«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет36/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

6.3. Гормондардың қорлануы

Белокты және полипен гормондар гладулоциттердің цитоплазмасындағы везикулаларда немесе секрет бөлетін гранулаларда жинақталады. Гранулаларда гормондардың қорлануы ең бір пайдалы жайт, себебі клетка ішіндегі әртүрлі үдерістердің салдарынан ыдырап кетуі де мүмкін, ал екінші әдістерінің бірі – қорлануда гормондардың басқа молекулалар мен химиялық элементтермен байланысқа түсуі (мысалы, цинкпен инсулин). Осындай комплексті қосылыстар түзу арқылы цитоплазмада көпке дейін сақталуы мүмкін.


Гормондардың секрециясы, оның ішінде белокты және полипептидті гормондардың экзоцитозы арқылы болады. Эндокринді клеткалардың гранулаларында микротүтікшелер болады. Олар белок тублин полимерінен тұрады.
Тасымалдануы. Кейбір гормондар (оның ішінде стериодты және иодтиронинді) қанға түскеннен кейін бірден плазмалық белоктармен байланысқа түседі.


6.4. Гормондардың әсер ету механизмі

Қазіргі кезде теория бойынша гормон әсер ету механизмдерінің бірнеше кезеңдерден тұратындығы көрсетілген. Бірінші кезеңі – гормондардың өзі әсер етуші нысана клеткаларын “танып-білу”, екінші кезеңі – спецификалық гормондардың нысана клеткасындағы рецепторлармен байланысқа түсу. Сондықтан нысана клеткаға тигізетін гормондық әсеріне қарай:



  1. Мембрандық үдеріске тура тигізуші;

  2. “Екінші посредник” немесе клетка ішілік жүйелер;

  3. Клетка ядросына әсер ету жолы, сияқты үш түрлі әсер ету жолын айтуға болады.

Нысана клеткадағы рецепторлық молекуланы “анықтап-білу”, “ажырату” процесі гормондардың спецификасына байланысты.
Рецепторлар – бұлар белоктар гормондармен байланысқа түсу қабілеттілігі бар арнаулы құрылыс. Осындай рецепторлармен байланысқа түсу құбылысын лигандалар деп атайды. Гормондардың өзінің рецепторлармен байланысқа түсуін кілт пен құлыпқа ұқсастыруға болады. Ол нысаны клетканы гормондардың ажыратуы клетка мембра-насының беткейінде немесе клетканың ішкі ортасында болатындығына қарай болады.
Ал белок пептидты гормондар үшін клетка мембранасы арқылы өту қиынырақ, сондықтан гормонның әсері – клетка ішіне енгеннен кейін болатын үдеріс.
Ал стероидты гормондар клетка мембранасынан оңай өтеді де (диффуздық жолмен), оның нысаны клеткасына оңай жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет