Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет3/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Астықты кептіру- құрамында артық ылғал бар астықты кептіріп, белгілі қалыпқа келтіру.

Ауа құбылыстарын бақылау (фенология) - өсімдік және жануар тіршілігінде ауа райы жағдайына байланысты құбылыстарды бақылау.

Аудара жырту – тың және тыңайған жерді жырту әдісі. Бұл кезде жер қыртысы 1800 шамасына аударылады.

Ауыл шаруашылығы жері- ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдалнылатын табиғаты қолайлы жер бөлігі: егістік, шабындық, жайылымдық, орман.

А/ш дақылдардың жалпы өнімі– әр түрлі а/ш дақылдардың барлық егіс көлемінде өндірілген және нақты жиналған өнім мөлшері.

Ауылшаруашылық мелиорация- жер қорын тиімді пайдалану үшін топырақ жағдайының қолайсыздығын, ылғал тапшылығын, агроауа райы жайсыздығын жоюға бағытталған, шаруашылық және техникалық шаралар жүйесін ұйымдастыру.

Ауылшаруашылық метеорологиясы - атмосферада болатын құбылыстарды ауыл шаруашылығына қатысты зерттейтін сала.

Ауыр топырақ- құрамы саз болатын құнары нашар топырақ.

Аязға төзімдік - өсімдіктердің 0температурадан төменгі суыққа төзімділігі.

Әсер, ықпал- белгілі бір процеске әсер етуші, себепші, қозғаушы күш.

Балық майы- балықтың бауырынан алынатын май. Каспий теңізінде кездеседі.

Балық ұнтағы- балық өндеу кезінде қалған қалдықтарды ұнтақтап дайындалған мал азығы.

Балауса, шырынды мал азығы- құрамында үйлесімді ылғал көп (70% жоғары) мал азығы: тамыржемістілер, түйнекжемістілер, бақша дақылдар, сүрлем.

Бейтарап топырақ- қышқылдығы мен сілтілігі қалыптағы топырақ.

Белсенді температура – а/ш дақылдардың белсенді өсіп-даму кезеңін сипаттайтын ауа температурасы.

Белсенді желдету –нақты құрамына, температурасы мен ылғалдануна байланысты сақталуға жағдай жасау үшін өсімдіктер массасынан ауаны үрлеу. Пішенді кептіргенде және даярлағанда қолданады.

Бетеге- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Бағалы мал азықтық өсімдікке жатады. Мал жайылғаннан кейін тез өсіп-жетіледі. Көптеген түрлері қолдан егіледі. Қазақтан топырағында бетегенің 20 түрі өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет