1.2. Қозғыштық және қозу
Әрбір ағза өзін қоршаған орта факторларының өзгеруіне бейімделіп, тұрақты жағдайда тіршілік ету үшін көптеген тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігі болу керек.
Тітіркендіргіш – бұл кез келген фактор, оның әсері ағзаға, ағзалар жүйесіне немесе оның жеке бір бөлігіне әсер етуге бағытталған.
Тітіркендіргіштер шығу тегіне қарай: а) физикалық (жарық, дыбыс, денені дөңгелетіп айналдыру, қуықтың қабығының керілуі немесе көзге түскен қиқым, электр тоғының әсері, т.б.); ә) физика-химиялық тітіркендіргіштер (осмостық қысымның өзгеруі, қанның рН өзгеруі, электролиттік құрамы, коллоидты күйі, т.б.); б) химиялық агенттер (қоректік заттар, улы заттар, дәрі-дәрмектер, микробтардан бөлінетін токсиндер, өндірістік факторлар, биологиялық активті заттар, әсіресе, өсімдіктерден бөлінетін, күнделікті тұрмысқа пайдаланатын химиялық заттар, т.б.) сияқты әртүрлі болуы мүмкін.
Осындай қозғыштық қасиеті бар тканьдерді қозушы тканьдер деп атайды. Бұл тканьдерге: нерв ткані (рецептор, нерв талшығы, нерв клеткасы-нейрондар); ет ткані (қаңқа еттері, ішкі мүшелердің қабырғасындағы бірыңғай салалы еттер, қан тамырларының қабатындағы), безді ткані (ішкі және сыртқы секреция) жатады.
Қозғыштық – ол тканьнің қасиеті, қабілеттілігі, ал қозу – бұл күрделі үдеріс. Сондықтан да қозғыштық қасиетін байқау, көру, анықтау үшін сол тканьді тітіркендіру арқылы анықтап, тіркеуге болады. Әрине, оны зерттей білу, көру макродеңгейде, микродеңгейде жүргізіліп анықталады. Микродеңгейде, ол тканьге тән сол мүшенің қызметі, мысалы, еттің жиырылуы, ал микродеңгейде әрекет потенциалының пайда болуы. Сондықтан қозу үдерісінің ең бір жалпылама, айқын көрінісі “әрекет потенциалымен” тығыз байланыстылығы.
Қозуды анықтаудың ең басты өлшемі – тітіркендіргіш порогы немесе тітіркендіргіштің минималды күші. Олардың ішінде біреулері өте нашар дыбысты жақсы естісе, керісінше, нашар дыбысты естімейтіндер, тек жоғарғы қатты дыбысты естиді. Сонымен тітіркендіргіш порогы немесе тітіркендіргіштің ең минималды күші дегеніміз – жеткілікті мөлшерде қозуды тудыратын күші.
Достарыңызбен бөлісу: |