Адамдарды Жаратушымен тілдескеннен артық. Не жұбаныш, не қуаныш біз мүлде таппадық



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#133975
1   2   3   4   5   6   7

3. Не ектің сен, не ектің сен? Тікенді жерге не ектің сен? Байлық пен қиыншылықтар бидайдың өсуін басады. Жеміс бермейді-біліп қой.

4. Не ектің сен, не ектің сен? Топыраққа не ектің сен? Еккен дәнің қурамайды, күткен үмітті ақтайды. Мол етіп жеміс береді.

5. Не ектің сен, не ектің сен? Бұл өмірде не ектің сен? Атқарған ісің, сөзің мен бұл өмірде еккенінді ана өмірде орасың.


/ О, аспандағы Әкеміз, киелі болсын Сенің атың / 2р. Патшалығың орнасын, күнде нанды бере гөр. / О, аспандағы Әкеміз, киелі болсын Сенің атың / 2р. Біз қарызды кешірдік, күнәмізді кешір. / О, аспандағы Әкеміз, киелі болсын Сенің атың / 2р. Азғындыққа түсірме, жамандықтан құтқар. / О, аспандағы Әкеміз, киелі болсын Сенің атың / 2р. Патшалық та, ұлылық , мәңгі Сенікі. Аумин. / О, аспандағы Әкеміз, киелі болсын Сенің атың / 2р.

О, Әкем менің көктегі, қабылдай гөр тілегімді. / Ғажайып керемет атың тұтылсын мәңгі киелі! / 2р.

2. Бәрін де Сен жетелейсің, құдіретті күш Иесі. Бәрін білесің, көрегенсің. / Патшалығың келсін Сенің / 2р.

3. Даналыққа Сен толысың, сондықтан мен бақыттымын. / Өмірдің барлық кезінде, Сенің еркің орындалсын / 2р.

4. Бәріне бересің өмір, рақымды біздің Патшамыз. / Күнделікті нан бере гөр деп бәріміз сұраймыз / 2р.

5. Мейірімді әділ Әке, Қарсы шыққандарды бізге, / Бәрін де кешіргендіктен, бізді кешіре гөр Сен / 22р.

6. Сенсіз кім осы жалғанда, өмір сүреді сүрінбей. / Жаман рухтан Өзің сақта, азғындық жолға түсірмей / 2р.

7. Мадақ пен құрмет атыңа, ғажайып істерің үшін, / Құдірет те, ұлылық та, мәңгілік Сенікі. Аумин / 2р.

О, ғажап күн, о, ғажап сәт! Құтқарушым бірінші рет, Жаңа өсиет беріп маған, сыйлаған жан тыныштығын.

Қ-сы: Ғажап күн, ғажап күн! Тәңір мені кешірген күн. Мәсіх Өзі күнде мені Өз қолымен жетелейді. Ғажап күн, ғажап күн! Тәңір мені кешірген күн.

2. О, ғажап күн! Мәсіх менің көз жасымды құрғатқан күн. Ол менікі, мен Оныкі, мен қорықпаймын енді ешқашан.

3. О, ғажап күн! Қолын созып, менің енді көзімді ашты. Көріп Мәсіх махаббатын, рухым сонда ән салады.

4. О, ғажап күн! Жан – тәніммен мәңгі өмірге бұрылған күн. Мәсіх маған қуаныш пен жан тыныштық сыйлаған күн.

5. О, ғажап күн! Мәсіхке мен жан-тәніммен сенген күнім. Айқышта төккен қаныменен тап – таза боп тазарған күн.

О, Иса, жанды Құтқарушым, мен кеудеңе тығылам. Толқыннан мені сақташы. алдырма мені жолда, Тек Саған ғана сенемін, тек Саған шын берілем, Мәңгі мен Саған қараймын, Сенікі боп қаламын.

2. Игілік те, татулық та тек Сенде, Құтқарушым. Тек Саған мен ұмтыламын, қабылда мені Ием. Сенен басқа баспана жоқ, жалғызсың Сен мен үшін. Мен науқасты тастамашы, әбігер өмірімде.

3. О, Иса, мені сақтай көр, өмірдің дауылында. Отанымда демалайын сапардың аяғында. Өмірдің қайнар көзісің, шөлімді қандыратын. Отанымның бұлағы боп жүрегімде тұрасың.

О, қандай ұлы шаттық, шексіз қуаныш! Күнәмен байланысты үзді. Айқыштағы өліммен тозақты бұзып, балаларын Құдай құтқарды.

Қ—сы: Тек Сонда қуаныш, тек Сол Исада – мәңгі өмір, сүйіспеншілік. Атағын бәрі де Мәсіхтің шығарар. Мәсіхтің атағын шығарар.

2. Өзінің ұлы ісін аяқтап шыққанда, өлімнің кісенін Ол бұзды. Адамзат, көк аспан – бәрі де шаттансын: қайтадан тіріліп Ол шықты!

3. Қайтадан тіріліп, Ол бізді ақтады. Құтқарды Ол бізді күнәдан. Қайтадан тіріліп, жамандықты жойды. Абырой Оған және мақтан.

4. Қайтадан тіріліп, салтанат құрды. Құдайдың сәулесі жарқырап. Даңқымен сүйіспеншіліктің нұрын Ол шашты, жан қияр жұртына сыйлап.

5. Үш күн жердің астында болып, Құтқарушымыз қымбатты сый әкелді. Асылдың асылы жарқырай нұрланып, Иеміз табыстырды бізді.

6. Жүректе Мәсіхтің тірілгені қалсын. Күдік пен қорқынышты қуды. Шынымен абырой атақта тіріліп, қараңғылықты мәңгі жойды.

О, Тәңірім қорғай гөр, жамандықтан сақтай гөр, Ескі жылда есіркеп, жаңа жылда қолдай гөр. Ыбырайым, Жақыпты жарылқаған Құдайым, Жарылқай гөр жерімді, Қазақстан елімді.

2. О, Тәңірім қорғаным, осы келген жылыңда, Бүкіл қазақ жерінде тұрғандардың барлығын, Жоқшылықтан қорғай гөр. Берекеңді жолдай гөр, Жаман жолдан қайырып, Өз жолыңа оңдай гөр.

3. Осы тілектеріме құлақ салған Тәңірді, Алғыс айтып әр уақыт ардақтайын мәңгіге. Өткен жылға риза боп, келген жылға қуанып, Кереметін Құдайдың мадақтауға бәрің кел. Аумин.

/ О, Құдай Ием, Сен әлемді жараттың, Сен барлық бұлттардан биіксің / 2р. / Саған табынам, Саған табынам, Саған табынам, Құдай Ием! / 2р.

Ол мадақталсын, Патша мадақталсын. Оған табынамыз! Ол мадақталсын, Патша мадақталсын. Мен Оған табынамын! Ол – Тәңір, өмірді жарқыратады. Аспан мен жер, қуан Оның киелі атына. Ол мадақталсын, Патша мадақталсын!

Осанна, Осанна, Осанна!

Құтқарушы Мәсіхті біз қосылып, бауырлар, шаттық әнмен мадақтайық. Шырқап салыңдар!

Қ-сы: Осанна үнін естимін. Мәсіх құрметіне, Қосылып бәрі ән салсын, салтанатты күнде.

2. Осанна, Осанна, Осанна! Осаннаны әндетейік кішілер, үлкендер. Күнәні кешірген Исаға бірге өлең айтылсын.

3. Осанна, Осанна, Осанна! Осанна жайдары үн бұлақтай естілсін. Таң атқанда, күндіз, кешке үні шыға берсін.

4. Осанна, Осанна, Осанна! Жиын мен үй ішінде бәр» әнді айтсын. Ағытылды Осаннаның үні Мәсіх үшін.

Осы жалған дүниеде өмір сүрген әр пенде, Жақсы – жаман ісіне / жауап берер Тәңірге / 2р. Кімдер келіп өмірге, кім кетпеген дүниеден, Жақсы – жаман, бәрі де / өтіп кетпек өмірден / 2р.

Қ-сы: Сезсеңші бауырым, сезсеңші жалған өмір сүргенің. Ойланып, бауырым, көрсеңші, сенің де өтер өмірің.

2. Екі мың жыл ішінде, өлген өліп, тіріліп, Иса Тәңір алдында / кездесер күн келер – ай / 2р. Дайын болып сол күнге, ойлап тұрсаң, бауырлар, Өз күнәңді мойындап, / Исаны шақыр көмекке / 2р.

3. Тәңірден келген Жазбалар – ай, шындықтың бетін ашқандай, Сол кітапты оқыған / Құдайдың жолын тапқандай / 2р. Келетінін Исаның Таурат, Інжіл баяндап, Дайын бол деп халқыма / Құдай бүгін ашылды / 2р.

Елес, елес, елес пе, Жазбалары Құдайдың, Нағыз шындық емес пе? Белес, белес, белес пе, келетіні Исаның жақын қалды емес пе? Тастама Иса, тастама, мұсылман атты бауырымды, Шындыққа бізді жетеле / Өзіңнің келер күніңмен / 2р.
Өмірде нелер болмайды? Өмірге көңлім толмайды. / Өмірдің бар ма қызығы, танымасаң сен Құдайды? / 2р. Құдайсыз өткен өмірің, су сепкен оттай өшрей ме? / Құдайсыз жиған дүние, қаңбақтай ұшып кетпей ме? / 2р.

2. Сенсің ғой менің бақытым, Сенсің ғой менің байлығым. / Жетеле мені Құдайым. Болайын Сенімен әрдайым / 2р.

3. Алғысты айтыңдар Құдайға, мадақтап Оның есімін. / Жаратқан Ием деп мойындап, бас иіп тәубе қылыңдар /

4. Кешіріп сенің күнәңді, құшағын жайып қарсы алар. / Кел, қызым, кел, ұлым деп, жәннаттың есігін Ол ашар / 2р.

Өмір ызғарында рухың қиналса, қайғы бұлт төнгенде сенің жолыңда. Тәңір мейірімділігін еске түсір. Таң қаларсың сен Құдайым ісіне.

Қ-сы: Тәңір мейірімділігін есте сақта. Жүректе қалдырмай бәрін қайтала. Тәңір мырзалығын есіңе түсір. Таң қаларсың сен Құдайдың ісіңе.

2. Мұқтаждықтың ауыртпалығы батса, ауыр уайым жаныңды қинаса, жақсылықтың бәрін еске түсіріп, күмәнді тастап, сен мақтап ән жырла.

3. Жер игілігіне байығанды көрсең , көктегі байлықты еске түсір сен. Мұқтаждықтың орнын Тәңір толтырады, Оның бергендері алтыннан қымбат.

4. Рухың жігерленіп Мәсіхке қара. Барлық жақсылығын есінде сақта. Оның күшімен қайғыны жеңіп шық. Жердің бетіңде табасың сен бақыт.

Өмір жолымен жігермен жүреміз, егер сенетін болсақ Исаға. Еңбекте Құдайдың күшін табамыз, егер сенетін болсақ Исаға.

Қ-сы: Сенсек егер Исаға, мәңгі қуаныш болар. Нұрланады жол сонда, дұшпан ешқашан абыржытпайды.

2. Құдайдың уәдесі анық болады, егер сенетін болсақ Исаға. Жүрегімізге игілік толады, егер сенетін болсақ Исаға.

3. Тілегін орындауға үйренеміз, егер сенетін болсақ Исаға. Әрдайым аспанға назар саламыз, егер сенетін болсақ Исаға.

Өмірдің қиын шағында, жүректі мұң басса, / Бір ғажайып дұғаны мен қайталаймын жатқа / 2р.

2. Сол сөздің үндестігінде берекелі күш бар. / Қасиетті бір көркемдік, сол сөздерден шығар / 2р.

3. Ауырлық жүректен түседі, күмән да алыстайды. / Жылаймын да, сенемін де, жаным рахат табады / 2р.

Өмірдің мақсаты не деп ойлайсың? Күнәсіз болам деп кімді алдайсың? / Бақытты сен неге бола алмайсың? Құдайсыз өмірден шындық таппайсың / 2р.

2. Бұл жалған дүниеде адалдықты сен, таптым деп ойладың, бірақ таппадың. / Себебі өмірдің нағыз шындығы Құдайдың жолында, соны түсінгін / 2р.

3. Тәңірдің сөзінен сусын тартыңдар. Шындықтың нанынан тегін алыңдар. / Сонда Құдайменен мәңгі боларсың, жұмақтың төрінде бақыт табарсың / 2р.

Өмірдің тар жолы соңы бақыт. Зымырап барады өтіп уақыт. Өмірдің тар жолы соңы бақыт. Зымырап барады ғажап өмір.

Қ-сы: Сол бір жарық дүниеге, сол бір әсем күндерге жаным асығады – ай алып ұшып.

2. Өмірдің тар жол соңы бақыт. Келемін Тәңірге сенім артып. Білемін сол бір сәт алыс емес. Жұмақта Иеммен бір жүрер кез.

Өмірдің теңізі қатты тасиды. Қайықты шайқады күшті толқын. Өлімнен үрейленіп, қайғырғанда: « Тәңірім! » деп Сені шақырамын.

2. Сен мені аяй гөр, кешір де құтқар. Бар өмірде күресіп келемін. Әлім енді күресуге жетпейді. « Тәңірім! » деп Саған табынамын.

3. Мені жұбатып, жолды көрсете гөр. Өзіңнің еркіңмен кеме жайға, өмірдің толқынынан шығара гөр мені Тәңірім, су жағасына.

Өмірімді Саған арнадым. Бір Өзіңе ұмтыламын. Сенімімді жасырмадым. Бір Өзіңе сиынамын.

Қ-сы: / Тек Сенің мәңгілік адалдығың, болсын деп өмірлік қорғанышым, күндіз – түні Саған қараймын, ең Ұлы менің Құдайым / 2р.

2. Салшы мені Өз жолыңа, қараңғыда адаспаймын. Алшы мені Өз қолыңа, Саған келіп паналаймын.

Өткен іске өкініп, алдыңа мен кеп тұрмын. / Тапсырдым өмірімді, Өзіңе қарай бұрғын / 2р.

2. Тілімменен ойменен өлтіріппін талайды. / Өзіңменен жүрегім бір болуды қалайды / 2р.

3. Сенсің жасыл жайлауым. Сенсің тыныш өмірім. / Пендемін бір күнәлі. Кешіре гөр, Тәңірім / 2р.

4. Мадақтайын тек Сені, құдіретті Құдайым, / Қабыл алшы дұғамды, қызметіңе жарайын / 2р.

Періштені естідік, көкте ән салып тұрған. Таулар олармен бірге қуанышпен үн қосқан. Аспанда Құдай мадақталсын! Аспанда Құдай мадақталсын!

2. Қойшылар – ау, бұл не той? Қай жаңалық сендерге, Ойын – сауық орнатқан. Шабыт беріп қуантқан. Аспанда Құдай мадақталсын! Аспанда Құдай мадақталсын!

3. Бетлехемге кел, Оны көр, Оны көр, періште әндеткен, Келші, Тәңір Мәсіхке, жаңа туылған Патшаға. Аспанда Құдай мадақталсын! Аспанда Құдай мадақталсын!


Періштені тыңдаңдар: туды әлем патшасы, бейбіт өмірді сыйлап,күнәліні кешірді. Періштемен бірге біз, Бетлехемде шырқаймыз, Мәсіх патша туды деп, әлемге жар саламыз. Періштені тыңдаңдар: туды әлем патшасы

2. Мәсіхті мадақтаймыз, Құдай мәңгі патшамыз, Мөлдір таза қыз ана, әкелді ғой өмірге. Жердегі Күн көрісте, адамдар арасында, Ол жүрді ғой құл болып, ол Иса Еммануил. Періштені тыңдаңдар: туды әлем патшасы.

3. Патшасы бұл әлемнің, Сенсің жарық күн, шындық. Даңқ атақты Сен тастап, аспаннан келіп жерге, Қайта тудың біз үшін.Жеңдің өлім билігің, Беру үшін өмірді, жердегі бар пендеңе. Періштені тыңдаңдар: туды әлем патшасы.


/Рәббім Иса, біз саған алғыс айтамыз, Сен біз үшін

бұл дүниеге келгеніңе / 2р. Киелі рухыңмен бізді аяладың, Киелі қаныңмен бізді тазаладың/ 2р. Рәббім Иса, Біз Саған алғыс айтамыз, Сен біз үшін айқышта ағаш өлгеніңе/

2р.

/Рахмет Саған Құдай. Рахмет Саған Құдай. Рахмет! О, Құдай Ием, Иса үшін рахмет/ 2р. /Енді менің күшім бар. Менің байлығым бар. Мен үшін Иса өмірге келді/ 2р. Рахмет!


Ризамын ғой мен Саған Ием. Ғажап жарық сыйладың Сен, Көз жұмғанша мадақтаймын мен, қабыл ал менің уәдемді.

Қ—сы: /Әлсіреп мен шаршасам да, төзе алдым қиындыққа, Жан арманымды тек менің, білесің Сен/ 2р.

2.Қайғы мен мұнға толды көзім, жүрегім ауырды менің, Тек Сен естисің тілегімді, қуаныш та сен сыйлайсың.

Қ-сы: /Әлсіреп мен шаршасам да, төзеалдым қиындыққа, Жан арманымды тек менің, білесің Сен/ 2р.

3. Саған дұғамды мен арнаймын. Еститінінді білемін, Жүрегімді Саған ашамын, кешірші Тәңірім мені.

Сен дүниенің және менің өмірімнің, жер мен судың Тәңірісің. Сен жарық аспанның Тәңірісің. Барлық патшалардың Патшасысың! Біз Саған табынамыз Барлық патшалардың Патшасысың!
Сен мен үшін аспаннан, Құтқарушым, түстің. Ғажайыпқа толы Сен, мекенінді қалдырдың.

Қ-сы: Сен мен үшін, Құтқарушым, қабылдадың айқышты. Мақтан Саған! Өтеушім, мақтан Саған, құрмет!

2. Құтқарушым астауда Сен мен үшін жаттың. Соқырға жетекші боп, кедей үшін тұрдың.

3. Сенің сүйіспеншілігіңе мен қайран қаламын, Сенімен болу арманым, Сен мені құтқардың.

Сен, Тәңірім, күмістен де асыл. Сен, Тәңірім, алтыннан да қымбат. Сен, Тәңірім, асылдың асылы. Сен, Бағушым, менің Құдайым. Сенен басқа Құтқарушым жоқ , Сенен басқа арманым да жоқ . Сенен басқа үмітім де жоқ . Сен-менің Құдайым.

Сенемін мен сенемін ұлы Құдайыма. Рақымын төкті Құдай жанарыма.

Қ-сы: Жан – тәніммен Жаратқан Иемді мадақтаймын, Шын жүректен ардақтаймын қасиетті атын. Жан-тәніммен Жаратқан Иемді мадақтаймын, Жасаған жақсылығын ұмытпаймын.

2. Ол бізді күнәмыздан тазалайды, Ісімізге карап есесін қайтармайды.

3. Ұмтылыңдар бауырлар, Құдайдың жолына, Мәңгілік шынайы жол Иса Иемізде.

Жалғыз ғана Сенімен болсам деймін әрдайым. / Сенсіз менде өмір жоқ . Сенсіз менде бақыт жоқ , Тек Сенде жарқырайды мәңгілік нұры / 2р.

2. Құлдығынан күнәнің босаттың келіп мені, Өмір беріп тірілттің мен нағыз өлік едім. / Қайдан тыным табамын. О, Иса Құтқарушым. Кеудеңде Сенің Мәсіх, мәңгі тыныштық / 2р.

3. Айқышта Сен қиналдың, таза қаныңды төктің. Бәріне де Сен көніп, ауыр азаппен өлдің. / Сенімен азап шексем, Құтқарушым жан Ием. Сенде менің өмірім, соны білемін / 2р.

4. Сен жайында Мәсіғым тағы да не дейін, Қуанып, тия алмаймын көзімнің жасын. / Сенімен бірге болып, тек Саған қызмет етсем. Болашағымсың менің, Саған сенемін / 2р.

Сенімен келеді тілдескім, нағыз жақын жан Досым менің. / Жоғарыдан Сен маған қарап, дүрсілін естисің жүректің / 2р.

2. Сенімен тілдескім келеді, жеңілдетіп қайғыларымды. / Бұл өмір мені түсінбейді. Ашамын Саған бар сырымды / 2р.

3. Тілдескім келеді Сенімен, өйткені алыста достарым. / Қайғымды бөліспей олармен, бәрін де Саған мен беремін / 2р.

4. Айналамды түнек басқанда, тілдесуге мен асығамын. / Жоғарыдан Сен маған қара, сенімді Досым, кел қасыма / 2р.

/ Сенің атың барлық әлемде. Сенің даңқын жерде, көкте де. Мадақтаймыз сені бұл күнде. Жетелейсің ғажап өмірге.

Қ-сы: / Жаса Иса! Сенеміз Саған. Жаса Иса! Мәңгілік жаса! Жаса Иса! Келеміз Саған. Жаса Иса әрқашан / 2р.

Сенің махаббатың жарқырап тұр. Қараңғыда жарқырап тұр. Иса әлемге жарқырашы. Бізді сеніммен босатшы. Жарқырашы Иса! Жарқырашы Иса!

Қ-сы: Жарқырашы Иса. Әлемді жарқыратшы Иса, Біздің жүректер Сенің Рухыңмен толсын. Толтыр Иса, әлемді рақымдылығыңмен. Сөзіңді жібер, сонда жарық болсын.

2. Тәңір, мен Саған барамын. Сенің жаныңда боламын. Өзіңнің төгілген қаныңмен күнәлардан мені құтқаршы. Жарқырашы Иса! Жарқырашы Иса!

Сенің сөзіңді оқығанда Тәңірім, күнәһар екеніме өкіндім. Бұл жаратқан дүние өтіп кетерін білгенімде, бір Өзіңе мен сендім / 2р.

2. О, Құдайым, жүрегімде Сен жасап, жүрші мені Рухыңмен бағыттап. Сиынғанда, үнімді естіп аспанда, сұрағанды бергеніңе мың рахмет. / 2р.

3. Сені даңқтап әрбір құтты күнінде, жиналамыз біз сиыну үйінде. Ойымда да, сеіімімде бір Өзің. Даңқтала бер жүрегімнің түбінде. /О, Құдайым, о, Құдайым, ойымда да, сезімімде бір Өзің. Даңқтала бер жүрегімнің түбінде / 2р.

4. Өкінесің осы сөзді ұқпасаң, ұлы Құдай айтқан сөздің бірін де. О, бауырым, о, бауырым. О, бауырым, қайырылсаңшы Тәңірге, уақытты ұттырмастан бекерге. /О, бауырым, қайырылсаңшы Тәңірге, уақытты ұттырмастан бекерге/2р.

5. Осы күнге ризамыз біз-дағы, жарық кун мен тыныштық бергеңіңе. Ұлы Тәңір, осы берген еліме,ұласа бер тыныштығы жерімде. /О, Құдайым, О, Құдайым, Ұлы Тәңір, осы берген еліме, ұласа бер тыныштығы жерімде /2р.

Сенің Сөзіңе құлақ түрсем, Құтқарушым, Сен ғажапсың, Өзімді терең түсінсем, мен арзымас күнәһармын.

Қ-сы: Сен Иса-Киелі бұтасың. Ал мен нәзік бұтағынмың, Өзіңнен мен қуат аламын. Менің Құтқарушымсың Сен.

2.Сенен алған сезімнен жаным қуанып тынышталады. Жүрегім Саған жақындайды Құтқарушым,жан Тәңірім.

Қ-сы: Кейде Сенімен жан Тәңірім, бірге болмаған шағымда, Сол кезде жүрегім қиналып, тыныштық болмайды жанымда.

3.Сенің әр сөзің бізге шындық, Сенсіз өмірде кім едік, Күнә жайлаған өмірде, мағынасыз әр ісіміз.

П. Возр. 1604

Сиынғанда, сиынғанда Құдайменен сөйлесем. Қиналғанда, түн болса да,ұйықтамастан сиынам. Жартқаның алдында мен тізерлеп қол созып, бар қайғымды айтып жалындым: О, Құдайым, мені ұқсаң, жалғыз Сенен күш сұраймын. Күшім кетіп, тұрмын әлсіреп.

2. Сыртта қатты дауыл ұып, бет қаратпайды мұздай қар. Дәл осындай боран болып, жүрегімді сыздатты. Әлсіздігімді сезіп, көзімне жас құйылып, мен Исаға тұрып жалындым: Сен білесің, Құдайым, жүректегі қайғымды. Тұңғиықтан қайтып шығам мен?

3. Жеңіл-желпі оңай өмір тілемеймін мен бір: әрдайым сезіп тұрсам, Сенің құдіретті қолынды. Шырмалынған жолдардан, жағаласқан жаулардан өзің алып шығасың Құдай.

4. Сиынғанда, сиынғанда разы болып, қуанам. Даңқтаймын Сенің мейрімінді және ұлы күшінді. Күш күткенде әлсіреп, азғындыққа алданып, мен жығылдым қарсы тұра алмай. Жүректен шыққан күйік Саған жетті Құдайым. Сиынып сенен қуат алдым.

Сиын қуанған сәттерінде. Қиын шақтарда сиын. /Сиын бақытсыдық төнгенде, қысылған кезде де сиын / 2р.

2. Сиын ашуды женгенде. Қауіп төнген кезде сиын. / Сұрап, жақының үшін сиын. Дұшпаның үшін сиын/ 2р.

3. Сиын әлсізденген кезінде. Менмендігің үші сиын. /Сиын жақыннан айырылғанда.Жаңа өмір үшін сиын / 2р.

4.Сиын сын сағаты қелгенде, өзіңді-өзін женгенде. /Сиын бойынды күнә жайласа, Құдай кешірсін деп сиын /2р.

Сиынуды үйретші Тәңірім, киелі занынды сақтайын. /Тәкаппар жүрегімді өзгертші, иманды болайын әрдайым / 2р.

2. Сен жаса мәңгілік жүрегімде, Киелі Рухыңмен басқарып. /Сүйейін мен Сені жан-дүниеммен. Даңқтайын, айтқанынды орындап/ 2Р.

3.Тазарып киелі Қаныңмен, жүректі мен таза сақтайын. /Қайырымды сүіспеншілікпен, шын жүректен сүйейін жақынымды / 2р.

Сөзінді алдым қолыма, жарық боп жанған жолыма. Әлсіреп әлім таусылса, күш –қуат берер бойыма.

Қ-сы: Киелі кітап – ырысым, күнәға қарсы қылышым. Тастай боп қатқан жүректер, сөзінді оқып жібісің. Мұздай боп тоңған көңілдер, оларды оқып жылысың.

2. Ашықсам оқып нәр алам, нәріңе мұқтаж әр адам. Жол етіп оны жұмаққа, адаспай тауып бара алам.

3. Сөзінді берген жерге Сен, су етіп ішем шөлдесем. Киелі Сөзің болмаса, өмірдің мәнін білмес ем.

Қ-сы: Тәңірдің тірі сөзісің, кеудеме тұнған тынысым. Тастай боп қатқан жүректер, Сөзінді оқып жібісін. Мұздай боп тонған көңілдер, оларды оқып жылысың.

4. Сөзінді Сенің сүйеніп, жығылсам қайта тұра алам. Күнәмнің құны өтелді, Сөзіңнен оқып біле алам.


Сұраймын сенен: қайдан келдің сен? Айтшы, досым, қайда барасың? Ойландың ба: не үшін жасаймын деп, бұған жауап қайдан табасың?

Қ-сы: Аспанды да, жерді жаратқан Құдайымыз Тәңір бар екен.

Адамдарды жерге таратқан, рақым беріп, өмір сүр деген.

2. Шайтан деген алдамшы болған. Азғырды ол Хауа ананы . Адастырған адамды жолдан, қулығы мен зұлымдығымен.

3. Ұқпай сөзін Құдай Әкенің, күнәға біз батып кеткенбіз. Қиналамыз тартып азабын. Біз тозаққа, отқа кетпекпіз.

4. Ұлы Құдай бізді сүйгенде, жалғыз Ұлын жерге жіберді. Күнәмізді мойнына алып, Иса өліп, қайта тірілді.

5. Құдай айтады: Осы құрбандық арылтады деп сені күнәдан. Сенсен, досым, сені құтқарды, күнәң үшін Иса Өзі өлген.
Сүйіспеншілік әңгімесін тыңдандар, ғажайып әңгімені.ь Құдай бізді апаттан құтқарды, мәңгі кешірім берді.

Қ-сы: Құдай бізді құтқарды! Құдай бізді құтқарды!Иса Мәсіх арқылы кешірді. Құдай бізді құтқарды!

2.Ауыр мезгілде сені қинаса, өткен күндер жалғаны, Шын жүректен сіздер сеңіңіздер, Құдай бізді құтқарды.

3. Өмір қайғысының түнегінде, үміттің оты өшсе де, Естеріңде сақтандар: апаттан, Құдай бізді құтқарды.

4. Жер бетінде құмарлық көргенде, азғырылып қиналғанда, Осы сөзді есінде сақтап қал: Құдай бізді құтқарды.

П. Возр. 6


Сүйіспеншілікпен әндетіп, сенімде бірге жүруші ек. /Асуы биік жолдарда, боранға қарсы тұрушы ек / 2р.

2. Аз ғана еңбек етсек те, от болып жанып тұрушы ек. /Түнгі аспанға қарап біз алысқа, көзді тігуші ек/ 2р.

3. Бізді қорқытқан сөздерді, тайсалмай қарсы алушы ек. /Құдайдың сөзін орындап, дүниеде таза жүруші ек/ 2р.

4. Шуақты қымбат жұмаққа, жырлай біз бірге барамыз. /Қайғысы, мұны жоқ жерде, мәңгілік жасап қаламыз./ 2р.

Сыңғырлатып әннің үнін, Тәңірді мадақтап аспанның төрінде, періштелер салтанатты, әндерін, әндерін бірге салды.

Қ-сы: Тәңірді жырландар. Ән салындар бірге, әлем Құдайына. Тәңірді жырландар. Ән салыңдар бірге, әлем Құдайына. Тәңірді жырлаңдар. Даңқта әлем Құдайын.

2. Мейірімділікті хабарла. Күнәһардың бәрін біздің Құдай сүйді. Айқышқа назар салыңдар. Мәсіх біз үшін өлді.

3. Біз үшін азап шегіп, Ол өмірдің соңында өлім мен күнәні жоқ қолып, азап шеккенге тыныштығын береді.

4. Үшінші күні тіріліп, өлімнің тұсауын таң атқанда бұзды. Мадақтау әнін жырландар, өмірді мәсіх берді.

Тазалап мені, арылттың мүлде күнәдан. Алғысымды айтам шын жүрекпенен мен Саған. Мәңгілік сүю шын көңілменен Исадан. Иса сүйеді, Иса сүйеді.

2. Өмірдің мәнін түсіндім енді жанадан. Қуаныш шексіз, тасиды толқып шамадан. Өзгертті Иса, жасады менен жаңа адам. Иса сүйеді, Иса сүйеді.

3. Жолдаймын жырды, жүректен шыққан лаулаған. Сыйладың маған арманымды Сен аңсаған. Даңқталсын атың Көктегі Әкем, әрқашан. Иса сүйеді, Иса сүйеді.

Тамаша, ғажайып Геннисарет көлі. Таза, мөлдір суымен Исаның бейнесін жарқын сәулелі су бетінде көрсеттің.

2. Қазір біздің бақытты жүрегімізде Рухымен Ол мекендейді. Неге су бетіндегідей, бейнесі анық бізде көрінбейді?

3. Мүмкін біз күмәнданатын да шығармыз. Әбігер шегіндіреді. Әлде өмірдің екпінді толқынынан Мәсіх бізде көрінбейді.

4. Геннисарет көліндей біі де болайық. Жанымыз жарқын болсын. Назареттегі Мәсіхтің пәк бейнесі біздерде шағылыссын.

П. Возр. 698

Тамаша, Өзіңмен бірге болған. Біз Сені бірігіп даңқтаймыз. Тамаша қиыншылыққа шыдасаң, үмітпен мақсатқа жетеміз.

Қ-сы: Тамаша, жүрегің таза болса . Тамаша жамандық болмаса. Тамаша жан тыныштығын алсақ. Тамаша, Құдаймен табысқан.

2. Тамаша, жаның мен өмірінді Мәсіхке сеніп сен тапсырсаң. Тамаша, азғындықты тойтарып, зұлымдыққа қарсы тұра алсақ.

3. Тамаша, Исамен барлық жерде.Онымен өміріміз жеңіл . Тамаша, Исаға жүректі ашсақ. Тәңір Ием бізді қолдайды.

4. Тамаша, Құдайдың қол астында. Тастамайды Ол бізді ешқашан. Тар жол, тайғақ кешумен жүргенде, қорғайды Иеміз әрқашан.

П. Возр. 799


Таң атқанда оянып, Сені шақырам. Қуанып мен ән салам, Сені шақырам. Қуанып мен ән салам, Сені жырлаймын. Аңсайсын Сен менің жырымды, Саған арналған өмірімді. Күні бойы сені мақтаймын, махаббатынды жариялаймын.

Қ-сы: О, Иса! О, Иса! О, Иса! Дәл қазір келші маған, сағындым мен. О, Иса! О, Иса! О, Иса! Дәл қазір келші маған, таң атқанда. Мен сені сүйем. Мен бас ием, Тәңірім-ай Аңсайсың Сен менің жырымды, Саған арналған өмірімді. Күні бойы Сені мақтаймын, Махаббатынды жариялаймын.

Таңым Өзіңмен атқан, кешім өзіңмен батқан. Құдіретіңнен айналдым, бар әлемді жаратқан. Өзіңе ғана сенемін, бір ғана шындық білемін. Сарқылмас суынды әр күні аңсап келемін.

Қ-сы: /Көктегі үйге самғаймын, әділ жолдан таймаймын, Әкетайым Өзіңе өмірімді арнаймын/ 2р.

2. Орындалып Тәңір Сөзі, қарттарымыз түс көрсін, Рухани ашық көзі жас жігіттер аян көрсін, Рухани ашық көзі жас жігіттер аян көрсін, Ұлдарың мен қыздарың пайғамбарлық түс көрсің, Рухани ашық көзі жас жігіттер аян көрсің, Ұлдарың мен қыздарың пайғамбарлық түс көрсің, Халқымыз құтқарылып, теріс жолдан қайтсың.

Қ-сы: /Жасайық тек Сөзіңмен, болайық тек Өзіңмен.Тар жолдан тайып кетпей, шыдайық тек төзіммен./ 2р.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет