Этникалық проблемалар мен босқындар мәселесінің туындау себебі- халық санының күрт өсуі есебінен мемлекеттің осы халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндігі, қауқары жетпегендіктен туындайды. Мәселен, қоғамда халық санының көп болуынан оларды жұмыс орнымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мен білім жүйесіндегі проблемаларды шешу қиындай түседі. Қазіргі уақытта мұндай көріністерді халықаралық жағдайда жиі байқауға болады. Сирия, Ливия, Ирак сынды ел тұрғындары мемлекеттің қолдауынсыз, көмегінсіз қалып бас сауғалап жүр. Еуропа елдерінің бірқатарын пана еткен олардың жағдайлары күннен-күнге шиеленісуде.
Урбанизация тек қана қалалардың дамуы, олардың қоғамдағы рөлдерінің артуы ғана емес, қалалардағы адам санының көбеюі, табиғатқа, қоршаған ортаға шектен тыс әсер етуі. Табиғат ресурстарының, жер, энергетика, азық-түлікті қолдану орталығы -ірі қалалар болып табылады. Атмосфераның ластануының 4/5-і қаладағы өндірістердің есебінен.
Сонымен бірге, ірі қалаларда энергияның, шикізаттың, әсіресе таза, сапалы судың тапшылығы қатты білінеді.
Егер әлемдегі барлық мемлекеттерді экономикасы жақсы дамыған және экономикасы нашар дамыған, кедей деп бөліп қарастыратын болсақ, бай, ауқатты елдерде халық саны көп емес, тіпті азайып бара жатқанын байқаймыз.
Ғалымдардың болжауынша, 2050 жылы Африканың кедей мемлекеттеріндегі халық саны миллиардқа жетуі мүмкін. Ал жалпы жер бетіндегі адам саны 2050 жылы 11 миллиардқа жетеді. Осы орайда логикалық заңды сұрақ туындайды. Біздің Жер ғаламшарымыз осындай шектен тыс салмаққа, шектен тыс қысымға дайын ба? Ал мемлекеттер мен миллиард халқы бар елдер өз тұрғындарын асырауға, қамтамасыз етуге қауқарлы ма? Әрине, Қытай секілді алып, бай держава халының саны 2 миллиардқа жетіп жатса да, оны қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны анық. Себебі ауқатты елдердің ресурстарды алудың альтернативті жолдарын табуға мүмкіндігі бар. Ал кедей елдердің жағдай ауыр болмақ. Кедей мемлекеттердегі ауыр жағдайдан, аштық, жұқпалы аурулар таралу мүмкін немесе қарапайым ауыз су тапшылығы адамдардың қырылып түрлі апаттық жағдайлардың орын алу мүмкін. Бұл проблеманы шешудің басты жолы-бай мемлекеттер болашақтағы 10 миллиард адамға пайдаланылатын жер ресурстарын жеткізу мәселесін кезең-кезең, қадам-қадаммен ойластыру қажет.
Халық санағы — белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар. Бұл санақ халықтың дәл сол уақыттағы мәліметін "лезде суретке түсіріп" алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, құрылымы, әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы ақпарат жиналады. Халық санағы көпшілік елдерде негізгі, ал, кейбіреулерінде - демографиялық және әлеуметтік, экономикалық мәліметтер жинаудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, халықсанағы халық өмірінің қырларын таңдамалы түрде немесе үй шаруашылығын есепке алуда қолданылады. Халық санағын жүргізудің ғылыми және ұйымдастырулық негіздері XX ғ. екінші жартысында қалыптасып болды. Көптеген елдерде түрақты 5 немесе 10 жыл мерзімде бір жүргізілетін Ұлттық халық санағының бағдарламаларында БҰҰ-ның және өзге де ұйымдардың ұсыныстары есепке алынады. Санақ қорытындылары бойынша халықтың табиғи және миграциялық қозғалысын нақтылауға болады. Халық санағын отбасына және үй шаруасына жүргізеді.
1950 ж. бері БҰҰ әр 10 жыл сайын бүкіләлемдік халық санағын өткізеді. 2004 ж. әдеттегі онжылдық раунд (1994- 2004) аяқталды. XXI ғ. басында әлемде халық санағы өткізілмеген бірде-бір ел қалмады. Ұлттық санақ қорытындылары өзара сәйкес келу керек, ал негізгі қорытындылар бүкіләлемдік халық санағының бөлігі болып есептеледі. Бұл өз кезегінде әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде үлкен мәнге ие болып отыр.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |