Қабыршақты ауылдық кітапханасы



Дата23.02.2016
өлшемі28.63 Kb.
Қабыршақты ауылдық кітапханасы

Аудан орталығы–Чапаев ауылынан батысқа қарай 40 км-дей жерде орналасқан. Қабыршақты ауылы- әкімшілік округ орталығы.

Тұрғындар саны -1146 адам.

Округте орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт, 6 шаруа қожалығы, мәдениет үйі, кітапхана қызмет етеді.



Қабыршақты ауыл кітапханасы Мәдениет үйі ғимаратында 62кв.м аумағына орналасқан.
Қабыршақты ауылдық кітапханасы ауыл округіндегі мәдени–көпшілік орынның бірі. 1952 жылы тыңнан көтерілген «Первомайский» совхозының орталығы «Первомайский » селосына көшірілді.

Бұрынғы №103 жылқы заводының орталығы Бітік ауылынан, «Қызыл бұрыш» жасақталып, ауыл ішіндегі екі пәтерлік тұрғын үйдің бір бөлігіне орналасады. Шағын екі бөлменің бірі «Кітапхана қоры», бірі «Оқырман залы» болды. Кітап қоры Мәдениет бөлімі арқылы және тұрғын халықтың демеушілігімен толықтырылып соның ішінде «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі» мектеп директоры Сахташев Шакир Сахташұлы (суретте) кітапхана ашылған кезде 50 дана кітап сыйлап оқушыларын кітап оқуға кітапханаға тарту мақсатында насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.

1952 жылы 1 шілде айынан бастап азғантай уақыт «Қызыл бұрыш» ашылған кезде (Бұйрық № 16 пр.1) кітапханашы қызметін Гүлсім. Ихсанова бастады.

1952 жылы Мятова Юлия Филатовна ауыл кітапханасында жұмыс істеді.

1953-1955 жылдар аралығында кітапхана қызметін Нугманов Елемес атқарды.

1955 жылы 5 маусымнан (Бұйрық №92 пр.1) Г.Есенғалиева «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып жұмыс істеді.

1955 жылдың 10 қыркүйегінде (Бұйрық №117 пр.5) «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып А.Кульбаракова жұмыс атқарды.

1956 жылы 25 қазаннан (Бұйрық №137 пр.2) «Қызыл бұрыш» кітапханашы қызметін Истлеуов Рамазан атқарды.

1959 жылы 13 қаңтар айынан бастап (Бұйрық №1 пр.1) Первомай ауылының «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып Хван Галина Александровна атқарды.

1960 жылы 19 шілде айынан бастап (Бұйрық №12 пр.10) Первомай ауылындағы «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып Телеева Сапура жұмыс істеді.

1960-1969 жылдар аралығында ауданның мәдени саласы қарыштап дамуына байланысты Первомай ауылында 1961 жылы типтік мәдениет үйі ішінде кітапхана бөлмесі бой көтерді.

1965 жылы наурыз айынан бастап (Бұйрық №42 пр.2) кітапханашы қызметін Р.Ныазиева атқарды.

1970 жылы 1 шілдеден бастап (Бұйрық № 58 пр.3)Ақтөбе ағарту училищені бітіргеннен кейін кітапханашы болып З.Тажкуранова қызмет атқарды.

1978 жылы кітапхана саласы жүйеге еңгізілуіне байланысты Первомай ауылындағы «Қызыл бұрыш» орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Первомай ауылындағы кітапхана филиалы болып өзгертілді. Филиал меңгерушісі болып 1978 жылдың 1 желтоқсанынан бастап (Бұйрық №65 пр.4)У.Альмуратова жоғарғы білім маман қызметін жалғастырды.

1979 жылдарында Первомай селолық советіне қарасты Шым-құдық ауылдық кітапханасы жұмыс жасады. Сол кезде кітапханашы қызметін Г.Жантешева кітапханашы қызметін атқарды.

Первомай ауылдық кітапханасында әр жылдары төмендегідей қызметкерлер қызмет атқарды:



Шолтанова Бакыт

Губашева Ұлман

Жалелова Рысты

Оразгалиева Нұрпатша

Юсупова Сандугаш Жаңабайқызы

Мухамбетова Ақбөпе Мухамбетқызы


1992 Первомай селолық советінің шешіміне байланысты Шым-құдық селолық кітапханасы Бахирев бөлімшесіне ауыстыруына байланысты 1992 жылдың 12 қарашасынан бастап Бахирев сtлолық кітапханасы болып саналсын. (1992 жылдың 12 қараша №40 бұйрық)

1998 жылдың тамыз айынан бастап Куспангалиева Райса, күні бүгінге дейін ауыл кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарып келеді.

2003 жылдың 3 наурызынан Мәдениет бөлімінің №16 бұйрығы негізінде кейбір ауыл атауларының өзгеруіне байланысты Первомай ауыл кітапханасы Қабыршақты ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.



2009 жылдан бастап Жұмағалиева Марпуға кітапханашы қызметін атқаруда.
Каталог: zkolib -> rus -> nav
nav -> Талдыбұлақ ауыл кітапхана шежіресі Оқырман саны: 650 Кітап берілімі: 16171 дана
nav -> Оқырман саны: 293 Кітап берілімі: 6526 дана. Кітап қоры: 4854 дана
nav -> Белес ауылдық кітапханасы
nav -> Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»
nav -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
nav -> Жарсуат ауылдық кітапханасы
nav -> Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 271 Кітап берілімі: 5361 дана
nav -> Жосалы ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 700 Кітап берілімі: 7592 дана


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет