«АЛЖИР» лагері мен тұтқындарының тарихы
Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.
Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған.
Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.
Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды.
Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі - интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |