«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет25/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

3.7. Синапс

1897 жылы ағылшын физиологы Чарлз Скотт Шеррингтон (1857-1952) ең бірінші рет ғылымға «Синапс» деген ұғымды енгізді. Бұл гректің «Синапс» қосу, байланыстыру деген сөзін білдіреді.


Сонымен синапс дегеніміз – безді жасушалармен нейрондардың, нейрондар мен бұлшық еттердің, нейрондармен жүйке жасушаларының арасындағы арнайы морфологиялық құрылымнан тұратын «байланыстырушы». Осы синапстер арқылы ақпараттар бір жасушадан екінші жасушаға беріледі. Нейрондардың арасындағы «байланыстар» кездейсоқ емес, олар арнаулы жасуша аралық байланыстарды күшейтетін, өзіне тән ерекшеліктері болатын құрылымдар.
Синапстің құрылысын қарастырмастан бұрын, нейрондар жайлы мәліметтерге тоқталған жөн.
Бас миы қарапайым нәруыздар – нейрондардан тұрады. Морфологиялық және биохимиялық жағынан нейрондар басқа жасушаларға қарағанда ерекше.
Әрбір нейрон немесе нейрондар тобының өзіне тән биохимиялық куәліктері (паспорт) бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы құрамындағы нәруыздардың саны мен сапасы жағынан және атқаратын қызметіне байланысты болады. Сондықтан да әрбір нейрон «өз алдына бір тұлға» деп есептеледі. Нейрондар тірі организмдердің құрамын-дағы ең бір «еңбекқор», «шаршауды білмейтін» жасушалардың бірі болып есептеледі. Тіпті, бас миы нейрондары адам ұйықтап жатқанда да, жұмысын атқарып жатады. Басқа жасушалардан ерекшелігі нейрондардың мөлшері үлкенірек, өте жиі тарамдалған түйіршікті эндоплазмалық торлардан тұрады. Осы қасиетіне сәйкес бұл жерде нәруыздың синтезделу үдерісі өте жоғары жылдамдықпен жүретіндігі, оның басты куәсі болып табылады. Олардың пішіндері де әртүрлі, ұзын, сопақша, әр мүшеде, ұлпаларда әртүрлі болады.
Нейрондардың тағы да бір ерекшелігі жасушасында көптеген қысқа, жіңішке өсінділері (дендриттер) және бір ғана ұзын, жуан өсіндісі (аксон) болады.
Әрбір сүтқоректілердің орталық жүйке жүйесінің нейрондарының өзіне тән “әлеуметтік белгісі” болады (морфологиялық, биохимиялық және функционалдық ерекшеліктері, өсінділерінің тармақталуы, синапстердің саны, синапс баспалдақтарының иерархиялық деңгейі, т.б.). Мысалы, адамның бас миында 1012-1013 жасуша бар. Синапстерінің саны да бас миы мен жұлында 60–80-ға тең. Әрбір нейронға мыңдаған басқа нейрондардан ақпараттар келіп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет