С инапстік байланыстар аксондардың (А), сомалардың (С) (сома-дене) және дендриттердің (Д) араларында болады. Жүйке жүйесінде синапстардың жеті түрі бар: А Д; А С; А А; Д Д; Д С; С Д; С С. Стрелка синапстың морфо-
логиялық полярлық құрылысын және ақпараттың жүру бағытын көрсетеді.
Осылардың арасындағы ең бір жиі кездесетін түрлері синапстің екі типі. Олар: аксон-дендрит және аксон-сома арасындағылар.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап морфологиялық және биохимиялық зерттеулердің нәтижесінде синапстердің ультра құрылымдары айқындала бастады. Синапстердің мөлшері өте кішкентай, шамамен, 1 микронға тең (1 микрон мкм10-6м). Сондықтан да электронды микроскоп синапстің құрылымын зерттеп білудегі ең басты құрал болып табылады. Синапстік байланыста ақпараттар көп жағдайларда химиялық жолмен, оның ішінде ерекше заттар медиаторлар арқылы беріледі, кейбір жағдайда электрлік импульс түрінде жүреді.
4-ТАРАУ
3.4. ОрталыҚ нерв жҮйесі (ОНЖ)
5,6 -дәріс жоспары
4.1. Орталық нерв жүйесінің эволюциялық дамуы жайлы қысқаша түсінік
4.2. Жұлын
4.3. Жұлынның рефлекторлық қызметі
4.4.Бас миы. Ми бағанасы
4.5. Сопақша ми
4.6. Көпір (Варолий көпірі)
4.7. Ортаңғы ми
4.8. Ортаңғы ми
4.9. Таламус
4.10. Алдыңғы ми. Ми қыртысы асты ядросы
4.11. Мишық
4.12. Электроэнцефалографияның (ЭЭГ) нейрофизиологиялық негізі
4.13. Үлкен жарты шарлар қыртысы
4.14. Ми қыртысындағы электрлік құбылыс
4.15. Вегетативтік нерв жүйесінің қызметі
4.1. Орталық нерв жүйесінің эволюциялық дамуы жайлы қысқаша түсінік
Тірі ағзалардың эволюциялық даму барысында біртіндеп нерв жүйесі күрделене бастады (централизация және цефализация), осыған байланысты олардың мінез-құлықтары да өзгерді.
Нерв жүйесі дамуының кезеңдеріне қозу жіберсек, олардың бірнеше кезеңнен тұратыны байқалады. Қарапайымдыларда нерв жүйесі жоқ, бірақ кейбір инфузорияларда клетка ішінде қозғыш фибриллярлы қозғыш аппараттарын кездестіруге болады.
Организмдердің көп клеткалы түріне өтуіне байланысты нерв жүйесінің біртіндеп күрделене бастағанын аңғарамыз. Қозуға қабілеттілігі бар мамандандырылған тканьдер қалыптасады.
Орыстың атақты физиологы, ғалым И.П.Павловтың айтуынша: “Сыртқы және ішкі ортадағы көптүрлі өзгерістерге әрбір тірі организм табиғаттың бір бөлігі сияқты, белгілі бір оқшауланған жүйе ретінде өзін-өзі тепе-теңдік күйге келтіруге тырысады”.
Достарыңызбен бөлісу: |