Адам болмысы


АДАМНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАБИҒАТЫ



бет2/4
Дата29.03.2024
өлшемі103.5 Kb.
#496926
1   2   3   4
АДАМ ФИЛОСОФИЯСЫ

АДАМНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАБИҒАТЫ
Адам - қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан, - денесі, екінші жағынан, сана, рухы бар. Оның тіршілігіне су, ауа, жылу, қоректену, ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет. Ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер жануар инстинктеріне сүйенсе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол - өз-өзін бақылауға ала алатын пенде.
Десек те, адамның ішкі қайшылығы философияда әртүрлі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.
Жаңа Дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған (негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге болар еді.
Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген пікір қалыптасқан. Оған нәсілшілдік, әлеуметтік-дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады.
Нәсілшілдіктің тарихи пайда болған ең біріншісі - ақ түсті адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бәрін - артта қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен, - деп түсінеді.
Бүгінгі таңдағы жаһандану заманында, елдер мен халықтардың бір-бірімен терең қатынастарға түсуі, бір-бірінің жетістіктерімен бөлісуі қайсыбір нәсілшілдікті тамырынан шабады.
Ең соңында, олардың түп-тамыры бір екенін генетикалық тұрғыдан дәлелдеуге болатыны туралы идеялар айтылады. Бұл әртүрлі нәсіл өкілдерінің бір-біріне генетикалық деңгейдегі сәйкестігін көрсетеді.
Әлеуметтік дарвинизм бағыты да қоғам өмірін адамдардың өмір сүру үшін күресінен, табиғи таңдау, тұқым қуушылықтан көреді, яғни биологиялық эволюционизм заңдылықтарын қоғамға таңады.
Социобиология жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жануарлардың да әлеуметтік қасиеттерінің бар екенін айтады. Мысалы, жануарлардың альтруистік инстинктері (баласын қорғап қалу жолында өз өмірін беруге дайындығы, оған деген қамқорлыгы, үйір шеңберіндегі өзара көмек беру т.с.с.)
Әлеуметтіліктің алғашқы негіздері тобыр шеңберінде пайда болатыны жөніндегі қорытынды осылай өмірге келеді.
Әлеуметтік редукционизмнің шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады. Бұл ілімдегі түсінік бойынша, адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан «қоғамдық катынастар жиынтығы» құрайды, яғни ол - оның әлеуметтілігінде.
Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік табиғаты мойындалды. Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді. Күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін байқауға болады (ауа қысымының өзгеруі, геомагниттік дауылдар, күн сәулесінің күшеюі т.с.с. табиғи құбылыстардың адамға тигізетін ықпалы). Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді (өмірге келу, балалық, жастық шақтар, ересек өмір, кәрілік, дүниеден озу). Әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын мойындамасқа болмайды.
Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан зор рөлін көрсетпесе, тағы да болмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді.
Егер әуенге деген аса дарыны бар сәби дүниеге келсе, оған арнаұлы білім беріп, оны әлпештеп өсірсе, ол ұлы композитор, я болмаса орындаушы болуы мүмкін. Бірақ ондай жағдай жасалмаса, оның дарыны сөніп, асып кеткенде «ауылдың домбырашысы» ғана болып қала береді.

Адамзаттың ғылыми-техникалық орасан зор қарқынмен дамуы бүгінгі таңда адам өміріне бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлерді тудыруда. Бірінші күрделі мәселе - жантүршігерлік күші бар соғыс қару-жарақтарының жыл сайын жаңа түрлерінің пайда болуында. Егер бұрын жеке адамдар өлгенімен, бүкіл адамзат өмірде қала беретініне ешкім күмәнданбайтын. Бүгінгі таңда адамзат толығынан құрып кетуі мүмкін. Ол әрбір адамды алаңдатады.


Екінші үлкен қауіп - экологиялық апаттың бүкіл жер бетінде етек алып кету мүмкіндігі. Өйткені лас ауа мен суға қоятын мемлекеттік шекара жоқ!! Бүгін адам өмір сүруінің екі жағы бір-біріне қайшы келді. Бір жағынан, біз табиғатгың ажырамас бөлігіміз, екінші жағынан табиғат - біздің арғы анамыз.
Айтылған қауіп-қатерлерден кем емес, бірақ та қоғамдық сананың назарына әлі дұрыс ілікпеген үлкен мәселе адамның тұлға ретіндегі био-әлеуметтік табиғатын сақтап қалуы болып отыр. Кейбір ғалымдар оны «антролологиялык дағдарыс» дейді. Оның терең мәні - адамзат жыл сайын ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып, өз Дүниесін күрделендіруде. Ол оның жақсы жақтарын пайдаланғанмен, өмірге келеңсіз, өз табиғатына карсы жатқан салдарларды тудырып, көп жағдайларда оны бақылай алмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет