«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет39/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

6.8. Тканьдік гормондар

Биологиялық активті заттар арнаулы ішкі секреция бездерінде ғана жасалып қоймай, әртүрлі ағзаларда да түзіледі. Мысалы, полипептидті құрылысы бар гормондардың бүтіндей бір тобы ас қорыту жолдарында да түзіледі. Олар ас жолының қозғалуына, секреция бөлуіне, асты ыдырату, сіңіру, т.б. үдерістерге қатысады. Бұл гормондарға: секретин, холецистокинин, панкреозимин, гастроингибирующий полипептид (ГИП), вазоактивті интерстициалды полипептид (ВИП), гастрин, бомбезин, мотимин, химоденин, ПП – ұйқы безінің полипептиді, соматостатин, энкефалин, нейротензин, вещество П, вилликинин, самотастатин, т.б. жатады. Кейбір полипептидтер ОНЖ, медиаторлық қызмет атқарады.


Бүйректе де ренин және эритропоэтин болады. Жемсау безі, Т – лимфоцит жасаушы және полипептидті гормон тимозин бөліп шығарады.
Кейбір мүшелер мен тканьдерде серотонин, гистамин және простогландин деген гормондар бөлініп шығады. Серотонин – ОНЖ медиаторы. Кейбір тканьдерден бөлінген серотонин қан тамырларының, бірыңғай салалы еттердің жиырылуын қамтамасыз етіп отырады.
Гистамин ауруды сездіруші медиатор, қан тамырларының қабырғасын кеңейтіп, оның өткізгіштік қабілетін арттырады.
Кейбір толық қанықпаған май қышқылдарының туындысы простогландин, бірыңғай салалы еттердің жиырылуын жоғарылатады. Бұл гормон клиникада асқазанның жарасын емдеуге пайдаланады, себебі пепсин мен тұз қышқылының секрециясын тежейді. Көптеген бездердің қызметін реттеп отырады. Простогландин сары денешік прогес-тронды бөлуін тез тоқтатады. Симпатикалық нервті тітіркендіргенде бүйрек үсті безінен норадреналиннің бөлінуін тежейді.
Нейропептидтер де тканьдік гормондарға жатады, олар, көбінесе, бас миында түзіледі.
6.9. Қалқанша без

Қалқанша без фолликулдардан және парафолликулды тканьдерден тұрады. Фолликулдардың іші толған жоғары гормондық активтілігі бар қоймалжың сұйықтық. Қабырғасы эпителийлі безді клеткадан тұрады. Без қан және нерв тамырларымен өте бай жабдықталған. Бір минуттың ішінде безге 3-7 есе өзінің массасынан артық қан ағып өтеді.


Без қызметінің жас балада төмендеуі кретинизм ауруына шалдықтырады. Бойы өспейді, дене бітімінде біркелкілік жоқ, ақыл-ойы нашар дамыған. Тілі аузына симай шығып тұрады.
Егер осындай жағдай ересек адамдарда болатын болса, онда микседема деген ауру орын алады. Зат алмасу 30–40%-ға төмендейді. Микседема латын тілінен аударғанда “сұйықтық ісіну” деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет