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Осы кезде атақты"Чижевский люстрасы" құрастырылған. "Шамның" ауаны иондау тәжірибесі №38 шахтада өткізілді. Ғылыми советтің ұсынысы мен тәжірибе №70 шахтада да өтті.
1959 жылы А.Л. Чижевский жұбайымен бірге Москваға тұрақты тұруға қоныс аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |