(2018 жылғы мәлімет[13])
Облыс/қала
|
Көрсеткіш, %
|
Облыс/қала
|
Көрсеткіш, %
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
35,9
|
Алматы облысы
|
16,9
|
Қарағанды облысы
|
31,7
|
Жамбыл облысы
|
8,8
|
Алматы
|
30,4
|
Маңғыстау облысы
|
7,0
|
Павлодар облысы
|
28,3
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
6,9
|
Қостанай облысы
|
25,5
|
Батыс Қазақстан облысы
|
6,7
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
23,2
|
Ақтөбе облысы
|
5,2
|
Астана
|
21,2
|
Атырау облысы
|
5,1
|
Ақмола облысы
|
19,9
|
Қызылорда облысы
|
2,6
|
Тарихы
Ашылуы
1981 жылы Morbidity and Mortality Weekly Report жинағында кейін "ЖИТС" деген атауға ие болатын дерт жайлы жарияланған.
ЖИТС алғаш рет 1981 жылғы 5 маусымда Құрама Штаттарда бес адамнан анықталған.[34][216] Олар Pneumocystis carinii қоздырған пневмонияға (ПП) және оппортунис инфекцияларына шалдыққан, көктамырына есірткі егетін, гомосексуал ерлер болған.[217] Кейін 28 гомосексуал ерде әдетте сирек кездесетін тері обыры – Капоши саркомасы (КС) анықталған.[218][219] Осыдан кейін де бірнеше адамда ПП мен КС анықталып, АҚШтың Ауруды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) аталған бұрқетпені зерттеп, бақылау үшін жұмыс тобын құрады.[220]
Алғашқы күндері бұл аурудың ресми атауы болмады, тек осы жағдайда дамитын ауру атауымен аталып жүрді, мәселен: лимфаденопатия, Капоши саркомасы және оппортунис инфекция[221]; Алғашқыда АИВ ашқан ғалымдар вирусты да лимфаденопатия тудыратын вирус деп атаған еді.[222][223] Кейінірек CDC бұл жағдайды "4Г дерті" (ағылш. the 4H disease) деп атай бастады, себебі бұл ауруға шалдыққандар Гаитиден шыққан, героин егетін, гомосексуал, гемофиликтер еді (ағылш. Haiti, homosexual, hemophilia, heroine)[224][225] Ал прессада гейлердегі иммунтапшылық (ағылш. Gay-related immune deficiency, GRID) терминін қолданылды.[226] Алайда кейінірек ЖИТСтің тек гей бірлестігінің өкілдерінде болмайтыны анықталып[221], GRID термині елді жанылыстырмас үшін 1982 жылғы шілдеде болған жиында ЖИТС деп өзгертілді.[227] Сол жылы, қыркүйекте CDC бұл ауруды ресми түрде ЖИТС деп жариялады.[228]
1983 жылы америкалық вирусолог Роберт Галло және француз тергеушілері – Франсуаза Барре-Синусси мен Люк Монтанье басқарған екі зерттеушілер тобы бір-бірінен тәуелсіз ЖИТСті ретровирустың жаңа түрі қоздыруы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Зерттеу нәтижесі сол жылы Science жорналының 20 мамыр күні шыққан санында жарияланды.[229][230] Галло ЖИТСке шалдыққан адамнан алынған вирустың осыған дейін өзі басқаратын зерттеушілер тоб ашқан адамның Т-лимфотропты вирусына (ағылш. Human T-lymphotropic viruses, HTLVs) қатты ұқсайтынын мәлімдеген. Сол себепті оның тобы өздері ашқан вирусты HTLV-III деп атады. Дәл осы уақытта Монтанье тобы мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына және әлсіздікке (ЖИТСке тән екі белгі) шағымданып келген адамнан вирус бөліп алады. Галло тобының мәлімдемесіне қарамастан, Монтанье мен оның әріптестері бұл вирустың негізгі нәруыздары HTLV-I ақуыздарынан иммунологиялық жағынан ерекшеленетінін басып айттыо. Монтанье тобы бөліп алған вирусын лимфаденопатия тудыратын вирус (ағылш. lymphadenopathy-associated virus, LAV) деп атады.[220] Кейін бұл екі вирус бірдей болғандықтан, 1986 жылы LAV пен HTLV-III атауы АИВ деп өзгертілді.[231]
Шығу тегі
Солдан оңға: Африкалық жасыл маймыл – МИВ көзі, ысты мангобей – АИВ-2 көзі және шимпанзе – АИВ-1 көзі.
АИВ-1 мен АИВ-2 де Батыс-орталық Африканы мекендейтін адамтәрізді приматтарда пайда болып, алғаш рет адамға XX ғасырдың басында берілген деген болжам бар.[15] АИВ-1 жабайы шимпанзелерге жұғатын маймылдың иммунтапшылық вирусының (SIV(cpz)) эволюциялануынан Камерунның оңтүстігінде пайда болуы мүмкін.[232][233] Ал АИВ-2 жақын туысы – Батыс Африка жағалауын (Сенегал оңтүстігінен Кот-д’Ивуар батысына дейін) мекендейтін ысты мангобейлерде (Cercocebus atys atys) болатын SIV(smm).[94] Үкі маймыл секілді кеңтанаулы маймылдардың геномында вирусқа резисентті екі түрлі ген болыды, сол екеуінің қосылып кетуіне байланысты аталған маймылдар АИВ-1 инфекциясына резистентті боп келеді.[234] АИВ-1 бірнеше рет түрленіп вирустың M, N және O типтеріне бастау берген.[235]
Жабайы аң айлайтындар не етін жеткізушілер МИВ жұқтырып алуы мүмкін деген дәлелдер бар.[236] Алайда МИВ әлсіз вирус болғандықтан, адамның иммунды жүйесі бірнеше апта ішінде жойып тастайды. Вирус АИВке айналуы үшін бір адамнан келесі бір адамға бірнеше рет берілуі тиіс.[237] Оның үстіне, адамнан адамға таралуы салыстырмалы түрде төмен болуына байланысты МИВ популяцияға тек бір не бірнеше жоғары қауіпті трансмиссия арналары болған кезде ғана тарала алады, ал XX ғасырға дейін Африкада бұндай арналар болмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |