6.16. Гипофиздің аралық бөлігі
Бұл гипофиздің алдыңғы бөлігінен оқшаулау болғанмен де артқы бөлігіне бітісіп орналасады. Мұның гормоны интермедин немесе меланостимулируші гормон деп те айтуға болады. Оны химиялық таза күйінде бөліп алуға болады. Ондағы аминқышқылдардың құрамы мен оның орналасу реті де анықталынды.
Аминқышқылдар қалдықтарының санына байланысты екі түрде болады. Амфибияларда (қосмекенділерде оның ішінде құрбақада) және кейбір балықтарда интермедин терілерінің түсін қара түске өзгертеді, оның басты себебі пигменттік клеткалар меланофорлардың кеңеюінен (жазылуына), әсіресе, протоплазмадағы пигмент дәндерінің кең таралуының салдарынан деп айтуға болады. Мұндай құбылыс адамдардың да терісінде байқалады.
Интермединнің бөлінуін рефректорлы түрде реттейді. Мысалы, көзге жарықтың әсері. Жануарлар мен адамдарда көздегі қара пигменттік қабатының клеткаларының қозғалысын реттеп отырады.
6.17. Гипофиздің артқы бөлігі
Гипофиздің артқы бөлігі (нейрогипофиз) глия клеткасына ұқсаған клеткалардан тұрады, басқаша айтқанда, питуциттер. Бұл клеткалар гипофиз аяқтары арқылы жүретін нерв талшықтары мен реттеуші гипоталамус нейрондарының өсінділері болып табылады.
Гипофиздің артқы бөлігі функциясының төмендеуі қантсыз зәр бөліну деген аурудың пайда болуына әкеледі (қантсыз диабет). Соның салдарынан аурудан зәр өте көп мөлшерде бөлінеді, (кейде тәулігіне 10 литр) құрамында қант жоқ. Соның салдарынан адам көп шөлдегіш келеді. Егер препаратты енгізсе, зәр шығару бұрынғы қалпына келеді.
Екі препарат бөлініп, аяғында біріншісі антидуриезді гормоны немесе зәрдің бөлінуі төмендейді, қан қысымын жоғарылатады, екіншісі вазопрессин, окситоцин жатырдың етінің жиырылуын күшейтеді.
Вазопрессиннің әсерінен бүйректің жинағыш түтікшелерінің қабырғасынан судың қайта сіңуі күшейеді. Сонымен қатар қантамырларының бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын реттейді, соның салдарынын артериядағы қан қысымы көтеріледі.
Окситоцин – жатырдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді, әсіресе, бала туар кезде. Сүт бөлінуді реттейді. Бұлардың химиялық құрамы толық зерттеліп біткен. Оларды жасанды түрде де алуға болады. Бұлардың молекулаларында 8 аминқышқылы және аммиактың үш молекуласы болады. Егер осылардың ішінде 6 аминқышқылы екеуінде де бірдей болса, ал 2 аминқышқылдары әртүрлі (окситоцинде – лейцин және изолейцин болса, вазопрессинде – фенилаланин және арганин). Сондықтан да бұлардың гормондары алдыңғы бөлігіне қарағанда онша күрделі емес полипептидтерге жатады.
Гипофиздің ішкі секрециялық бездерді реттеуі. Бұл без көптеген бездердің қызметін реттеумен қатар (жыныс, бүйрек үсті, қалқанша) өзі де осы бездердің қызметіне тәуелді байланыста болады.
Мысалы, қандағы андроген мен экстрогеннің, глюкокартикоид пен тироксиннің жетіспеуінен гипофиздегі гонодотропты, адреноген, кортикотропты және тиротропты гормондардың бөлінуіне ықпалын тигізеді. Керісінше, осы бездердегі гормондардың мөлшерінің көбеюі гипофиздің тропты гормондарының бөлінуін төмендетеді.
7-ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |