Адамдарды Жаратушымен тілдескеннен артық. Не жұбаныш, не қуаныш біз мүлде таппадық



бет3/7
Дата13.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#133975
1   2   3   4   5   6   7

Иса Мәсіх тек Өзіңе табынамын. Бір Өзіңді көрер күнді сағынамын. Сүйем Сені, балам бол деп шақырдың. Күнәм көп қой, кешір Әке, жалынамын.

2. Кешір Әке, кешір Әке, кешірдің. Күнәмді Сен Өз қаныңмен өшірдің. Күнәнің мен құлы болып жүргенде, Өз Сөзіңмен ұлың етіп өсірдің.

3. Ата-бабам сенген менің Құдайым, тек Өзіңнен ақыл-кеңес сұрайын. Жүрегім де, көңілім де тазарып, бір ісіңе Әке мен де жарайын.

Иса Мәсіх тірілді! Аллелуйя! Салтанатты киелі, аллелуйя! Айқыш белгі ұстаған, аллелуйя! Азапқа төзе алған! Аллелуйя!

2. Ән дұғаны айтайық, аллелуйя! Иса Патшамызға біз, аллелуйя! Азап өлімге шыдап, аллелуйя! Күнәліні құтқарған, аллелуйя!

3. Шыдаған сол қорлығы, аллелуйя! Бізді сақтап, қорғады, аллелуйя! Қазір аспанда Патша. Аллелуйя! Періштелер де сонда, аллелуйя!

4. Тәңірге ән айтамыз! Аллелуйя! Аспан қожаларына, аллелуйя! Дұғамыз біздің мәңгі, аллелуйя! Әке, Ұл, Киелі Рух, аллелуйя!

Иса мені қабылда, керек емес өзге жол. Бауырыңда паналат, айтар тілек менде сол. Асыл тастай тазала, лағыл тастай жалтырат, даңқың үшін. О,Иса, нұрыңменен жарқырат.

/ Иса – менің панам, қорғаныш Ол маған. Құтқарылу күніңде мен атыңмен мақтанам. Сенемін Саған, сенемін Саған. Әлсіздігімізді сезіп, Иемнен күш алам / 2р. Сенемін Саған.

/ Иса – наным менің. Иса – шырыным менің. Иса – тыныштығымсың. Менің қуанышым қуатым. Иса – жолым менің, Иса – жарығым менің. Иса – Тәңірім менің. Менің өмірім мен үмітім / 2р.

Иса өзгертші мені, кемшілігім көп себебі. Құрметтеймін тек Сені. Сендей болғым келеді.

Қ-сы: / О, Иса, Сендей болғым келеді / 2р.

2. Енді менің жүрегім Саған ғана сенеді. Сенсіз жалғыз тірегім, Сендей болғым келеді.

3. Үмітім бар өшпейтін, әлі – ақ лаулап жанамын. Сенімім бар өлмейтін. Сендей түбі боламын.

Иса, Сен біздің арамыздасың. Бізді Рухың жетелейді, Күнәларымызды жойдың Сен. Сенің тағың аспанда.

Қ-сы: Тәңірім, Сен – Тәңірсің бұл әлемге. Тәңірім – Сен. / Жан – тәніммен табынамын / 2р / мен Саған.

2. Құтқарып Сен бізді күнәлардан, мәңгілік өмір бердің. Қорықпаймын мен енді өлімнен, даңқтаймын Иса Тәңірді.

3. Бұл дүниенің жарығысың Сен, кім Саған еремін десе, Қараңғыда ол енді жүрмейді, жарығыңа болады ие.

Иса сені сүйеді ей, бауырым! Есігі ашық сен үшін әр қауымның. / Тәубеге кел ағайын, өтінемін. Кімге керек уақытша сауығың / 2р.

Қ-сы: Мәңгілік өмір береді, Оның қолында себебі. Күтіңдер, іздеңдер, асығыңдар! Иса жақында келеді, келеді. Иса жақында келеді.

2. Көкке бізді Өзімен әкетеді, Қабылдасаң Исаны сол жетеді. / Атымен тек Ұлының келерсің. Ақ ниетпен айтылған уәде еді / 2р.

Исаны түсінбедік бәріміз де. Күнәға үйреніпті тәніміз де. Құтқарып қалады деп әр нәрсеге, сиынып табындық қой бәріміз де.

Қ-сы: / Ой, адамдар, адамдар, жүректеріңе қарандар. Иса келіп қалар. Сенгендерді алар. Сол уақытта өте кеш болар / 2р.

2. Көздеріңді ашыңдар бауырларым, күнәға толпты тамырларың. Қан емес күнә жүр – ау тамырыңда, иманнан адамзаттар айрылдың ба?

3. Ләззатты тапқансың ба арақпенен. Шайтанға беріліп сен денеңмен. Исаның көмегімен табарсың сен, аспандағы орынды жұмақ деген.

4. Өміріңді арнағын Оған сеніп, жүректрді ашындар, шын сеніңдер. Сеніп тәубе қылсаңдар адамзаттар, мәңгі өмір сүресің Тәңірменен.

Кел, барайық Ғолғотаға! Мәсіх онда шалынды құрбандыққа. Науқасты емдеп, өліні тірілтіп, шындықты айтты. Енді Өзі өлді. Тізе бүгейік!

2. Кел, барайық Ғолғотаға! Әлемге өмір суын берген Жанға. Азап шегіп, Ол жаны қиналғанда, сірке су береді, су сұрағанында. Тізе бүгейік!

3. Кел, барайық Ғолғотаға! « Кешір оларды» деп өтінді сонда. Біз үшін қиналып, тартқаназапта Мәсіхтің сөзі Әкемізге жетті. Тізе бүгейік!

4. Кел, барайық Ғолғотаға! Қайта Мәсіх көзі түсті аспанға. «Әкем, Сен неге Мені тастап кеттің?» Бауырым, сені, мені қабылдауға. Тізе бүгейік!

5. Кел, шығайық Ғолғотаға! Исаның сөзі естіледі онда: «Рухымды Саған Мен тапсырдым енді!» Біз үшін жанын Мәсіх құрбан етті. Тізе бүгейік!

6. Кел, шығайық Ғолғотаға! Көрейік. Біздің күнәміздің уы Мәсіхті азапта қалай қажытты, бізді құтқаруға қымбат құн төледі, Тізе бугейік!

/ Келемін Саған, Жаратушым. Сенің шексіз махаббатың таусылмайды рахымың / 2р.

Қ-сы: / Ұлысың Сен. Сен ғажайып Ұлысың. Сенен артық бір күш жоқ. Саған ешкім тең келмес / 2р.

2. / Келемін Саған аңсап Сені. Жүрегімді жадыратшы мәңгілікке жасашы / 2р.

Кел, кел бізге Еммануил, Құдай бізбен бірге – Еммануил. Күтеміз біз сені Еммануил. Тәңір бізбен бірге – Еммануил. Шаттан, шаттан, шаттан, Қазақстан! Еммануил Саған келмек. Еммануил, Еммануил. Оның аты – Еммануил. Құдай бізбен бірге, оның мәні білініп тұр. Еммануил.

Кенде емес қой Жаратушым ақыл берген данаға, Кенде емес қой Жаратушым ақ сүт берген анаға, Барлық ұлтты күнәсінан тазалаған Құдайым, Біздер үшін айқышқа да шегеленді емес пе.

Қ-сы: О-о-о, О-о-о, Рухымның патшасы бол, Иса Мәсіғім. О-о-о, О-о-о, жүрегімнің патшасы бол, Иса Мәсіғім.

2. Ей, адамдар жол ашыңдар Құтқарушы келеді, Жүрегіңді аш, бауырларым, Мәсіх ішке кіреді. Көп адастым кешір мені, кешіре гөр Құдайым, Жүрегімнен орын ал да, баста мені Тәңірім.

3. О, Тәңірім сені білмей, көрмегендер қаншама, Бауырларым, солардың да көзін ашқын шаршама. Құдіретіңе тағзым етіп, бас иемін Құдайым, Саған ғана сенім артам Жаратушым, Жан Ием.

4. Ояныңдар, оян қазақ бауырларым, ояныңдар, Ақырзаман таяп қалды, ойланыңдар, ойланыңдар, Қалғымаңдар, мүлгімендер, дұға етіңдер әрдайым, Осында кел бауырларым, тәубе етіндер әрдайым, Осында кел бауырларым, тәубе етіңдер Құдайға.

5. Қара түнек қарңғыдан алып шықтың пенденді, Жан дүнием жарық көріп, жаным рахат табады енді. Асығыңдар бауырларым, қазір барлық есік ашық, Асығыңдар, енді біраз күндерде ол жабылады.

Керемет Иесі Тәңір! Шаттанып, мақтап, қуанып, ардақтап бәрің әндетіңдер! Тірілді Мәсіх! Тірілді!

2. Керемет-Мәсіх тірілді! Сыймайды жүрекке қуаныш. Барлығы енді ән салады.Тірілді Мәсіх! Тірілді.

3. Құдай Ұлы-Құтқарушым, ардақ Саған, құрмет Саған! Мәңгі Саған бас иемін мен, ұлылығың артсын! Аумин!

Кетпеші, Иса, менен кетпеші. Сенсіз мен қорқамын өмір жолында, орманда жүрген жолаушыдай жалғыз. Сен менің қасымда әрқашан болшы.

Қ-сы: Бала кезден теріс жолменен жүрдім. Тек Сен ғана мені сақтадың. Жамандығы көп Тәңірім дүниенің.Кеңесің керек, мені қалдырма.

2. Тас жүрек адам сүюді білмес. Шын бақыттылық-өзгені сүю.

Құдайсыз өмірдің мәні де болмас. Сүюші Ием мені қалдырма.

3. Мәңгілік көктемді кездестірсем мен, Сенімен Иса Тәңірім өлсем де. Қабірден оят Елазар сияқты, өлімнен өткіз мәңгі өмірге.

Кешір мені, Құдай, өте кеш келдім. Кешіре гөр, жалынамын Құдайым. /Кешір Сені ертерек мен білмедім. Сөйтіп жүріп жалған досты тыңдадым/ 2р.

2. Қарсыластым Сенімен, кешір мені. Айқыш ағашқа аямай қақтырдым, /қиналуға мәжбүр етіп мен Сені. Кешіре гөр, азап отына салдым/ 2р.

3. Өз қолыңмен жібітіп жүрегімді, ояттың мәңгілік өмірге мені /Көзімді ашып өткен өміріме, көрсеттің Сен күнәһар екенімді/ 2р.

4. Алдында дұға етіп бас иемін. Өзқолыңмен жетелеші Тәңірім. /Арнаймын бар өмірімді Өзіңе, көмектесші қасиетті күресте/ 2р.

5. Бұдан былай ісіммен де, сөзіммен даңқыңды мен асыруға сөз берем. /Нұрды көріп жарқыраған бойымнан, келе берсін жұрттың бәрі саған/ 2р.

Кешіріп, бір-біріңе қайрылмасаң, ренжіткен адамдарды сүйе алмасаң, айтарым: сен Құдайды танымайсың. Өйткені: «Құдай-сүю» деп жазылған.

2. Кей кезде көңіліңе түсер қайғы, жабырқап мына өмірден түңілгенде. Сонда да еңсеңді көтер, бауырым. Ұлы Құдай сүйеді сені қандай.

3. Сен сүйгін сені сүймейтін адамды. Жойылсын залым ойлар тым қаранғы, сонда сен бәрін жеңіп шығасың. Сенімде шыдамдылықпен бол табанды.

Киелі Рух көз бердің. Көмейіме сөз бердің. Дүние бүкіл дөңгелеп, көз алдымда өзгердің.

Қ-сы: /Күнәмді Сен кешірдің, пәк қаныңмен өшірдің, Ашып бердіңмен үшін мәңгіліктің естігін/ 2р

2. Иса Мәсіх, жан Ием, бүгін, міне, кез келдің. Құдіретті Құдайдың аузындағы сөз бе едің?

3.Сен Құдайдың Сөзісің, бір Құдайдың Өзісің. Құрбандыққа шалынған Қасиетті «Қозысың».

Киелі Рухым сүйенішім-ау, атемді ойлап күдейді ішім-ау. Мынау дүниеалдамшыекен Киелі Рухым жетелемені

2. Киелі Рухым басқарушым-ау, сырымды Саған ақтарушм-ау, Өмірде маған сүйеніш болшы, бас иіп Сенен сұранайын-ау.

3. Иса Мәсіғім Құтқарушым-ау, сүйікті Ұстаз басқарушым-ау, Еркіндік маған сыйлаған Өзің. Аағысым шексіз, о, Тәңірім-ау

Киелі Тәңір, керемет Мәсіх. Шаттанып, мақтап, қуанып, Ардақтап бәрің әндетіңдер. Тірілді Мәсіх! Тірілді

2. О! Керемет! Мәсіх тірілді! Сыймайды жүрекке қуаныш. Барлығы енді ән салады. Тірілді Мәсіх! Тірілді

3. Құдай Ұлы Құтқарушым, ардақ Саған, құрмет Саған! Мәңгі Саған бас иемін мен. Ұлылығың артсын! Аумин.

Киелі Тәңір, ұмытыламсаған. Жан тыныштығысенде, білемін.

Қ-сы: Кеуденде Сенің табамын тыным, басылады жүрегім менің.

2. Білемін Сенде мәңгі қуаныш және баянды махаббат.

3. Ешкім мені енді айыра алмайды, бұл мәңгілік қуаныштан

4. Келгенде менің ақырғы демім, қабылдарсың мені, сенемін.

Көк, Аспан күтеді мені, қуаныштың болмайды шегі, Кездесем Тәңірім Исамен, киелі Рухпен, Әкеммен.

Қ-сы /Гүл тәжі, әрине гүл тәжі, беретінсыйлығы Әкемнің/ 2р, /аллилуйя, аллилуйя, аллилуйя, аллилуйя/ 2р.

2. Жұмақтың қаласы шашып нұр, айнала періште, толған гүл. Жүздері жарқырап достарым, Исаның келуін күтіп тұр

3. Кездесем Петірмен, Жоғанменжәне көп киелі бауырмен. Құшақтайды мені олар жақын кеп. Таусылмайды қуаныш, тасып көп.

Көктегі Әкемізге болсын деймін мадақ. Оның мейірімділігі бізбен бірге болмақ. Көктегі Әкемізге болсын деймін мадақ. Оның рақымдылығы бізге жетіп тұрмақ.

Қ-сы: / Сән-салтанат Иемізге. Бар мақтау Құдайға! Киелі Рухың біздерге жар болсын Аумин! / 2р

2. / Құтқарушым Саған да болсын деймін мадақ, Сенде ғана сая тапты күнәһар ұрпақ / 2р.

3. / Киелі Рух Саған да болсын деймін мадақ! Құтқарылу, шындық жолын көрсеттің анық / 2р.

Көктегі Тәңірім менің, Патшам Саған табынам, Құтқарушым Иса Сенің атыңменен сұранам.

2. Мұқтаждықты Сен білесің, шақырғанда Сен келесің, Тілегімді Сен қабылдап, игілігіңді төгесің.

3. Дұға оқитын үйді де бердің Тәңір Сен бізге, Күнде Өзіңмен тілдесіп, Саған қызмет етуге.

4. Әке Сен бізге қуат бер. Рухыңмен Өзің жетеле, Сен туралы біз хабарлап, пайдалы жеміс беруге.

5. Өзің берген үйді Тәңір Өзіңе біз тапсырдық, Таңдағаныңды жинап Сен, батаңменен жарылқа.

6. Қойшысыз қолдай адасқан күнәһарлардың барлығын, Бір Өзің іздеп шақырып, құтқара көрші күнәдан.

Көктем келді айнала құлпырып, жер жасылын жамылып. Құстар келді, әндете сән құрып, көктемгі күн жылынып.

Қ-сы: Қуанышты сонда хабар естілді, Ием Иса тірілді! Қуанышты сонда хабар естілді, Ием Иса тірілді, тірілді!

2. Құдіретті ісі бұл Құдайдың, ескі жылан езілді. Құдай ұлы Мәсіх өліп, тіріліп, өмір жеңді өлімді.

3. Бар әлемді өлімнен құтқарып, мәңгі өмір сыйлады. Киелі Рух жан – дүниемді ақтарып, жаңа өмір басталды.

Көз тігіп, достым, қарашы, жап-жасыл көлдің жағасы, Тыныштық бәрін жайлаған, адамдардың арасы. Көгершіндер ұшады көл жағалап, биіктей, Бу шығады болымсыз, сағым ойнап киіктей.

2. Самалы әлсіз еседі, еркелеп жүрген баладай, Көгілдір аспан астында бұлттар көшті жағалай. Құдіретті Құдайдың бәріне жетер шамасы, Табиғатпен көрсеткен ғажабын Оның қарашы!

3. Ал, халық неге жиылған, мейрам ба, мына арада? Ақ шағаладай тізіліп, кімдер тұр мына жағада? Ұлттары бөлек, тіл бөлек, киінген бірдей бірақ та, Көздерін тікті оларға, бар адам тұрған жырақта.

4. Олар шомылдыру рәсімінен өтіп, тазаруға келгендер, Құдіретті Құдайға сеніп, соңынан Оның ергендер. Жүрегі бір, сенімі бір, рухы бір адамдар. Бір дене оның тұрағы, мүшесі болып енгендер.

5. Жүрегі тұнып шаттыққа, қуаныш билеп бойларын, Бақытты жүзбен қарайды, орындап Әке ойларын. Тәубеге келіп, шомылып, тазарып шыққан өздерін, Баласы деп санайды, сүйетін Құдай Сөздерін.

6. Тар жолға түстің тарықпа, шыдамдылар жетеді. Төзім беріп жетелер, Киелі Әке жетегі. Адастырмай апарар, көпірмен Иса Тәңірім, Көктегі Әке пейіші-мәңгілік өмір үйіне.

Күйе басқан шырағыңның шынысын тазалағын. Жарық қыл үйдің ішін, қараңғы қаптамасын.

Қ-сы: Сұраймын, бауырларым, сұраймын, біртуғаным, Тазалашы жүрегіңді Исаның сөздерімен.

2. Қанша үй қараңғыда, күнәнің тұтқынында. Іздейді өмір суын, айтып бер сұрағанға.

3. Жарқырайды үйдің іші, қолымда Киелі Інжіл. Оқимын Тәңір сөзің, ішемін өмір суын.

Қ-сы: Тазартты жүрегімді, жоқ қылды күнәларды. Тәңірімнің жүзі өткір қылышы, ылышы.

Күлімдеп күннің көзі, бойыма жылу берді. Киелі Тәңір Сөзі жаныма қуат берді. / Тәңірім, сүйем дедің, жанарым күлімдеді. Арманым бұдан артық бар ма менің / 2р.

2. Жарқырап көрінеді мәңгілік өмір лебі. Жүректен сезіледі Тәңірдің ыстық демі. / Өмірдің қайнар көзі – Киелі Тәңір Сөзі. Сол күні жер бетіне келді Өзі / 2р.

3. Жұбатып көңілімді, өзгерткен өмірімді. Қуантқан жүрегімді, сүйемін Тәңірімді. / Арыны төгіледі, өмірдің берекелі. Күнәнің құлдығында жоқпын енді / 2р.

Күнәмді айтқым келмеп еді, сонда қол – аяғым сырқырап, Күні бойы жүрдім ыңқылдап, күні бойы жүрдім ыңқылдап.

Қ-сы: Әділетсіз ісі кешірілген,күнәсі ақталған бақытты! Мойнына Тәңір кінә қоймаған, Тәңірді алдамайтын бақытты!

2. Себебі Сенің қолың зілдей боп үстімде жатты. Сонда жаздың аптабындағы көк шөптей солып қалдым.

3. Күнәмді Саған арттым, қылмыс пен әділетсіздікті Өзіңе жасырмай айттым. Сонда Сен мені кешірдің.

4. Құдайсыз адамдар бақытсыз. Ал егер Тәңірге сеніміңді жүктесең, Ол бақыт береді. Рақымымен Құдай қоршайды.

5. Тәңірге қуаныңдар, әділдер шаттаныңдар! Шын жүректен адалдар, қуанып, ән салыңдар!

Күнәһардың барлығын Иса Өзі шақырады, Әділ жолмен жетелеп, күнәһарды құтқарады!

Қ-сы: Естігендер барлығы, шақырғаның түсінсін. Күнәһардың барлығын Иса Өзі шақырады!

2. Досым, жолдан адассаң, іздейді Ол артыңнан. Адасқанды құтқарар, Иса Өзі шақырар!

3. Исаға келсеңіздер тыныштық, бақыт берер, Күнәһардың барлығын Иса Өзі шақырады!

4. Батыл болған достарым! Құтқарар бізді таза қан. Күнәһардың барлығын Иса Өзі шақырады.

Күнәһармын мен бейшара, рас ол. Бір Құдайсыз қарық болмаспын сыйға мол. Сүйіспеншілікке толмай әсте тұла бой: Құтқарылмай, - деп жүрдім мен,- өтем ғой.

2. Шын сеніммен Тәңірге мен қараймын. Өзі берген жан тыныштығын қалаймын. Естігенде жан Әкемнің сөздерін, Оның атын мадақтап, мен жырлаймын.

3. Күнә менен қорқыныш ғайып болар, керемет Бағушым деген ой келсе. Дайынмын – ау Сендей өмір сүруге, қуанышты Сенімен бөлісуге.

4. Киелі сыйлардың патшасы – Сенсің. Шындық Сөзі, жанымның Қожасысың. Мейлі, рухым жарлы болсын алдыңда. Демек, мұқтаж болу үшін тек Саған.

Күннің көзін қара бұлттар қаптаса да, күнәлар жолыңда тұрып алса да, қасіретке, қайғыға сен батып жатсаң, тәубе ет Аспандағы Патшама.

Қ-сы: / Патшама, Патшама, мен үшін қан төккен Патшама / 2р.

2. Өкінесің сен тұманда қалғаныңа, Өз жолыңнан адасып кеткеніңе. Тәңірім тура жолға салды енді, мың рахмет Аспандағы Патшама.

3. Бұл майданда азғырылып жығылғанда, қара тұман сені қоршап алған кезде, Тәңірдің Киелі Сөзін алып қолға, жылап сиын Аспандағы Патшама.

4. Жеңістерге Иса Тәңір шақырғанда, отың өшіп, бір туғаным, артта қалма. Жеңістен жеңістерге алып барған, мың рахмет Аспандағы Патшама.

Кім бар аспанымда менің? Сен, ғана, Өмірімдегі әнім Сен. О, Иса! Ол мен үшін отта болды Мені қанымен ақтады Маған, Әкеме, О, Иса, жол ашты.

2. Жалған дүниеде қызық жоқ. Сен, ғана Қажет емес олар маған. О, Иса! Жалған мәңгілік бере алмайды Оның бәрі қажет болмайды Менің қуанышым шексіз, о, Иса!

3. Кедей болсамда тәніммен. Сен ғана Мені білесің Сен жақсы, о, Иса! Жүзім өнімді бермесе Бидай егісін салмаса Малға жұт түсіп қырылса, о, Иса!

4. Жау мен оттың арсында-Сен Ғана! Күнә жан-жақтан таласа-о, Иса! Жалған дүние қарсы шықса Барлық жаулары жабылса Сенде мықтылық күшім бар – о, Иса!

5. Бұл үмірмен қоштасқанда – Сен Ғана Сенің қолында тыныштық – о, Иса! Қайғы жанымды қысқанда Табиғат күші өшкенде Әнім өшпес от ішінде-о, Иса!

Қазақстан – елім бар, ұлан байтақ жері бар. Кең пейілді, ақ көңіл, бауырмалды халқы бар. Мақтан етіп ардақтайтын, ұлдары мен қыздары бар. Түркістан мен Отырардай қасиетті жері бар.

2. Арыстан – баб, Яссауи - әулиесі тағы бар. Құдай берген бар байлық Қазақстан жерінде. Жалғыз ғана Иса жоқ, қазақ, сенің төріңде. Білмей Оны кетпеңіздер, қазақ, осы күйінде.

3. Қазақстан ұлдары, Қазақстан қыздары, шын жүрекпен қабылда, Құтқарушы Исаны. Иса болса жүректе, барлық елдің ұлттары, құтыласың сонда сен, тозақтан да, оттан да.

4. Енді қазақ бауырлар, мына сөзді тыңдаңдар, көкті Құдай жаратқан, жерді Құдай жаратқан. Сен сиынған әулие – оны Құдай жаратқан. Құтқармайды әулие, тозақтан да, соттан да.

5. Жаратушы Құдайдың жаратқанына табынып, адаспаңдар қазақтар, адаспаңдар қазақтар. Жерде емес қасиет, елде емес қасиет. Жалғыз ғана Исада, құдіретті қасиет.

Қайғы тартып қиналғанда, жол таба алмай адасқанда, бір Өзіңе келдім Әке, көрінбейтін болсаң да. Қараңғыда жатқанымда, күнәға әбден батқанымда, бар екенсің сездім, Әке, көрінбейтін болсаң да.

Қ-сы: Көрінбейтін Көктегі Әке, бір Өзіңе сиынамын мен. Жүрегімнен шыққан осы әніммен. Бар әлемді жаратқан Ием. Аспаннан нан жаудыртқан Ием. / Көрінбейтін Көктегі менің Әкем / 2р.

2. Жан жүрегім жылағанда, әлсізденіп құлағанда, ұмтыламын Саған Әке, көрінбейтін болсаң да. Өзің мені құтқарғанда, көңілімді жұбатқанда, басымды идім Саған Әке, көрінбейтін болсаң да.

Қайғы тартып қиналғанда, О, Құдай, Саған келем. Әлсіз болып, күш кеткенде, аяғыңа жығылам.

Қ-сы: О, Құдай; саған келемін, рухымды қайта тірілт. Мейіріммен қуат беріп, Өз қолыңа ала көр.

2. Азапты өмір сүріп келдім, қайдан тыныштық табамын? Саған келдім, Құтқарушым. Сенен енді кетпеймін.

3. Жаным кейіп, налып тұрмын. Өзің мені жұбатшы. Өмір қиын, шаршап тұрмын. Өзің мені жетеле.

Қай мезгілде де болшы менімен, тұңғиық түнде болайық бірге, Әлсіресем мен жұбатасың Сен, көмекшімсің ғой, болшы менімен.

2. Маған керексің Сен сағат сайын, азғынды жеңер рақымың Сенің. Сендей болып кім жетелер мені, барлық жағдайда болшы менімен.

3. Күндер зымырап шапшаң өтеді. Шат күндер өтіп, күн келер бұлтты. Орта бұзылып, өзгерді бәрі. Тек Сен мәңгісің. Болшы менімен.

4. Жаудаң қорықпаймын Сенің батаңмен. Ауру жеңіл, қайғым жоқ менің. Өлім зәрі мен барлық қатерден сақтап, қорғап Сен болшы менімен.

5. Айқыш белгіні көзімді жұмсам, жөн сілтеп әркез Сен көрсет маған. Жарқырап тұрсың бұлт арасынан. Өмір, өлімде болшы менімен.

Қалдым мен тоғай ішінде, тұман қаптап, көрсетпейді еш нәрсе. Уайым – қайғы жүректі езеді. Қарсы шықтың тұман, сен бізге.

Қ-сы: Күннің нұры – Иса Мәсіх Өзіңсің, Өзіңсің. Құдайым жіберді ел үшін, мен үшін. Сенен басқа маған бақыт жоқ, өмірім – Сен. Басымды ием Саған, күнәмді кешірдің.

2. Кесіп өтіп қалың тұманды, күннің нұры маған жол салды. Жетеледі мені үйіме, тұманнан мені құтқарды.

Қандай рахат, бақыттымын. Құдай құтқарды. Көкте, қасиетті елде маған орын дайын.

Қ-сы: Даңқ Исаға мен үшін, Ғолғотада қиналған. Аллелуйя, аллелуйя, аллелуйя! Аумин.

2. Жердегі байлық тең келмес, онда алтын қала. Исамен мәңгі тұрамын топырақ болсам да.

3. Түнегі жоқ киелі елде күн нұры сөнбейді. Бар жүрек мақтан айтады, жылау да естілмейді.

4. Бауырлар, ол дүниеде қуаныш берілді. Бәріміз алатын жарық мұнда нұрын шашты.

Қанша қиындықтар өмірімізде өтіп жатқанда, Қуанышсыз күндері адам қайғырудан шаршағанда, Құдайым, сұраймын, жұбаныш әкелші жаныма. Әкелші, әкелші жаныма. Әкелші жаныма.

2. Асығып жүргенде, тіршілік арасында кеткенде, Көңілім толмайды, Сенсіз істеген әр ісіме. Өзіңнен сұраймын, сенімімді сақташы жаныма, Сақташы, сақташы жаныма, сақташы жаныма.

3. Әлсіздік келгенде, уайым күндері маған жеткенде, Мені тастамайсың, сенемін Сенің колдауыңа. Жалғыз қалғанымда, сөйлейсің жүректен жаныма, жүректен жаныма.

4. Тыныштық іздеймін, аспанда нәзік түн жамылғанда, Сұлу ай жарқырап, жұлдыздар төгіліп жанғанда. Сонда мен сеземін, бір Өзің керексің жаныма, Керексің, керексің жаныма, керексің жаныма.

Қап, Құтқарушым қан төкті, құрбан балды Патша. Қасиетті жанын қиды мендей бейшараға.

2. Қылмысым үшін Ол тартты айқышта азапты. Бұл аяныш пен рақымы, шексіз махаббаты.

3. Жаратушы құрбан болды барлық күнә үшін, тұңғиыққа күн де батты, бүркеп салтанатын.

4. Көргенде айқыш белгісін, қарауға батпаймын. Алғысқа толы жүрегім, жасқа толы көзім...

5. Көздің жасы көмек етпес өтеуге парызды. Ұсынамын мен Иеме, мәңгіге өзімді.

Қараңғы түнде тыныштық енгенде, сен ұйықтамайсың анам менің. Естимін ерніңнің жәй ғана сыбырын, атымды қайталап сиынасың.

2. Егер қасымда сен болмағаныңда, төзер ме едім қиындыққа. Анам сен мені Құдайға жолдадың, Құдай қауымына жетеледің.

3. Өмірден қалған бетіңдегі іздер балалық шақтан таныс маған.

Жайсыз мінезіммен тыңдамай сені мен, жүрегің жаралы – жыладың сен.

4. Менің қайғымнан ағарды шаштарың. Білемін оған себепші мен. Кешір, анашым, кешірші анашым. Көп қайғы тартқыздым, кешір мені.

5. Бар аналардың балаға арнаған дұғасын Тәңірім қабыл алсын. Мәңгілік орында аналар да көрсін, ұлдары мен қыздарын да.

Қиналсам да бұл өмірде, сен тұрасың жүрегімде. Тар жолменен өтіп келем, жалғыз Өзің тірегім де. Елім алыс, бірақ Саған қайырылмайды. О, Құдайым, көмегіңсіз еш болмайды.

Қ—сы: Құдай Әке, құтқара гөр бауырымды. Иса, Ием, құтқара гөр елімді. Өтініп мен Сенен сұрап тұрмын.

2. Дауыл соғып долданса да, жалғыз Сенсің елге пене. Жұмыр жер мен көк аспан да, барлық билік Сенде Иса. Елім алыс, бірақ Саған қайырылмайды. О, Құдайым көмегіңсіз еш болмайды.

3. Жаным күйеді солар үшін. Әрбір бейбақ қазақ үшін. Арашала тозақ оттан, менің халқым құтқарылсын. Елім алыс, бірақ Саған қайырылмайды. О, Құдайым көмегіңсіз еш болмайды.

Қозыны жетектегендей, Бағушым, алға апар. Сенің үнің кең жайлауға, тынық суға шақырар.

/ Құтқарушым! Құтқарушым! Мен үшін Сен қан төктің / 2р.

2. Маған дос бол жер бетінде, сақта қозыларыңды. Жетекте көк шалғынменен, құтқар адасқандарды. / Құтқарушым! Құтқарушым! Сен күнәмді кешірдің / 2р.

3. Игіліңді бере гөр, уәдеңді Сен орында. Ұзақ жолдан қайтқан кезде, Ием, мені қабылда. / Құтқарушым! Құтқарушым! Жақындата гөр мені / 2р.

4. Маған өсиеттеріңді сүюге қабілет бер. Үйрете көр сүйіспеншілікпен мені өмір сүруге. / Құтқарушым! Құтқарушым! Мені жалғыз қалдырма / 2р.

Қорға Тәңірім, мені қорға Тәңірім! Қорға мені мына дүниеде. Қолымда кітабың Киелі сөзіңмен. Қорға Тәңірім, мені қорға Тәңірім!

2. Даналық бер маған Киелі сөз, жүрекке – сүйіспеншілік, Мәсіх Рухын. Мәңгілікке мені жетелеші Өзің. Қорға Тәңірім, мені қорға Тәңірім!

3. Қай жерде жүрсем де, сөздеріңді халыққа естіртем Мәсіх ісін. Сол кезде дұшпендар ізіме түскенде, қорға Тәңірім, мені қорға Тәңірім!

4. Күнәлі өмірге қызықсам мен, Сен маған қуат бер алданбауға. Қасиетті сенімде тұрақты болуға жетеле Тәңірім, қорға Тәңірім.

Қуанам Құдайымды тапқаныма, арайлап сол бір таңның атқанына. Жүректің лүпілдеген жалынымен, паш етіп ақиқатты жатқаныма.

Қ-сы: Сен менің Иса Тәңір, Құтқарушым. Мендей боп барлық халқым құтқарылсын. Қабыл ал, ей адамдар, ақиқатты. Сенің де Иса Тәңір Құтқарушың

2. Тапсыр да тағдырыңды Құдайыңа, әрқашан сиынып жүр ұдайы да. Қадам бас мәңгі өмірге, ақиқатқа. Белшеңнен бата берме уайымға.

3. Мәңгілік, -ол мәңгілік-Иса жолы.

Бұрын күн түсінбеппіз біздер оны. Күнәнді кешіреді Ол қайырылсаң, сол Иса сен үшін де құрбан болды.

4. «Танысын, міне, осыны» деп туыпты. Сене Ол тілемейді көп білікті. Ақиқат-Иса жолы-Құдай жолы. Бауырым, соны білсен жеткілікті.

Қуан әлем, Тәңір келмек! Жер шаттан, қарсы ал! Ол патшасы патшалардың. Мадақта сен, ән сал! Мадақта сен, ән сал! Мадақта сен, мадақта сен, ән сал!

2. Қуан әлем, Мәсіх келді! Қауымдар жырлауда, Дала, бақша, орман, төбе қуанды олар да. Қуанды олар да. Қуанды, қуанды олар да.

Күнә, қасірет болмасын. Тікенек жаппасын. Қарғыс оты жайлағанда, шапағат Ол берсін Шапағат Ол берсін. Шапағат, шапағат Ол берсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет