Пайдаланған әдебиеттер:
Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М., Агропромиздат, 1985.
Лузько А.Т. Дисперсионный анализ в растениеводстве. Кокшетау, 2008.
Сеитов И.С. Егіс тәжірибелерін жүргізу методикасы. А.: Қайнар, 1990.
Томилов В.П. Практикум по методике опытного дела. М.: Колос, 1991.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ
Тәжірибелік сабақ 1
Агрономиядағы зерттеулердің негізгі әдістері
Тәжірибелік сабақ 2
Егістік тәжірибе жүргізу жагдайы, жер учаскесін таңдау және дайындау
Тәжірибелік сабақ 3
Егістік экспериментті жобалау. Таңдап алынган тақырыпта бір факторлы және көп факторлы егістік тәжірибелер салуды және жүргізу багдарламасын жасау.
Тәжірибелік сабақ 4
Егістік тәжірибеде варианттарды орналастыру әдістемесі.
Тәжірибелік сабақ 5
Егістік тәжірибелерде бақылау және есеп жүргізу жобалау әдістемесі
Тәжірибелік сабақ 6
Егістік тәжірибелерді салу және жүргізу техникасы.
Тәжірибелік сабақ 7
Егістік тәжірибелерде өнімді есептеу әдісі және әдістемесі.
Тәжірибелік сабақ 8
Жайылым және шабындықта, суармалы жагдайда, топырацты жел және су эрозиясынан қорғау тәжірибелерін жүргізудің ерекшелігі
Тәжірибелік сабақ 9
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу негіздері
ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
ОБСӨЖ № 1
Егіс тәжірибесі, оның негізгі түсініктері
Өзіндік тапсырмалар:
1.Ғылыми агрономия әдістері
2.Егіс тәжірибелеріне қойылатын талаптар
3.Егіс тәжірибелерінің түрлері
1. Агрономия – мәдени өсімдіктердің өнімділігіне ары қарай жоғарылатудың және өнім сапасын жақсартудың агротехникалық шараларын және теориялық негіздерін жасаумен айналысады. Ауыл шаруашылығының басты құралы – жер. Жақсы өнім алу үшін мәдени өсімдіктерді өсіру, оны қоршаған ортаны дұрыс пайдалану үшін ғылыми зерттеу жұмысы талапқа сай жүргізілуі қажет. Тәсіл негізінен теорияға сүйенеді, негізгі қолданылатын агрономилық тәсілдері:
лабораториялық - өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың бірі жетіспесе оның өнімділігі кемиді. Сондықтан арнайы дайындалған лабораторияда өсімдіктің өсуіне факторлардың әсерін талдауда лабораториялық тәжірибесі химиялық, физикалық, химиялы-физикалық, микробиологиялық, цитологиялық әдістерге бөлінеді. Өсімдіктер тіршілігінің факторлары ылғал, қоректік зат, жылу, жарық, ауаның әсерлерін анықтауды кәдімгі ыңғайлы дайындалған бөлмелерде жасанды жағдайларда тәжірибе жүргізу арқылы орындалады.
вегетациялық – арнаулы вегетативті жағдайда әртүрлі агрохимиялық немесе физиологиялық мәселелерді шешу үшін өсімдіктерді арнаулы ыдыстарда егіп өсіру, бірақта дайындалған жағдайында агрономилық талаптарға сай жүргізіледі. Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру әдісін тұңғыш рет Франция ғалымы Ж.Б. Буженго қолданды. Вегетативтік әдіс арқылы өсімдікке қажетті қоректі заттардың, сыртқы орта факторларының жылу, ылғал, ауа, жарық, химиялық заттардың әсері және өсімдікке қажетті судың мөлшері зерттеледі. Белгілі бір факторлардың өсімдік тіршілігіне тигізетін әсерін анықтау үшін ыдыстарға топырақ орнына таза құм немесе тазартылған су толтырып, оған қажетті химиялық заттар қосылады. Белгілі бір фактордың өсімдікке тигізетін әсерін өсімдіктің өнімін есептеу, анатомиялық өзгерісін, биохимиялық динамикасын зерттеу арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |