7.8. Қанның тобы
1901 жылы австрия ғалымы К.Ландштейнер, 1903 жылы чех ғалымы Ян Янский эритроциттерде – агглютиногендер А және В болатынын көрсетті. Бұлардың екеуі де бірге немесе бір-біреуден болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін.
Плазмада агглютин α және β аттас жабысқақ заттар кездескенде болады. Мысалы: А+α; В+β; АВ+αβ.
Жер бетіндегі әртүрлі елдердің адамдарының қанын зерттегенде әрқайсысының қан тобы әртүрлі келген.
40–50% адамдар І топқа;
10–20% адамдар ІІ топқа;
30–40 % адамдар ІІІ топқа;
5% адамдар ІV топқа жатқан
Осы еңбегі үшін 1930 жылы К.Ландштейнерге Нобель сыйлығы берілді. Осы сыйлықты тапсыру мерекесінде ол көрегендікпен: «Жер бетіндегі адамдардың санының өскеніне байланысты қанның тобының саны және жаңа агглютиногендер ашыла бастайды», – деп айтқан. Осы айтылған болжамы шындыққа айналды. Тек АВО жүйесінде әрбір агглютиногеннің бірнеше варианттары бар. Ал агглютиноген А–10 түрлі вариантта болады. Айырмашылығы тек А вариантында, ол өте күшті, ал қалған А2–А7 вариантындағы агглютининдер қасиеті нашар, әлсіз. Сондықтан осындай адамдардың қандарын қателесіп,
1-топқа жатқызуы мүмкін. Әсіресе, осы топтағы қанды І және ІІІ топтағы қаны бар адамдарға құйғанда (гематотрансфуз) қиын жағдайға ұшырауы мүмкін.
7.9. Резус – фактор
Көптеген адамдардың қанының құрамында Rh деген агглютиноген табылған. Осындай Rh бар адамдарды резус–оң деп атайды. Егер осындай қанды Rh – теріс қаны бар адамға құятын болса, айтарлықтай реакция байқалмағанмен, бірақ қанында резус–антиденелер пайда болады, екінші рет Rh+ құйғанда асқыну болуы мүмкін.
Rh+ анықтаушы ген Rh-- қарағанда доминантты деп аталады. Демек, Rh+ әкеден, Rh- шешеден туған балада Rh+ болады. Осы жағдайда нәрестенің агглютиногені плацент арқылы ананың қанына енетін болса, ананың ағзасында антитела (агглютинин) пайда болады. Rh+ қарсы. Егер осы антидене плацент арқылы қайтып нәресте қанына келетін болса, агглютинация пайда болып, эритроцит бұзылады. Нәресте туарда өліп қалады. Бірінші бала тірі тууы мүмкін, ал келесі балалары жатырда өліп қалуы мүмкін. Резус-сәйкестік еместікті жоюға болады. Rh-ны әйелдерге анти-резус гаммаглобулинді енгізу арқылы нәрестедегі Rh- бейтараптандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |