Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет4/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Бидай-бидайық буданы- бидайды жабайы бидайықпен будандастыру нәтижесінде алынған мәдени өсімдік.

Бидайық- көпжылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азықтық шөп. Мал сүйсіне жейді, әсіресе, масақтанғанға дейін бағалы. Арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Қазақстанда бидайықтың 44 түрі бар.

Биомасса – аудан немесе көлем бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі организмдер мөлшері. Өсімдіктер биомассасы- фитомасса, малдардың – зоомасса деп атайды.

Биосфера (грек тілінен bios - өмір және sphaira – шар) – жер планетасының тірі организмдер мекендеген аймағы, оған жер бетімен атмосфераның біраз бөлігі, гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі жатады. Биосферада жасыл өсімдіктер ерекше рол атқарады, олар фотосинтез процесінде күн энергиясын ұстап атмосфераның газ құрамын үзбей қолдайды.

Биоценоз (грек тілінен bios - өмір, koinos – бірге) – тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі.

Богара ( перс тілінен бехар – көктем) – суармалы егіншілік аудандардағы жерлер, онда а/ш дақылдар суармасыз, көктемдегі жауын шашын мөлшерін пайдаланып өсіріледі.

Ботва (тамырлы өсімдіктердің сабағы, жапырағы) – мал азықты, көкөніс және техникалық тамыртүйнек жемістілердің жер бетіндегі массасы, олар малдарға жасыл немесе сүрлем түрінде азықтандыруға пайдаланады.

Бозқырау (суық ұру) – жағымды орта тәулік ауа температурасында топырақтың және өсімдіктің беткі қабатына өсіп даму кезеңінде температураның 00С төмен түсуі.

Бөрі бұршақ - біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Екпе жемшөп дақылына жатады. Бағалы мал азығы.

Бөлектеп ору- екі кезеңде жинау. Астықты алдымен орып дестелеу, кейін орында бастыру

Букетировка – шоқтатып өсіру үшін мәдени дакылдарды егу әдісі

Бүркеме дақыл – ауыспалы егіс жүйесінде бір танапта қосымша егілетін өсімдік көгін бүркеп қорғаушы дақыл. Мысалы жоңышқа мен арпаны бірге еккен кезде бидай жоңышқаға бүркеме болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет