Адамдарды Жаратушымен тілдескеннен артық. Не жұбаныш, не қуаныш біз мүлде таппадық



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#133975
1   2   3   4   5   6   7

3. Бейбіт өмірдің рахатын, Ол Өз мағаббатын, Ұлылығын, әділдігін сыйлады ғой бізге. Сыйлады ғой бізге. Сыйлады, сыйлады ғой бізге.

Қуан әлем, Тәңір келмек! Патшалықты Ол алсын. Әрбір жүрек Оған орын дайындасын. Табиғат пен көк те әндетсін! Табиғат пен көк те, көк те әндетсін!

2. Қуан, жер! Құтқарушы патшалық құрады. Дала мен тасқын су, жартас, төбелер мен жазықтар, шаттық әнінді дайында. Шаттық әнінді дайында. Шаттық әнінді, әнінді дайында.

3. Ол әлемді ізгілікпен адал басқарады. Өзінің адалдығы мен сүйіспеншілігін бар әлемге дәлелдейді. Бар әлемге дәлелдейді, бар әлемге, әлемге дәлелдейді.

Қуаныңдар, бүгін қуанындар! Құтқарушым өмірге келген күн. Пайғамбарлар айтқан, сағынып аңсаған, уәдесі жеткен күн.

Қ-сы: Келіңдер, бәрің де келіңдер. Ұлылығын Тәңірдің көріндер. Сүйді Ол бізді бастан, күнәға қарамастан /махаббаты төгілген/ 2р.

2. Шаттаныңдар, бүгін шаттаныңдар! Күнәнің құлдығынан босатып, жүрекке Иса кірді, рухымыз тірілді бұрын өмірсіз болған.

3. Үйреніңдер, бәрің үйреніңдер, Мәсіхтей дүниені сүйіндер. Мәңгілік сонда біз Мәсіхпен боламыз. Құдай сыйын біліндер.

Қуаныңдар достарым, мадақтандар Тәңірді. Иса Ұлын жерге жіберіп, сыйлаған мәңгі өмірді.

2. Шаттаныңдар бауырлар, шырқатып әсем әнменен, Ашылды бізге құпия, атабабаң білмеген.

3. Тамаша бөленсін табиғат біткен сүйсініп, Исаның сөзін естісін барлық халық құлшынып.

4. Ақиқатты танысын түнектегі жұртшылық. Ашылсын бәрі перденің, арайлап атсын күн шығып.

5. Оян бауыр, қалғыма. Жігеріңе жігер қос. Құдайдың берген бұйрығын орындамай жүрме бос.

Қуанышты өлеңмен паш етіп, алғыс жыр айтамыз Құдайға.

2. Иені мадақтайды жер менен көк аспан. Ұлы Құдайсың ғажап іс жасаған.

3. Қанымен бізді күнәдан құтқардың. Жерде біз үшін бәріне шыдадың.

4. Өлім билігін айқышта сен бұздың. Қарғыс, ашуды бізден алыстаттың.

Құдай Әкем, лайықсың Сен, лайықсың мәңгі құрметке. Еш өлмейтін, еш сөнбейтін лайықсың мәңгі өмірге.

Қ-сы: /Сенің ғана мейірімің, Сенің ғана жарық нұрың, Қымбат маған бәрінен де, Құдай Әкем лайықсың Сен/ 2р.

2. Құдай Әкем, Патшасың Сен, Патшасың барлық әлемге. Биіксің Сен, ұлыстың сен, лайықсың саған сенуге.

3. Теңіздегі бар толқындар еріксіз Саған бағынар . Алып таулар, сан жұлдыздар, қаласаңбәрі жоқ болар.

Құдай біздің панамыз бен күшіміз. Қиын кезде сенімді жәрдем шіміз. Дүние астаң-кестеңі шығып , толқынынан тау сілкінсе қорықпаймыз. Теңіз долданып, ақ көбік боп атқылап, тұңғиыққа таулар құлап жатса да, әлемнің Иесі жанымызда. Құдайдың қаласына-Киелі үйге рақымы Оның нәр беріп қуантуда. Қаланың Тәңір ортасында, ешқашанда қала қозғалмай-ды. Таң атқанда Тәңір көмек береді. Тағаланың үнінен жер жоқ болады.

Құдайға жақындап, күнәдан құтылдым. Шын жүрекпен сенемін Исаға. Жанымды тазартып, тыныштық берді Ол. Мен Құдай Ұлына сенемін.

Қ-сы: Сенемін, сенемін. Шын жүректен сенемін Исаға. Сенемін, сенемін. Мен Құдай Ұлына сенемін.

2. Құтқарды мені Ол, сенемін ақталды. Шын жүректен сенемін Исаға. Шынайды Сүюші, жанымды Сақтаушы. Мен Құдай Ұлына сенемін.

3.Сүйеніп жүремін, жақындап мен Оған. Жан-дүниеммен Исаға сендім. Мәңгіге даңтаймын, Исаға табынам. Мен Құдай Ұлына сенемін.

Құдай сонша жақсы көрді қазақ даласын. Ол жіберді Өзі сүйген Иса баласын. /Күнәсынан құтқарылсын, аман болсын деп, сүйгендіктен құрбандыққа берді Баласын/ 2р.

2. О, Жаратқан, неткен шексіз махаббатың! Бітпес сонша бізге төгер шапағатың. /Сиынамыз бір Өзіңе Құдай Әке. Тыныштық та, қуаныш та бір Өзінде/ 2р.

3. Талай адам білмей кетті бұл шындықты. Білсе дағы, қабылдамай құрбандықты. /Ей, адамзат аялдашы, қабылдашы. Иса төккен күнәң үшін таза қанды/ 2р.

Құдай сөзін есте сақта, жарықтан көзінді алма. Мейірімсіздікті жолатпа, қазір кел құтқарылуға.

Қ-сы: Жарқырамай ертеңгі күн, жарық түсірмеуі мүмкін. Ақылы бол, келді мезгіл! Құтқарылуға қазір кел.

2. Бізге опа бермес дүние. Қуаныш жоқ , ол-у бізге, Мәсіхше сен өмір баста, қазір кел құтқарылуға.

3. Өзіне жақын келгеннің, Тәңір бетін қайтармайды. Сені өзгерткісі келеді, қазір кел құтқарылуға.

Құдай сүйіп біздерді жалғыз Ұлын жіберді, Мәңгіліктің есігі айқара ашық, кір енді.

Қ-сы: Жаңа өмірде жаңаша, қуанайық балаша. Татулассаң Тәңірмен, өмір сонда тпмаша.

2. Иса келіп өмірге, жаңа дәуір басталды. Періштелер әнімен күңірентті аспанды.

3. Өмір босқа өтпесін, қаулап гүлдер көктесін. Иса жаққан шамшырақ ешқашанда өшпесін.
Құдайсыз өмір – бақытсыз өмір, күнәға толы алдамшы өмір. / Неге шындықты біле алмайсың сен? Айтшы бауырым, кімді алдайсың сен? / 2р.

2. Міне, тағы да жылап тұрсың сен, қайғы – қасірет артып жүрмін деп. / Неге Құдайды таңымайсың сен? Айтшы, бауырым, кімді алдайсың сен? / 2р.

3. Күнәға батып, қиналасың сен, мұңыңды айтып, тұнжырайсың сен? / Неге Құдайды тыңдамайсың сен? Айтшы бауырым кімді алдайсың сен? / 2р.

4. Күнәңді айтсаң Тәңір алдында, кенелер едің шексіз бақытқа. / Келші Құдайға, келші бауырым, Исаның Сөзін алшы қолыңа / 2р.

Құдай сізді әуел баста таңдап қойған. Тәубе қылар кезің келді терең ойлан. Сонда ғана жүрегің азат болар, тыныштық пен Киелі Рух келіп қонар.

Қ-сы: Сізді осында Құдай әкелді. Шын жүректен айтамыз: «Ой, бәрекелді!» Төрге қысылмай қосылыңыз.

2. Иса үшін Құдайға алғыс айтайық. Бәріміз де Киелі Рухқа толып қайтайық. Бәріміз де Киелі Рухқа толып қаптайық. Иса – шындық – шынайы өмір - Әкеге жол. Татуласып Онымен сен бақытты бол!

Құдайым, мен күнәһар пақырыңмын, көптігін мойындаған айыбының. Жүрегім соттап, жаным жай таппайды. Толқында аударылған қайығым мың.

2. Сұмдықтан, азғындықтан арылмадым. Барады күннен – күнге қажып жаным. Арылтшы мені Өзің Тәңір Ием. Өзіңнен Иса арқылы жалынамын.

3. Мен үшін қанын төккен қасиетті. Орындап Таураттағы өсиетті. Рахмет Сол Ұлыңа Құдай Әке, сыйлаған еш ақысыз мәңгілікті.

4. Мойнымда күнәм ауыр болса-дағы, сенемін әділікті Ол сыйлады. Айыбын дүниенің мойнына алып, төгілді қара жерге тамшы қаны.

5. Кешірші, кешір Тәңір, кешір Әкем. Өзіңнен соны ғана сұрай берем. Айыпсыз Иса атынан келіп тұрмын, күнәмді пәк қанменен өшір Әкем.

Құдіретті Тәңір, көктегі Әке, жаратқан бізді Патшасың жерде. / Көреген, Мәңгі, Керемет, Дана, жіберші жарық, бол бізбен бірге / 2р.

2. Игі істер көзі, көктегі Әке, Өзіңе сенген қалдырма бізді. / Билей бер көктен, ұялатып жүрекке батаңды, бер бізге мол береке / 2р.

3. Көктегі Әке, жамандықтан қорғап, бізді, бізді киелілікке жетеле. / Жанамызды жадырат жақсы әнмен, нығайт Сен бізді ақ батаңмен / 2р.

Құрметтеймін Сені балаңдай, мадақтаймын әнменен тыңбай. Жар болшы маған Тәңір. Адалсың Сен мәңгі. Қараңғыдан шығарған, рақымдығын сыйлаған, күнәмді кешіріп, өлімнен мені құтқарған.

Қ-сы: Құтқарушым менің, мен Сені сүйемін, Саған мәңгі ризамын. Жан – тәніммен Сені, Иса, жалғыз Сені мен мадақтаймын! Құтқарушым менің, мен Сені сүйемін. Кешірші деп сұраймын. Мейірімді Иемді, жақсы, адал Иемді / мәңгі жырлаймын / 2р.

2. Ән саламын қуанғанымын қуанғанымнан. Ешқашан кетпеші жанымнан. Панам болшы, о, Тәңір. Адалсың Сен мәңгі. Тіршілікті жаратқан, ойын іске асырған. Өзін құрметтеген адамға жаны ашыған!

Құрбан еттің біз үшін қасиетті жаныңды. Төгіп кеттің мен үшін Өз Киелі қаныңды.

Қ-сы: / Күнәлардан құтқарып, мәңгі өмір сыйладың. Жан – тәніммен ұмтылам, ұсынғанда бағыңды / 2р.

2. Сен әлемді жаратқан, бір Құдайдың Ұлысың. Шынайы өмір беретін, қайнар бұлақ көзісің.

Қ-сы: / О, Тәңірім, Жасаған, Патшалығың жақындап, Осы әлемге жарқырап, төгіп тұрған нұрысың / 2р.

3. Жанға дәру беретін, жүрекке жылу төгетін, Жаратқан Өзің пендеңе, көңіліңді бөлетін.

Қ-сы: Қандай шексіз махаббат?! Қандай ыстық құшағың! Қуанғаннан Өзіңе, қияға самғап ұшамын! / 2р.

4. Нұрыңды төкші халқыма, қараңғыдан құтқаршы, Шындық тапсын жолыңнан, күнәсынан арылтшы.

Қ-сы: / Қандай шексіз махаббат?! Тәңіріміз – Бағушы, Тар жолменен жетелеп, мәңгі өиірге апаршы / 2р.

Құтқардың мені Иса, Сенен артық ешкім жоқ. Әр күнімде мадақтаймын ұлы махаббатыңды. Қуаныш бердің Сен, әлсіз болсам қиналмаймын. Қайда болсам, не болса да мадақтаймын Сені. Патшамызды шын жүректен мадақтайық,

Қ-сы: Бүкіл әлем Исаға ән салайық. Теңіз, жайлау, орманмен ән салдым. Иса Мәсіх біз Сені мадақтаймыз. Мәңгілікке біз Сенсіз бара алмаймыз. Махаббатың мен күшің бізбен бірге.

Құтқардың Сен адамзатты күнәдан. Сыйладың Сен ғажап өмір жаңадан. Қуанамын әрқашан мен Өзіңе, Сенің әрбір кереметтей сөзіңе.

Қ-сы: Жүрегімде, ойымда сен болшы. Жүрегімді Киелі сөзіңе толтыршы. Сүйемін мен Өзіңді Құдай Әке. О, Иса, Құдайсың Сен жалғыз көкте.

2. Білдім мен Исадан нағыз шындықты. Айтайын Саған барлық алғысымды. Өзгерттің Сен менің өмірімді. Көрсеттің Сен шындық өмір сүруді.

Құтқарды Ол сені қатерлі соттан. Босатты Ол сені мәңгілікке. Өмірді жеңетін қайда күшің, өлім, қайда сенің жеңісің?

2. Түпсіз қараңғылық жүрегінде сенің азабы күнәнің қинайды.

Қарашы Мәсіхтен жарқырайды нұр, шындықтың бұлағы да сонда.

3. Езеді салмағы күнәларыңнын сенің, салады өмірді қыспаққа,

Қарашы Мәсіхке, қарашы үмітпен Өзі алып, сені Ол босатты.

4. О, неге көзіңде сенің тұңғиық, қорқыныш және селқостық.

Күнәһар, Мәсіхке қарашы үмітпен. Қымбат сыйлықты сен аласың.

Құтқарушы Ием, теңдесі жоқ Тәңірім. Күні бойы мадақтаймын, махаббатыңды әндетіп. Жұбаныш, Панамсың, жан тасалар Қорғаным, Жан дүнием мадақтайды тынымсыз Тәңірім Сені. Жар сал халқым Тәңірге әндетіп, Тағзым ет Патшаға басыңды иіп. Таулар иіліп, теңіздер шулар атыңды естігенде. Қуан аспан Тәңірге жаратқан. Мәңгі сүйемін, мәңгі ән саламын. Жалғыз үмітім, өмірім менің тек – Сен.

Құтқарушым ғажапсың, Сені дос деп өтермін. Ең ауырын азаптың мен үшіе Сен көтердің.

2. Есімде төккен қаның, қолдарың жара басқан. Қайырылып Тәңірге мен, бас иіп алғыс айтам.

3. Айтқан сөзің есімде: «Кешір Әке оларды». Кез болғаның есімде, О, Иса, жолда маған.

4. Шақырмасаң Сен мені, тартпасаң жылы сөзбен, Жүрер едім адасып, әр қилы жалған жолмен.

5. Мәсіх мені сүйгенде, өміріме енді нұр. Тек Исада тыныштық, шаттық өмір мақсатым.

Құтқарушым жетекшім, құдіретті Тәңірім, Біз үшін келдің дүниеге, келбетінде Исаның.

2. Құрбан боп менің күнәма, өліп қайта тірілдің, Құтқардың мені күнәдан қасиетті қаныңмен.

3. Өлік едім тұншыққан, тұтқынында күнәнің, Ояттың мені өмірдің мәңгілік тура жолына.

4. Соқыр едім бақытсыз, бөліп бердің Өзіңнен, Бір бөлегін бақыттың. О, Құдіретті Тәңірім.

5. Құтқарушым жетекшім, мінеки тұрмын алдыңда, Ендігі қалған өмірді тапсырдым Әке қолыңа.

6. Батаңды беріп, Рухыңмен жетектей көрші Әміршім. Өзіңе баратын жолдан адастырмашы жетекшім.

Құтқарушым, жетеле мені. Қайда болса да мен еремін. Көмектес айқышыма менің, қиналмай қуанып жүрейін.

Қ-сы: Әлсіреп құлаған кезімде, қолыңды соза гөр киелі. / Көмектес соңыңнан еруге, мен сүйемін ( Жаратқан ) Сені / 2р.

2. Күлімдеп бәрі де қараса, соңыңнан еру маған оңай, Қиындықтар келген жағдайда, көмектес жетуге аспанға.

3. Саған сенгім келеді менің, сенімімді нықтап Сен сақта. Мен үшін айқышта қиналдың, қиындық көруге лайықпын.

4. Сенсіз мен әлсіз бір адаммын. Алдыңда топырақпын Сенің. Сенде ғана барлық үмітім. Қуаныш пен бақыт тек Сенсің.

Құтқарушым менің, Саған сиынамын. Дұғамды тыңдашы! / Мұқтаждықтарым мен бар қайғыларымды Саған беремін мен / 2р.

2. Сүйіспеншілігің Сенің мені тауып: « Бар!» деп маған айтты: / Мәңгі қуанышқа асықтырып мені, кеудемде от жақты / 2р.

3. Нәзік үніңмен Сен маған сонда айттың: « Қорықпа бораннан. / Сен жалғыз бармайсың, қасында әрдайым сенімен Мен боламын / 2р.

4. Егер де қайғырып, күрес пен азаптан болсаң сен жылайтын, / Ізімді көрсетіп, қанға сол боялған, сені жұбатамын / 2р.

5. Егер әлсіресең, абыржып түнекте. Тізе бүгіп сиын. / «Саған күш беремін, жарықты шашып Мен жолды көрсетемін» / 2р.

6. Сөздерің шынайы қиналған жанымнан тәтті үн қатады. / Жүректе тыныштық орнап, рухым менің Сені мадақтайды / 2р.

Құтқарып алдың әлемді, махаббат нұрыңды төгіп. Өшкен жүректі жандырып, сенімді бердің. Сенің алдыңа біз келдік. Әке, Саған қымбатпыз біз. Иеміз, Сені мадақтаймыз, ұлылаймыз.

Қ-сы: / Мадақ пен даңқ Саған болсын, барлық халық, ғасырларда. Күшің Сенің шексіз Ием, шексіз рақымдылығың да / 2р.

Қымбатты дос, аялдашы, тыңдашы. Құдайдан сен өтініп бір сұрашы. Сен бейбақты құтқарады күнәдан. Сен де Одан бар ниетпен сұрашы.

2. Тазалашы жүрегіңді, ойыңды. Тазалашы ластанған бойыңды. Сен бейбақты құтқарады күнәдан. Тек сұрай біл шын жүрекиен Исадан!

Мадақтаймын Сені, ардақтаймын Сені. Әнге қосып Сені жырлаймын. Әке деймін Сені, дәріптеймін Сені. / Әр сөзіңді Сенің тыңдаймын / 2р.

Қ-сы: / О, Иса! О, Иса! О, Иса мәңгілік Сен жаса! / 2р.

2. Сағынамын Сені, сүйемін деп Сені. Тәңірім деп Сені санаймын. Панам деймін Сені, құрметтеймін Сені. / Аллелуйя Саған айтамын / 2р.

Мадақталсын Тәңірдің есімі. Ол келеді, міне, ашық есігі. Барлығы көреді ақша бұлт үстінен, жарқ еткен найзағай секілді.

Қ-сы: Киелі, айбынды Тәңіріміз.

/ Ол болған, бар және мәңгі болады / 3р.

2. Барлық ұлттар жиналмақ алдыңда. Өмір кітабы Сенің қолыңда.

Кім сенсе паш еткен Құрбандық Тоқтыңа, сол мәңгі болады жаныңда.

3. Періштелер ән салып мыңдаған. Құрбандық Тоқтыны тыңдаған. Лайықты, лайықты Құрбандық Тоқтымыз деп, мадақтап барлығы шулаған.

4. Сен ғана, абзал Әке – Құдайым. Менің өмірім алдыңда әрдайым. Абырой, атақ-даңқ – бәрі сенде Ием. Мені қалдырмай жетеле Сен.

Мадақтаңдар Құдайды Өз киелі үйінде. Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де! / Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін, мадақтаңдар зор ұлылығымен! / 2р.

2. Мадақтаңдар Оны үнімен кернейдің. Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен! / Мадақтаңдар Оны даңғырамен би билеп. Мадақтаңдар Оны қобызбен де сыбызғымен! / 2р.

3. Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен. Мадақтаңдар дауылпаздың дауысымен. / Жаны барлар түп – түгел мадақтасын Тәңірді. Иемізді мадақтайық, құрметтейік / 2р.

Мадақтаңдар Тәңірді, құдіретті Сөзі үшін, Адамзат түзу жүрсін деп, салып берген жолы үшін.

2. Мадақтаңдар Тәңірді өмір үшін, жан үшін, Тыныш ұйқы, бейбіт күн, әрбір атқан таңы үшін.

3. Мадақтаңдар Тәңірді суы менен наны үшін, Табиғатты жаратып, оған берген сәні үшін.

4. Мадақтаңдар Тәңірді жұлдыз бен а күн үшін, Күнәміз үшін біздердің құрбан еткен Ұлы үшін.

5. Мадақтаңдар Тәңірді қысы менен жазы үшін, Қуаныш пен әрине, қиыншылықтары үшін.

6. Мадақтаңдар Тәңірді, қиналсаң берер қол ұшын, Алғысқа тек Ол лайық, мадақтаңдар сол үшін.

Бет бұрыңдар Тәңірге, бала мен жас, кәрің де. Исаның берген сыйлығын қабылдаңдар бәрің де.

Мәңгілік Сенімен бірге болғым келеді. Өмірлік серігім, жаным саған сенеді. / Құдайымсың Сен, қуанамын мен қуат алып әрбір сөзіңнен / 2р.

2. Қараңғы түндерде сырласамын Өзіңмен. Жарық, нұр төгілер мейірім шашқан жүзіңнен. / Құдайымсың Сен, қуанамын мен қорғаушымдай қасымда жүрсең / 2р.

3. Көктен Сен келерсің күндердің бір күнінде. Күтемін Сені мен еш үзілмес үмітпен. / Құдайымсың Сен, қуанамын мен ерекше бір ғажап сезіммен / 2р.

Мәсіх адам боп дүниеге келді. Киелі Рух әділдігін дәлелдеді. Мәсіх періштелерге көрінді, халықтарға Ол жарияланды. Жер жүзінде Оған көбі сенді, ұлылықпен көкке көтерілді.

Мәсіх: «Құтқарыл» деп шақырады. Кешірім, татулықты сылайды. Неге баяуласың соңғы күндері, күнәлі өмірдің тұрғыны сен.

2. Ол сенен ештеңе де алмайды. Өлім емес, қуаныш сыйлайды. Мейірімді дауысқа сен құлақ түр, Исаға жүрегіңді ашып сал.

3. жердегі адам жанының дұшпаны қастық пен қараңғылық тілейді. Бірақ құтқар жарығы түсіп тұр, мәңгілік сенімен сөйлесіп тұр.

4. Кейде өміріңнің бкйқамдығын, жалған екенін өзің сезесің, Әбігермен үрейді басасың, күнәда өлімді ұмытасың.

5. Құтқару мезгілі енді келді, Құдай неше рет сені шақырды. Неге баяуласың соңғы күндері, Күнәлі өмірдің тұрғыны сен.

Мәсіх берген ғажайып сүйіспеншілік отын сөндірмей алып жүр. Айқышта өлді Ол Өзін құрбан етіп, бәріне сол отты беріп.

Қ-сы: Жана бер әрдайым, жалын. Жалындат Өзіңмен суынған жүректі. Шаттығы шексіз жаңа өмірге жарықты шаш жарқыраған.

2. Жолаушы шаршады, жолда әлсіреді. Жігерлендір, көңілін жұбат. Қған сен айт: «Құдай сені тастамайды, алдыңда күн нұр шашады!»

3. Қуанышқа алып бара жатқан жолдан жолаушы тайса кенеттен, Жүрегінде сүйеспеншілік отын тұтат, жолды қайта тапсын десең.

4. Егерде саған ауыртпалықтар келсе, жалыныңды сөндіруге, Шырағың сенің сөнбейді, мұнайма сен, өйткені Тәңір сенімен.

Мәсіхтің сөзімен ашылды, алдыңда құтқарылу жолы. Саған тыныштықты сыйлайды, кел деп саған айтады.

Қ-сы: Қуаныш болады аспанда. Кездесеміз жұмақ алдында. Сүйіспен шілік сәулесіне бізді ол бөлейді.

2. Перзенттей бол деп шақырады. Мәсіх үні шаттық сыйлайды Әрбір естіген қайталасын «кел» деп шақырғанын.

3. Енді Ол шақырады сені. Шынымен сен таста күмәнді. Кіре көр ашқан есігіне. Келгін, Ол күтеді.


Мәсіхтің сүйіспеншілігі керемет өзендей, шексіз ұлы. Толқынындай болады теңіздің. Таза, терең, байтақ және тұнық.

Қ-сы: Егер Мәсіх сезімінен жұрдай болсақ үмітсіз біз, Қалар едік сүйе алмай, Құтқарушымыздай адамды біз.

2. Келсеңші тез, тезірек келсеңші. Оның күтіп тұрғанын білсеңші. Есігінді қағып тұр, ашсаңшы. Өзіңе тегін қабылдасаңшы.

3. Шіркін, бәрі сүйіспеншілігін Мәсіхтің танып, білгенде егер, Иемізсіз бәрі қирар еді, дәл сол сәтте тыныс тоқтар еді.

4. Сені сүйеді, мені де сүйеді, «Жоқ» дегенді сүйді, сенбегенді. Келші Оған, Ол әлі күтіп тұр. Күнің бекер өтіп кетпесің құр.

Мен Саған өлең айтам, Тәңір Саған табынамын. Саған мәңгі ризамын, құтқарғаныңа қуанам.

Қ-сы: Көктен жерге келдің Сен, шын өмір беру үшін. Асыл қаныңды төктің, құнымды өтедің. Өлімнен Сен тірілдің, көкке көтерілдің. / Атыңды мен даңқтаймын Иса Құтқарушым / 2р.

2. Иса Саған сиынамын, Сені күнде жырлаймын. Саған мәңгі ризамын, құтқарғаныңа қуанам.

Мен сеземін күйзеліс көз жасын. Кездесер күн мен ауыр қоштасуды. Үміт пен қайғының араласқан, дәмін көрдім ыстық тостағанның.

Қ-сы: Сен уайымдама, көңілсіз болма. Неден қорқамыз? Құдай қасымызда. Сен уайымдама, көңілсіз болма. Құдай қасымызда.

2. Өткен күндер үшін қайғырмаймын, көріп уақыттың өте аз қалғанын. Қабылдадым осы құрбандықты, төгілген мен үшін күнәсіз қанды.

3. Бостандық іздедім бұл өмірде, тұрмыстық қайғы мен қасіреттен. Бар өмірім аз ғана шумақтай, оңашада дұға еткен кезде.

Мен Сенің алдыңа кеп жылап тұрмын. Кешірім күнәм үшін сұрап тұрмын. Білемін мейіріміңнің мол екенін. Білемін, Сен мұңыма құлақ түрдің.

Қ-сы: Сен ғажайып нұрландың, жер әлемге таралдың. Құтқарушым Өзіңсің ғой, Саған сеніп оралдым. Мен Өзіңнен қуат алдым, мейіріміңмен жұбата алдың. Жан дүниеме сая болып, сенімімді ояттың.

2. Өзіңнен зор қуаныш алып тұрмын. Мәңгілік өмір жайлы сыр ұқтырдың. Сырласып жеке қалған сәттерімде, жақсылықтың нышанын сезіп тұрдым.

3. Білемін, Сен мен үшін жан қиғансың. Күнәмнан тазартуды ойлағансың. Сен менің өмірдегі күнәм үшін, Өзінді ағашта айқыш қинағансың.

4. Мені енді Құдай Әке, қабыл алғын. Келетін сәтінді мен сағынамын. Жақсы үлгімен сөздерінді уғаздап, арасынан ұлдарыңның табылармын.

Мен тоқтап, біраз көз салсам, өмірдің өткен жолына, /Әр күнә келіп ойыма, батады менің жаныма/ 2р.

2. Мен қылған қанша күнә бар, естісе адам ұялар, /Шындықты айтсам Құдайға, күнәдан мені құтқарар/ 2р.

Күнәмді алып мойныма, бас иіп Тәңір алдында, /Өтініп, тәубе қылайын, апаршы өмір жолына/ 2р.

Шындықты көрім жолыңнан, өзгерткен менің ойымды, /Құтқарып алшы Тәңірім, ұсынып, созам қолымды/ 2р.

Өмірімді Саған арнайын, жүректе Сені сақтайын, /Дүниеге айтып шындықты, мәңгілік Сені даңқтайын/ 2р.


Мені қолдайсың Құдайым. Қорғасың мені әрдайым. Құдіретті Әкем! Мен құладым, Сен көтердің, Шөлдегенімде су бердің, Жаратушы Ием.

Қ-сы: /Иса Құтқарушым, лайықсың Өзіңнің атыңа. Иса Құтқарушым, керексің Сен менің жаныма/ 2р.

2. Өмірімізді өзгерттің, біз үшін өліп тірілдің, Құтқарушы Ием, күнәдан бізді босаттың, Мәңгілік өмір сыйладың, менің Ұлы Әкем.

3. Қай жерде болмасам да мен, менің жүрегімдесің Сен, Жұбатушы Әкем, Жарық бол енді жолыма, Рухынды енгіз бойыма, жетелеші Ием.

Менің аяулы арманымө көруге Едем аспанын. Мәңгі қалуға сол жақта, ғажайып Отанында адамнында Адамның.

Қ-сы: Едем аспаны, Сен менің әнім. Едем аспаны, бүгінгі арманым. Бәрінен жарық, бәрінен нәзік өмірімде әрқашан...

2. Менің қалаулы арманым-Исаның аяғына жығылу. Сонда күш алсам әрқашан, Әкемнің үйіне оралсам.

3. Тында мені Құтқарушым, қайтаршы Едем аспанын. Мәңгі болсам мен Сенімен, күнәсіз рухани өмірде.

Менің жүрегімде Иса сөйлеп тұрсын. Ойымда, сезімімде Ол жасасын. /Бұл жалғанда мені Иса іздеп тапқанда, сонда ғана, сонда ғана жүрек тынышталмақ/ 2р.

2. Жеңісті маған Иса Өзі алып берді. Ұлы күшін жүрегіме Ол табыс етті. /Ұлы күшін Иса маған сыйлағанда, жүрегіме тыныштық майын төккізді/ 2р.

3. Жаным күресіп, әлсізденіп мен тұрсам да, Иса Өзі маған рухын жіберді. / Көңілімнің баспанасын мен сонда таптым, жүрегіме шаттық, қайрат Ол алып берді/ 2р.

Мына жалған дүниеде, бірге бол Ием менімен, /Жан тыныштығы тек Сенде, бақыттымын тек Сенімен/ 2р.

2. Құтқару үшін күнәдан, айқышқа барып қағылдың, /Тәңірім бас иіп Саған, жаныма шипа аламын/ 2р.

3. Берілгім Саған келеді шын жүрегіммен, жаныммен, /Өзің басқар жүрегімді сүйіспеншілігіңмен Сен/ 2р.

4. Қудаланып азап шеккен кездерде Өзің қорған бол, / соңына дейін шыдап мен, болғым келеді Сенімен/ 2р.

Мына өмір соғып өткен жел болса, жел ұшырған, қураған бір шөп болдым. Қулық, сұмдық, пен жақсылыққа жоқ болдым.

2. Мына өмір ашырқанған аң болса, ал мен одан қаша алмай, жем болдым. Адамдарды жүрегімде жек көріп, кісі өлтірген жауыздармен тең болдым.

3. Мына өмір патша болса, би болса, бұйрығынан шыға алмайтын құл болдым. Кісі өлтіріп, қиянат істемесен де, елді алдаған, қуыс кеуде қу болдым.

4. Өмірдің шын мағынасын білмедім. Ішіп-жеу мен ойын-сауық іздедім. «Өмір бізге бір-ақ рет берілген», -осы-ақ болды өмір жайлы білгенім.

Енді бүгін бұрынғыдан басқа күн. Жүрегімде шырқалады асқақ үн. Ескі өмірмен бір жолата қоштасып, Исаменен жаңа өмір бастадым.

Менде бүгін, бұрынғыдан басқа күн.Бар күнәмді еңсе басқан тастадым. Күнәларым қара бұлттай төнуші еді. Енді бүгін шайдай ашық аспаным.

Менде бүгін өзгеше күн, басқа күн. Тауып алдым мәңгі өмірдің бастауын. Кеше ғана танымастай басқа едім. Енді бүгін, одан мүлде басқамын.

Енді білдім мағынасын өмірдің. Жүрек толды сөздерімен Тәңірдің. Жамандықтан жан-дүнием тазарып, жиіркенішті кірі кетті көңілдің.

Соқыр едім, Иса ашты көзімді. Саңырау едім, сауыққаным сезілді. Сөз жетпейді-ау суреттеуге тілменен, жүректегі сұлу ғажап сезімді.

Осы Исаға сен келсең болады. Жүрегің мол қуанышқа толады. Күнәнді айтып, тәубе қылсаң, Басыңа Жаратқанның ақ батасы қонады.

Мені сонша сүйетіндей кім едім? Тозақ отқа кетейін деп тұр едім. Иса берді біржолата бостандық. Құмарымның құлдығында жүр едім.

Исаға кел, ашылады көздерің. Ере бермей айтқанына өзгенің, Мен сияқ сен де аласың бостандық, егер Оның қабылдасаң сөздерін.

Міне бүгін, келді уақыт Саған, алдың ауыр жаза. Болсаңдағы мейірімге толған, күнәлардан таза. /Жас келеді мөлдіреп жанарыма. Қалай ғана шыдадың азабына? Ағашта айқыш қағылған темір шеге, жазықсыз қолдарыңа/ 2р.

2. Шақырдың Сен барлық адамзатты ғажайып өмірге. Өз қолыңмен салып бердің жолды жұмақтың төріне. /Мәңгіліктің жетелеп есігіне, құтқарылу сыйладың бар әлемге. Айтшы, неге бардың Сен Өз еркіңмен осы бір өлімге/ 2р.

3. Біздер үшінбұл дүниеге келіп, өлімнен тірілдің. Жер бетіне Рухынды жіберіп, биіктен көріндің. /Сенмін мен, Сен менің қасымдасың. Саған деген сенімім таусылмасын. Күтемін мен Өзінді Иса Ием. Айтқаның орындалсын/ 2р.

Не ектің сен, не ектің сен? Жол бойына не ектің сен? Құстар ұшып келеді, бидай дәнін әкетеді. Құр қол қаласың сенсонда.

2. Не ектің сен, не ектің сен? Тасты жерге не ектің сен? Тастр көп, топырақ аз. Тез шықты да, қурап қалды, өспей қурап қалды, өспей қурап қалды ол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет