«Қабырға негізгі орта мектебі» кмм сынып сағаты: «31 Мамыр – Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні»


Жүргізуші:  («Білсін мұны ұрпақтар»



бет2/4
Дата31.05.2023
өлшемі84.39 Kb.
#474540
1   2   3   4
Саяси-құғын-сүргін-құрбандарын-еске-алу-кл.сағат

Жүргізуші:  («Білсін мұны ұрпақтар» Зейтін Ақышевтың әңгімесінен үзінді оқу. «Қызылдар қырғыны», 12 б.)
Фактілерден үзінді
1. 1932 жылы Қазақстан байрығы халқының 64 процентінен айрылған.
2. Қазақстан халқының саны 1930 жылғы 5,9 миллион адамнан азайды.
3. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшырған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрыңғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға , Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мыңдай.
4. Қазақстанда 1933 жылы мал саны 1929 жылғымен салыстырғанда 16 есеге кемі кеткен. Басқаша айтқанда, қолда бар 39 миллион 294 мың малдан 2 миллион 428 мыңы қалған. Бұл небәрі төрт жылдың ішінде 37 миллион малдың жоқ болғанын көрсетеді. (жалғасуы 162 бетте)
«Сорлы қазақ» (М. Мақатаев) (үзінді)
Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып
Алға баспай, барлық ісі кер кетіп
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп
Оқу білім жақындатпай, жолатпай
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр
Қанды жаспен екі көзін шылатпай
Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді
Қылыш алып, «надандық» саған кезенді.
Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу
Ертелі кеш басыңа мініп, езгенді!
Кітап әпер, оқысын, балаң қолына
Малды аяма басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей тобына!
«Зар заман» М. Дулатов (үзінді)
Кез болған соң кер заман біздің баққа
Жау жарағые асынып, міндік атқа
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа
Заман-ай!
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, басты топты
Тигізбеген жұртқа жау кеселдерін
Заман-ай!
Бай, қайдасың, ортаға малынды сал
Азды-көпті аямай барынды сал
Жаны тәтті жақсылар, қайдасындар?
Мұсылманның жолына жанынды сал
Заман-ай!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет