Адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон



бет7/7
Дата21.04.2024
өлшемі36.61 Kb.
#499423
1   2   3   4   5   6   7
Халықь санағының тарихы

1897-1926 жж. Қазақстан халқы



Ұлттар

Жылдар

Абсолютты өсу

Үлес салмағының өзгеруі %




1897  

1926










Казақтар

3392,8

3627,6

234,8

107

%

81,8

58,5



Орыстар

454,4

1275,1

820,7

281

%

11,0

20,6



Басқа халықтар

300,6

1293,7

903,1

430

%

7,2

20,9



Барлығы

4147,8

6196,4

2048,6

49

%

100

100



1937 жылдың санағы қаңтар айында өткізілді. Бұл «атып өлтірілген санақ» болды. Елеулі ұйымдастырылғанына және үлкен қаражат жұмсалғанына қарамастан, санақ қорытындысы жарамсыз деп есептеліп, біраз санақ ұйымдастырушылары ату жазасына кесілді. Бұл санақ та, оның жоспары да, ең бастысы оның мардымсыз қорытындысы Сталинді де, оның қарамағындағыларды да қанағаттандырмады. Санақ материалдары жарияланымға шықпай мұрағаттарда қалды. 1937 жылғы әзірленген халық санағы қорытындылары өте құпия болып қалды. Біршама жоғалған материалдар үшін әзірлеушілер сотқа тартылды. Сөйтіп 1937 жылдың халық санағы ұлттың құрамы бойынша жеткіліксіз деректер берді.
1937 жылы СССР аумағындағы қазақтар саны 2 862 458 адамды, оның ішінде РСФСР-да 292 099, КазССР -2 181 520, УзССР- 287 214, Туркмен ССР-60 035, Тәжік ССР- 12 396, Қырғыз ССР- 25 541 құрады.
Қазақстан халқының динамикасы (1930-1936 жж.)




1930ж.

1931ж.

1932ж.

1933ж.

1934ж.

1935ж.

1936ж.

Абсолюттік сан

5873,0

5114,0

3227,0

2493,5

2681,8

2926,0

3287,9

Жылдық абсолюттік өсу


-759

-1887

-734

+188,3

+244,2

+361,9

1939 жылдың 17 қаңтарына СССР халқының тағы да бір санағы өткізілді. 1939 жылғы санақтың мақсаты партия мен үкімет нені бұйырады соны санау болды. Бұны статистиканың орындап шығатынына ешкімнің күманы болған жоқ. Қала халқының шапшаңдықпен өсіп отырған тезисін бекіту үшін біраз елді мекендердің статусын өзгертті: жүздеген кенттер қаланың атауымен аталды, соның нәтижесінде 1926 жылмен салыстырғанда қала халқының саны екі еседен аса көбейгенін көрсетті.
1926 және 1939 жж. санақ бойынша Қазақстан халқының
этникалық құрамы




1926 жыл

%

1939 жыл

%

Барлық халықтар

6 198 467

100

6 093 507

100

Қазақтар

3 627 612

58,5

2 313 674

38,0

Орыстар

1 275 055

20,6

2 449 128

40,2

Украиндар

860 201

13,9

656 676

10,8

Немістер

51 094

0,8

92 379

1,5

Татарлар

79 758

1,3

106 943

1,8

Өзбектер

129 399

2,1

103 240

1,7

Белорустар

25 584

0,4

31 309

0,5

Ұйғырлар

63 432

1,0

35 354

0,6

Кәрістер

42

0,0

95 903

1,6

Басқа ұлттар

86 290

1,4

208 902

3,3

1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда кезекті халық санағы өткізілді. Санақ нақты халықты есептеді, олардың (14 нен 15 қаңтарға қараған түні) сол үй-жайда тұрақты әлде уақытша, және де тұрақты немесе уақытша тұрғандарына қарамастан ,бірақ санақ кезінде сол қалада, кентте немесе ауылда болса, немесе санақ жүргізілмей қалатын жерлерге шығып кеткен барлық адамдар қамтылды.
1959 жылғы санақ бойынша Қазақстанның ұлттар құрамы



Ұлт

адам

%

Барлық халықтар

9 309 847

100

Қазақтар

2 794 966

30

Орыстар

3 974 229

42,7

Украиндар

762 131

8,2

Немістер

659 751

7,1

Татарлар

191 925

2,1

Өзбектер

136 570

1,5

Кәрістер

74 019

0,8

Ұйғырлар

59 840

0,6

Басқа ұлттар

656 416

7

1970 жылы қаңтар айында ұйымдастырылуы жағынан, методикалық және баспа параметрлері жағынан бұрынғы санақтардан асып түскен және 1926 жылғы санақтың қорытындысымен салыстыруға келетін Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. 1970 жылғы санақ 8 күн ішінде 15-нен 22 қаңтар аралығында өтті. Халық жұмыс жасайтын жері немесе қызметіне қарап есептелінбей, тұратын жері бойынша және уақытша тұратын болса да есептелінді. Бұл санақ барлық халықтар үшін 11 сұрақтан тұратын және халықтың 25 пайызы 7 сұрақтан тұратын бағдарлама бойынша өткізілді. Санақ парақтары халықтан сауалдама алу арқылы толтырылды.
1970 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамы



Ұлт

адам

%

Барлық халықтар

13 008 726

100

Қазақтар

4 234 166

32,6

Орыстар

5 521 917

42,4

Украиндар

933 461

7,2

Немістер

858 077

6,6

Татарлар

287 712

2,2

Өзбектер

216 340

1,7

Белорустар

198 275 

1,5

Ұйғырлар

120 881

1,0

Кәрістер

81 598

0,6

Азебайжандар

57 699

0,4

Басқа ұлттар

498 600

3,8

СССР да 5 298 818 қазақтар, оның ішінде РСФСР да – 477 820, Өзбек ССР- 476 310, Казақ ССР – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік ССР -8 306, Түркмен ССР – 68 591.
1970 жылғы бүкілодақтық халық санағының бағдарламасында ұлт және тілдер туралы сұрақтар былай тұжырымдалған : «Ұлт», ал шетелдіктерге «Азаматтығы» және «Ана тілі», сонымен қатар өзіңіз СССР халқының емін-еркін сөйлейтін тағы басқа тілдерін көрсету.
1979 жылы 17 қаңтарда кезекті Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Халық 8 күн ішінде 15-нен 22 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын жері немесе қызметіне қарап есептелінбей, тұратын жері бойынша есептелінді.
Бұл санақтың бағдарламасы 16 сұрақтан, оның ішінде 11 сұрақтың жауабы жалпылама санақтан, ал 5 сұраққа (іріктеме санақ) тұрақты халықтың 25 пайызынан жауап алынды. Жалпылама санақ: отағасына деген көзқарас, халық категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, еркін қолданатын тілі, білімі, оқуы, күн көріс көзі деген сұрақтардан тұрады.
Осыдан 30 жыл бұрын , яғни 1989 жылдың қаңтарында СССР дің бүкілодақтық халық санағы басталды. Атап өту керек бұл СССР-дің соңғы халық санағы болды. Совет одағының бұл 70 жылдағы : 1926, 1937,1939,1959,1970,1979,1989 жылдардағы болған халық санағы болды. 1989 жылғы санақтағы санақ парақтарының ерекшелігі кәдімгі сұрақтардан бөлек респонденттердің тұрғын-үй жағдайы туралы сұрақтар болды.
Қазақстан Республикасының ең алғашқы Ұлттық халық санағы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес 1999 жылы 25 ақпаннан бастап 4 наурыз аралығында өткізілді. 1999 жылғы бірінші Ұлттық халық санағының қорытындысымен қаланың халық саны 319 324 адамды құрады, оның ішінде ерлер – 148 607, ал әйелдер – 170 717 адам. 1989 жылғы санақпен салыстырғанда Астана қаласының халқы 13,5 пайызға өскен. Халықтың қарқынды өсуі бұл қаланың Қазақстан Республикасының астана статусын алғанына байланысты болып отыр.
2009 жылғы санақ Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі – екінші санағы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 « 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» қаулысын орындау мақсатында 2009 жылдың 25 ақпанынан 6 наурыз аралығында республикалық халық санағы өткізілді.
Соңғы санақ өткелі бері 11 жыл өтті. Осы уақыттың ішінде саяси-қоғамдық және экономикалық қарқында мемлекетімізде түбегейлі өзгерістер болды. Әлемдік қоғамдастық үшін Қазақстан әкономикасының ашық саясатқа негізделгендіктен, елде демократиялық институттардың әсіресе нарық қатынасының дамығындығынан Қазақстан халқы өзгерді.
Осындай шараларды өткізу жайлы әлеуметтік-демографиялық зерттеулердің, ғалым демографтардың және басқа мамандардың ұсыныстары мен пікірлері, халықаралық ұйымдардың кепілдемелері мен тәжірибесі жайлы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінде материалдар жинақталып, бұрынғы халық санағы туралы қолда бар материалдар зерделенді.
2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 16 004,8 мың адамды құрады , яғни 1999 жылғы санақпен салыстырғанда 1 022,9 мың адамға көбейіп (6,8 %) отыр. Бірден-бір халық санағы қорытындысының ойламаған жағдайда қала халқының үлесі 56,3 пайыздан 54,0 пайызға төмендегені және соған сәйкес ауыл халқының үлесі жоғарылағаны байқалды.
Санақ Қазақстан тұрғындарының төмендеу кезеңінен өсу беталысына қарай өзгенргенін айқындап көрсетті. Бұл европалық этностардың эмиграциясының қысқарғанын түсіндіреді, қазақтардың өсу қарқынының артқанына (1989-1999 ж. 22,9 пайыздан 1999-2009ж. 26,2 пайызға), оның ішінде оралман-қазақтардың ағылуының себебінен және орыстардың азаюының қысқаруына (1999-2009 жылдар аралығында -15,3 пайызға және немістер (-49,6 пайызға) байланысты болып отыр. Бұрынғы сияқты ең көп халықты қазақтар (10,1 млн.) және орыстар (3,8 млн.) құрады.
Бұл санақтың құндылығы оның тек нағыз санақ емес, сонымен қатар ол болашақты болжауды : қоғам қайда бара жатқандығын, ол 10-30 жылдан кейін қандай болатынын көрсетті. Ал бұл үкіметке қауіпті шыңдар мен тұйыққа тірелуден шығуға айқын жол көрсетеді.
11 жылдың ішінде республиканың, облыстың әлеуметтік-демографиялық жағдайы өзгерді. 2020 жылғы халық санағы алдыңғы өткізілген халық санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияны қолдану арқылы өткізілуінде болып отыр.
Санақ 2 кезеңде өтеді:
1-ші кезең – тұрақты тұратындар санын нақтылай отырып тұрғын үйлердің, ғимараттардың және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау, сондай-ақ әр елді мекен үшін картографиялық материалды актуалдау.
Бұл кезең санақтың келесі – 2-ші кезеңін өткізу үшін сапалы санақ аудандастыруын әзірлеу мақсатында өткізіледі.
1-ші кезең жұмыстарына дайындық және өткізу «Аудандастыру» АЖО және планшетте «Аудандастыруға арналған деректерді жинау» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
2-ші кезең – санақ өткізу
2-ші кезең – санақ ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдалана отырып жүргізіледі – Комитеттің www.sanaq.gov.kz интернет-ресурсында онлайн режимде өзін-өзі толтыру әдісі және планшеттегі «Халық санағы» мобильді қосымшасын пайдалана отырып жаппай сауал салу әдісі.
Планшеттерде интервьюерлердің жаппай сауал салуды жүргізу арқылы халық туралы деректерді жинау 2020 жылғы 1 – 30 қазан аралығында жүзеге асырылады, сонымен бір мезгілде алғашқы 15 күнтізбелік күн ішінде – 2020 жылғы 5-15 қазан аралығындағы кезеңде онлайн режимде www.sanaq.gov.kz сайтында санақ жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет