Activstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Активті қалам



бет3/3
Дата22.02.2016
өлшемі271.5 Kb.
#18
1   2   3

Тану құралын қолдану

Енді, тану құралын қолданғанда, ACTIVstudio қолмен жазылған мәтінді мащиналық мәтінге айналдырады. Бірақ та, естеріңде болсын, ол аударма жасамайды.

  1. Көрінетін Торды өшіру

Флипчартқа соңғы штрихтарды қосыңдар. Флипчарт бетінде екі рет шертіп редакторлеу құралы тақтасынан ???? Тор беті құралын таңдап алыңдар. Бұл ауыстыратын-құрал, батырманы тағы да бір шерткенде, функциялар активті болып қалады. Торды жауып қойған кезде, олар көрінбейді, бұдан функциялау тоқтап қалмайды. Соңғы штрих ретінде, құю батырмасымен бетті ашық-көк немесе ашық сары түске бояңдар. Түс өзіңе ұнағанда, флипчартты сақтап қойыңдар.

  1. Перде құралын презентация кезінде қолдану

Флипчарттағы презентацияларды жандандыру үшін ACTIVstudio-ның ???? перде құралын пайдалануға болады. Бұл құралды активтендіргенде, экранды тек қара түсті қалыпта көруге болады. Меңзерді экранның жоғары бөлігінде төмен қарай жылжытқанда экранның ашылғанын көреміз. Оңнан солға, төменнен жоғары немесе сол жақтан оңға қарай экранды ашуға болады. Перде батырмасын алып тастау үшін, сол құралдың үстінен шерту керек. Енді ACTIVstudio-да ешқандай өзгерісті сақтамай жабыңдар.

6 Лабораториялық жұмыс



Суреттермен жұмыс

  1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны іске қосып, Флипчарт 4 терезесін іске қос, соңында жаңа беттер құрыңдар.

Беттің ??? Селектор құралын қолданып, флипчарттың беттерін тексеріп шығып, флипчартты қайтадан сақтаңдар.



  1. Тақырып құру

Мәтін құралын алып беттің тақырыбын құрыңдар. Қаріптің көлемін таңдап «Дүниежүзі картасы» сөз тіркесін жазыңдар.

  1. Жалпы суреттерді қолдану

Кітапхана Ресурсын ашып Жалпы Кітапхана – Жалпы Суреттер – Карталар командасын орындаңдар. Фличарт бетінде «Дүниежүзі материктері» сөзін жазыңдар.

Ескерту: Кітапхана Ресурсы менюімен суреттердің қысқаша аттары жазылмаған, «Жазуларды» таңдап алыңдар. Егер картаны табу қиындық келтірсе, онда кез келген түрлі-түсті картаны пайдалану арқылы табуға болады. Алдағы уақытта үйрену бағдарламасына мұхиттардың аттарын да қосуға болады, бірақ ол үшін бос орын барлығына көз жеткізу керек. Кітапхана Ресурсын жабыңдар.

  1. Аспектілі өлшемді қолдану

Суреттерді бөліп алғанда шетіндегі төртбұрыштарға көңіл бөліңдер. Төменгі оң жақтағы төртбұрышта басқаларына өзгеше өзгеріс бар екенін байқауға болады. Бұл төртбұрыш Объектінің өлшемі (пропорциясын сақтайды). Оны қолданғанда суретті үлкейткенде бастапқы пропорциясын сақтап қалады. Төртбұрыштың көмегімен картаның диагоналы бойынша үлкейтіңдер. Бұл төртбұрышты қолдана отырып, картаны беттің өлшемімен бірдей етіп үлкейтіңдер.

  1. Объектілерді қабаттар арасында ауыстыру

Енді, объектілерді үлкейткеннен кейін, суреттер сапасын жоғалтады. Бұл жағдайды болдырмау үшін, суретті қабаттың астына орналастыруға болады. Суретте екі рет шертіп, объектілерді редакторлеу құралдар тақтасынан Қасиет батырмасын басыңдар. Сыртқы түрді таңдап қабатты ортаңғыдан ең астына жіберіңдер. Картаның суретін қағазда салғандай етіп орналастырыңдар.

Беттің Қасиеті терезесін жабыңдар.



  1. Тамызғыштың көмегімен түстерді өзгерту

Енді флипчарт бетінде Түстер палитрасынан кез-келген түсті таңдап алыңдар. ????? Тамызғыш құралын таңдап алғанда, түс таңдап алынған болса, тамызғышты қолдансаң, онда түсі өзгереді де флипчарт бетінде жаңа түске енеді. Ашық көк түсті таңдап алыңдар. Түстер палитрасында басқа үш түрлі жасыл түс бар. Қандай түспен бояу өз еркің. Тамызғыш активті болып тұрғанда, картада меңзер + таңбасына ауысады. Бетте Тамызғышты басқанда түс + таңбаның астында болады. Дүние жүзінің картасынан Антарктиданы белгілеп алып, ашық түстің бірін таңдаңдар. Жаңа түс алдыңғы түсті ауыстырып активті болады. Құю құралымен жұмыс жасап көріңдер. Материктің бірін немесе фонын жаңа түспен бояңдар.

Егер де өздеріңе ұнаса, өзгерісті сақтап қоюларыңа болады немесе Болдырмау батырмасын басып алдыңғы жұмысты бастаған жерлеріңе қайта келулеріңе болады.



Ескерту: егер де түсті қателесіп алсаңдар, онда Басты менюден және Студияны баптау параметрлерін – Құралдар тақтасынан – Барлық құралдар тақтасын алып тастау батырмаларын шертіңдер. Бірақта естеріңде болсын, құралдар тақтасындағы барлық баптаулардың түгелге дерлік алып тасталады.

  1. Суретті үлкейту үшін бетте Зум құралын қолдану

???? Зум құралын таңдап алып, батырманы басып тұру қажет. Бір-екі секундтан кейін флипчарт беті үлкейе бастайды.

  1. Масштаб батырмасын қолданып бетті қалпына келтіру

Тышқанның оң жақ батырмасын басып ұстап тұрғаннан ерекшелігі суретті бастапқы қалпына келтіреді. Бірақ та, көлемді кішірейту әдісі – бұл қайтадан Тақырып тақтасынан Көлем батырмасын таңдап алып, Бастапқы Көлемді таңдауға болады.

  1. Суреттің нақты түсін таңдау

Суреттің арнайы түсін таңдап өзгерткен кезде бетте көлем құралын пайдалану өте ыңғайлы. Картадан қара сызығын таңдап алып оның Көлемін өзгертейік. «Африка» сөзіндегі әріптерді үлкейтеміз. Ол үшін Түстер палитрасынан сызықың түсін таңдаймыз. Көлем батырмасын басып, бетті бастапқы қалпына келтіріңдер.

  1. Мәтіндік объектінің түсін өзгерту үшін, Құю құралын қолдану

??? Құю құралын таңдап алып, жаңа түспен беттің тақырыбында әрбір сөзді бояңдар. Абайлаңдар, әріптің үстінде шертіңдер, басқаша жағдайда түс барлық бетке құйылып кетеді. Түс аздап қана өзгереді, таңдап алынған түске байланысты.

  1. Мәтінді беттегі ескертуге сақтау

??? Ескерту бетінде басыңдар. Терезеде Мұхиттардың тізімін жазыңдар:

Атлант мұхиты

Тынық мұхиты

Солтүстік Мұзды мұхиты

Антарктида мұхиты

Үнді мұхиты

Егер де терезеде картаны анық көрсетпесе, оны терезенің оң жақ жоғары шетіне қойыңдар. Терезенің шетіндегі батрымаларды пайдаланып, қажет болса терезенің көлемін өзгертіңдер. Беттегі Ескерту терезесін жабыңдар. Флипчартты сақтаңдар, бұл мезетте Ескерту автоматты түрде сақталады.


  1. Флипчарт бетіндегі Ескертуге мәтін қосу

Флипчарттағы Презентация кезінде бетке ???? Ескерту қоюға болады. ACTIVstudio Ескерту терезесіне қойылған баптауларды сақтап қалады. Бірінші мұхиттың атын белгілеп алып, «Бетке қосу» батырмасын басып терезедегі Ескертудің төменгі жағына қосыңдар.

Мұхиттың аттарын картадағы дұрыс орындарына қойыңдар. ACTIVstudio бағдарламасын жабыңдар. Флипчартты сақтамаңдар, себебі ондағы жазулар беттің келесі беттерінде де пайда болады.

7 Лабораториялық жұмыс

Сандар


  1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны іске қосыңдар және Менің флипчартымнан Флипчарт 5 ашыңдар. Бетті таңдап 7 бет құрыңдар. Қайталап сақтаңдар Флипчарт 6 атымен сақтаңдар. Сандар тақырыбын жазыңдар. Мәтінді редакторлеу құралдарын жабыңдар.

  1. Сызғыштың мүмкіндіктері

Негізгі құралдар тақтасын іске қосыңдар. Сызғыш (см) құралын таңдап алыңдар. Сызғыш бетте пайда болуы керек. Сызғыштың төменгі жағына меңзерді қойсаңдар, меңзер + таңбасына айналады. Бұл сызғышты қозғалтуға мүмкіндік беретін таңба. Сызғышты терезенің ортасына қойып, меңзерді оның жоғарғы жағына орналсатырғанда меңзер айналдыру таңбасына ауысады.

Сызғышпен жаттығыңдар, айналдыру бұрышына көңіл бөліңдер – сызғышпен горизонталь аралығында – сызғыштың ортасында көрінеді. Сызғышта екі рет шертіңдер, математикалық құралдар тақтасы ашылады. «Объектінің көлемін үлкейту» батырмасын шертіңдер. Сызғыш ұзарады. «Объектінің көлемін кішірейту» батырмасын шертіңдер. Сызғыш қысқарады. өшіру батырмасын шерткенде сызғыш жоғалады.



  1. Сызғыштың көмегімен үшбұрыш салу

Қайтадан сызғышты (см) таңдап алыңдар. Құралдар тақтасын жабыңдар. Сызғышты екі рет шертіп ұзандығын 16 см өзгертіңдер. Математикалық құралдар тақтасын жабыңдар. Сызғышты флипчарт бетінің төменгі жағына қойыңдар. Негізгі құралдар тақтасынан Қаламды таңдаңдар. Меңзерді сызғыштың үстіне келтіріңдер, меңзер қарындашқа айналады түзу сызық жүргізуге болатын. 0-ден 16-ға дейін сызық жүгізіңдер. Сызғышты сағаттың бағытына қарсы айналдырып 40 градусқа 0-ден 16-ға дейін сызық жүргізіңдер. Сызғышты айналдырып үшінші сызықты салыңдар да: А, В және С әріптерімен бұрыштарын белгілеңдер.

  1. Транспортирді қолдану

???? Құралдар тақтасынан 180-градустық транспортирді алыңдар.

  1. Толықтырылған сегмент құру

Транспортирді центрі (0) келтіріңдер. Транспортирге екі рет шертіңдер, математикалық құралдар тақтасын іске қосыңдар. Бірнеше рет «Объектінің көлемін кшірейту»батырмасына шертіңдер. Енді қаламның көмегімен транспортирдің шетінен сызық жүргізіңдер. Жұмысты аяқтағанда сегмент толықтырылады. Транспортирді жылжыта отырып басқа түстермен тағы да екі сегмент жасаңдар. Соңында үш сегменттен 180-градус үшбұрыштар шығуы тиіс.

  1. Тордың фиксациясын қолдану

Флипчарттың келесі бетіне өтіп, кітапхана ресурсын іске қосыңдар. Жалпы суреттер ішіненТорды таңдап, 1 х 1 торын алып шығыңдар. Торда екі рет шертіп бетті редакторлеу құралдар тақтасын іске қосыңдар. «Объектінің көлемін ұлғайту» батырмасын шертіп, көлемін шамамен 12 х 9 квадратына жеткізіңдер.

  1. Координат құру

Қалам құралында екі рет шертіп, Қаламның Модификаторын іске қосыңдар. Түзу вертикальды және горизонтальды сызықтарды қолдана отырып (көлемі -4, түсі – қызыл)беттің ортасында қиылысатын вертикальды және горизонтальды осьтер сызыңдар. Қаламынң Модификаторын жабыңдар.

  1. Үшбұрыш салу

Қаламның Модификаторын қолдана отырып үшінші сызықты сызып, жасыл түспен үшбұрышты бояңдар. Қаламның Модификаторын жабыңдар.

Үшбұрышта екі рет шертіп объектіні редакторлеу тақтасын іске қосыңдар. «Қасиет және іс-әрекет» белгісін шертіңдер. «Топтау» жолын таңдап шертіп, терезені жабыңдар.



  1. Торды жасыру

Беттің бос аймағында екі рет шертіп, объектіні редакторлеу құралын іске қосыңдар. ??? «Торды жасыру» батырмасын таңдағанда, торды жасырады, бірақ та ол өшірілмейді. Объектіні редакторлеу құралдар тақтасын жабыңдар.

  1. Сандардың басқа құрылғылары

Құралдар тақтасында тағы да арнайы жасалған үш құралдар бар: бөлшек, экран пернетақтасы және циркуль

Бөлшек құру - ??? батырмасын шерткенде «Фрагмент құру» жаңа терезе ашылады.

Ескерту: бөлшек тақта немесе планшет компьютерге қосылғанда ғана жұмыс жасайды. Төменгі жоғарғы бөліміне 1 және төменгі бөліміне 2 санын жазыңдар да, ???? «Флипчарт бетіне қосу» батырмасын шертіңдер. Бөлшекті экранға шығарғанда Мәтін қолданылады. Бөлшекті өшіріп бөлшек құру тақтасын жабыңдар.

???? Экран пернетақтасы батырмасын басып іске қосыңдар. Экран пернетақтасының қызметін атқарады. Егер де тышқанның оң жақ батырмасын шертсеңдер сыртқы түрі ауысады және кез келген символдарды экранға енгізе аласындар.

???? Циркуль – кез келген түсте, сызықтың көлемінде доға, шеңбер сызу үшін қолданылады. Циркуль батырмасын іске қосыңдар. Циркульдің әр түрлі секциялары бар.

Қаламда меңзерді қойып доға саламыз. Біраз циркульмен көреміз. Циркульде екі рет шерткенде математикалық құралдар тақтасы іске қосылады. Циркульді беттен өшіріп, флипчартты сақтап, ACTIVstudio бағдарламасынан шығамыз.



  1. Калькулятор құралы

Ол арифметикалық өрнектерді есептеуге негізделген құрал. Бұл калькулятордың басқа калькулятордан ерекшелігі онда екі индикатор орналасқан, біріншісі – сандар жазылса, ал екінші индикаторда арифметикалық өрнектер көрсетіледі.

  1. «Мои телеграфные ленты» құралы

Бұл құрал мәтіндік хабарламаны құру үшін қолданылады. Құралға мәтіндік хабарламаны жазу үшін келесі әрекеттер орындалады:

    • Мои телеграфнве ленты Создать Определить....

    • «Определитель телеграфные ленты» терезесі шығады

    • Терезеге қажетті мәтіндерді жазамыз және қажетті қаріптер өлшемі, түстері, мәтінге көлеңке түсіру әрекеттері жасалады.

8 Лабораториялық жұмыс



Сілетемелер

  1. Жұмыстың басталуы

ACTIVstudio-ны іске қосыңдар және Менің флипчартымнан Флипчарт 6 ашыңдар. Бетті таңдап 9 бет құрыңдар. Қайталап сақтаңдар Флипчарт 7 атымен сақтаңдар.

  1. Сілтеме объектісін анықта үшін веб-браузерді қолдану

Негізгі құралдар тақтасынан ??? «Арнайы құралдар» батырмасын шертіңдер. Арнайы құралдар тақтасынан ??? Веб-браузер батырмасын шертіңдер. ACTIVstudio-ның Веб-браузері іске қосылады. Адрес жолында www.nasa.gov/home теріп, пернетақтадан ENTER батырмасын шертіңдер. NACA веб-сайты іске қосылуы керек.

«Сілтеме» батырмасын шертіңдер және «Мәтін объектісін URL ретінде қосу» таңдаңдар. Флипчарт бетіне сілтеме мекен жайы қосылады. Браузерді жабыңдар.



  1. Іс-әрекеттерді активтендіру

Флипчарт бетінде батырманың оң жақ батырмасын шертіңдер. Егер де тақтада жұмыс жасайтын болсаңдар, оң жақ батырманы басу үшін, алдымен ACTIVpen-ді қажетті жерге апарып, қаламның батырмасын шертіңдер. Оң жақ батырманы шерткенде флипчарт бетінен: Тез таңдау құралының тақтасын немесе жанама менюді көре аласыңдар.

Бұл оқыту бағдарламасында Тез таңдау құралының тақтасын өшіріп қойған дұрыс. Егер де Тез таңдау құралының тақтасын көрмеген болсаңдар, онда оң жақ батырманы шертіп, келесі параграфты іске қосыңдар.



Басты менюден – Студияны баптау – Құралдар тақтасы және «Тез таңдау құралының тақтасын» таңдау командасын орындаңдар. Бетте оң жақ батырманы шертіп, контексті менюден «Іс-әрекеттерді активтендіру» командасын белгілеңдер. Сілтемелер жұмыс жасау «Іс-әрекеттерді активтендіру» командасын іске қосу керек. Меңзерді адрес жолына орналастырыңдар, таңбаның өзгергенін байқауға болады. Бұл сілтеменің активті екенін білдіреді. Ол жерде шертсеңдер веб-бет ашылады. Браузердің оң жақ шеттегі + таңбасын шертсең, қайтадан ол жерден шығасыңдар.

  1. Іс-әрекеттерді деактивтендіру

Сілтемелер бетке қойылғанда сенің қалаған жеріңде орналаспауы мүмкін. Ал осы мезетте сілтемелерді қою өте қиын, себебі NACA сайты сілетемге басқан сайын қосыла береді..

Флипчарт бетінде қаламның оң жақ батырмасын шерт, жанама менюден «Іс-әрекеттерді активтендіру» командасын таңда. Енді сілтемені беттің кез келген жеріне қоюларыңа болады.





  1. Сілтеме объектілерінің стилін редакторлеу

Іс-әрекеттер активтедірілмеген жағдайда, мәтін түсін және көлемін редакторлеуге болады. Кез келген мәтінде алып онда екі рет шертіңдер. Мәтінді редакторлеу құралын таңдап алыңдар. Мәтінді редакторлеу құралы тақтасынан «Барлығы» батырмасын басып, веб-сайт NACA сөзін ашық жасыл түспен және 48 көлеммен редакторлеңдер. Мәтінді редакторлеу құралын жабыңдар. Флипчарт бетінде батырманың оң жақ батырмасын шертіп жанама менюді ашып «Іс-әрекеттерді активтендіру» жолын таңдаңдар. Енді меңзерді мәтінге қойып, сілетеменің жұмысын тексерейік.

  1. Флипчарт бетінде веб-сайт кескіндерін қолдану

Веб-сайт NACA кескінін табу үшін өздерің жасаңдар, NACA сілтемесін шертіп, веб-сайтты ашыңдар. Жердің кескінін табу үшін, келесі адрестен іздеңдер:

http://grin.hq.nasa.gov/IMAGES/SMALL/GPN-2000-001138.jpg

бұл суретті сақтаудың әдістері:



  • Компьютерде сақтаңдар

  • Флипчарт бетінде орналастырыңдар

  • Камера құралын қолданыңдар.

Біз әрбір әрекетті жеке қарастырамыз

  1. Суретті флипчартта қолдану үшін сақтау

Суретті браузерден компьютерде сақтауда болады. Батырманың оң жақ батырмасын шертіп «Суретті қалай сақтау» командасын таңдаңдар. Суретті ACTIVstudio бумасына сурет ретінде сақтаңдар. Кітапхана Ресурсын ашыңдар. «Басқа бумадан іздеу» батырмасына басыңдар. «Бумадан іздеу» терезесінде суретті орналастыратын орын қарастырыңдар. ОК батырмасын шерткенде сурет кітапхана ресурсына орнластырады. Бұл мезетте сурет флипчарт бетіне орналастырылады. Ал біз суретті алудың басқа жолдарын қарастырамыз. Сол себепті кітапхана Ресурсын жабыңдар.

  1. Браузерден бетке орналастыру

Қайтадан веб-браузерді іске қосыңдар. Фотография веб-браузерде болуы керек. Басқа жағдайда адресін көрсетіңдер. Орналастырып болғаннан кейін меню пайда болады. «Объектіні қосу» жолын таңдаңдар, сурет бетте болуы керек. Беттегі суретті өшіріңдер.

  1. Фотоаппарат құралын пайдалану

Интернет-браузерді ашып, толық суреттің көрінетіне көз жеткізіңдер. Негізгі құралдар тақтасынан ??? Фотоаппарт құралына басыңдар. Пайда болған менюден «Аймақ» жолын таңдап алыңдар. Браузер терезесінде көптеген төртбұрыштар және Фотография құралдар тақтасы пайда болады. Бөлінетін аумақты суреттің қажетті аймағын белгілеп алыңдар. Фотография құралдар тақтасына оң жақ батырманы басңдар. Бұл суретті флипчарт бетіне көшіріп алады. Браузерді жабыңдар. Суретті жылжытып орналастырыңдар.

  1. Суреттерге сілетмелер қосу

Суретте екі рет шертіп «Қасиет және іс-әрекет» терезесін ашу үшін ??? «Қасиет» белгісінде шертіңдер Сол жақтағы тақтадан «Іс-әрекет» жолын таңдаңдар. Сұқбат менюінен «Құжат немесе файл» жолын таңдаңдар. Терезеде www.nasa.gov/home адресін жазып, ОК батырмасын шертіп «Қасиет және Іс-әрекет» терезесін жабыңдар. Енді суретке басқанда веб-сайт NACA іске қосылады.

Ескерту: сайт адресі өте ұзын болуы мүмкін. Оңай жолы адрес жолындағы сілтемені көшіріп алып, «Жол енгізу/файл аты немесе URL» жолына қоюға болады.



  1. Мәтінді сайттан флипчарт бетіне көшіру

Мәтінді сайттан флипчарт бетіне жиі көшіріп алуға болады. Ал қазіргі жағдайда http://www.nasa.gov/facts сайтына кіріңдер. Флипчарттағы ACTIVstudio веб-браузері қосылып тұрғанын анықтап алыңдар. Мәтінді таңдап алыңдар. Біз келесі мәтінді таңдап алдық: «Акроним НАСА толықтырылып оқылғанда Ұлттық Аэронавтика и Космос Әкімшілігі».

Флипчартқа мәтінді көшірудің екі жолы бар:



  1. Веб-сайттан флипчартқа мәтінді көшіру

  2. Тышқанның оң жақ батырмасын шертіп «Көшіру» командасын орындау.

  1. Аудио-файлға сілтемелер

Кітапхана Ресурсын ашыңдар. Жалпы кескіндер таңбасына белгілеп, Жердің суретін тауып, флипчарт бетіне орнластырыңдар. Жердің суретінде екі рет шертіп, «Қасиет және Іс-әрекет» терезесінен «Іс-әрекет» панелін таңдаңдар. Пайда болған менюден «Дауыс қосу» жолын таңдап, «Баптау» командасын орындаңдар. Барлығын аяқтағаннан кейін сілтемені тексеріңдер. Флипчартты сақтап ACTIVstudio бағдарламасынан шығыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет