Адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон


Қазақстандағы халық санағының тарихы



бет6/7
Дата21.04.2024
өлшемі36.61 Kb.
#499423
1   2   3   4   5   6   7
Халықь санағының тарихы

Қазақстандағы халық санағының тарихы
Көптеген әлем елдерінде қазіргі жаңа балама көзқарастағы статистикалық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі ірі масштабтағы халық санағы азаматтардың жеке сауалнама сұхбатына негізделген мейлінше шынайы ақпарат көзі болып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуіне халық санағының маңызы зор.
Санақ деректері мен санақ қорытындылары еңбек және тұрғын үй нарығында,бюджетті жоспарлағанда, көлік саясатында, электроэнергетикада, әлеуметтік салада, денсаулық саласында, білім саласында, тілдер мен діни саясатында, бір сөзбен айтқанда болашаққа болжам бар, жоспарлау қажет ететін жердің барлығына ауадай қажет.
Ең алғаш бізге жеткен халықтың есебі жөніндегі мәліметтер , бұл осыдан төрт мың жыл бұрын жүргізілген Қытай болып есептеледі. Сонымен қатар халықтың есебі жөнінде мәліметтер ежелгі Египте, Грецияда, Римде, Японияда және де ежелге мемлекеттерде бар.

Қазіргі Қазақстан аумағында біршама тұрақты және орталық статистикалық қызметтің өркендеуі, соның ішінде мерзімді халық есебі ХVIII ғасырдың екінше жартысында немесе Қазақстанның Россия империясында болған кезде болып отыр.


Россия империясының алғащқы және жалғыз жалпылама санағы 1897 жылы 9 ақпанда өткізілді. Барлық елде санақ бірыңғай бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілді және сол уақытқа (1897 жылы 9 ақпан) нақты, тұрақты және заңды түрде (тіркелген) халықтың есебі алынды.
Оның бағдарламасы : жынысы, жасы, некелік жағдайы, атағы, туылған жері, тіркелген орны, тұрақты жері, дін ұстану еркіндігі, ана тілі, сауаттылығы, жұмысы, жеке кемшіліктері немесе жан ауруын көрсететін 14 сұрақтан құралды.
1897 жылы болған санақта Россия империясында 3745 мың , ал Қазақстан шекараларында 1927 жылы 3392 мың қазақтар есептелінді. Қазақстан бойынша 1917 жылы қазақтар саны 4 млн. 980 мың адамды құрады. Алғашқы жалпыға бірдей Кеңес халық санағы 1920 жылғы 28 тамыз айында жүзеге асырылды. Бұл санақ әскери комммунизм және большевиктік террорлы жағдайда өтті. Бұл кезде азамат соғысы аяқталмағандықтан Қазақстан аумағы түгелдей санақпен қамтылмады.
1923 жылы 15 наурызда өндірістік және сауда мекемелерінің есебін алуға мақсатында алғашқы қалалық халық санағы өткізілді. Бұл халық санағы Кеңес Одағын нығайту кезеңінде өткізіліп, СССР аумағы географиялық жағынан толығымен, соның ішінде Қазақстан да қамтылды. Ең толық санақ ол 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы болды, бұл уақытта Қазақстанда қалпына келтіру кезеңі аяқталып қалған еді.
Халық санағы статистикалық мекемелердің жүйесін қайта ұйымдастыру системасына негізделіп өткізілді. 1926 жылғы санаққа дайындық кезеңінің маңызды мезеті карта дайындау және санақ кұрал-саймандары. Санақтың бірінші кезектегі мақсаты географиялық, схематикалық карталарды жинау және жасау, оларға елді мекендерді түсіру болды. Ауқымды қиындықтардың бірі ауылдардың әкімшілік керек жарақтарын айқындау болғандықтан, бұл мақсатқа Ленинград қаласының ірі мұрағаттарының, Москва қаласындағы жоғарғы геодезиялық басқармасының әскери-типографиялық бөлімінің және де қатынас жолдары комиссариатының мұрағатының материалдары қолданылды. 1926-1927 ж. қыс айындағы санақ өте ауыр жағдайда өтті. Оған статистиктердің барлық болған күші, мектеп және интернат мұғалімдері, Наркозем, Наркомфин, НКВД күштерінің, жергілікті атқарушы Кеңестің қызметшілері жұмылдырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет