Медиадағы көрінісі
ЖИТС салдарынан әл үстінде жатқан Девид Көрбидің ең танымал суреті, жанында әкесі, анасы мен жиен қарындасы.
Алғашқылардың бірі боп Рок Хадсонның ЖИТСке шалдыққаны жайлы жаңалық медиада біраз шу шығарды. Рок кезінде отбасын құрып, бірақ көп ұзамай ажырасқан, Америкалық гей актер еді. Ол 1985 жылғы 25 шілдеде АИВ жұқтырғанын көпшілікке жариялап, сол жылы, 2 қазанда көз жұмған. Актерге ЖИТС диагнозы 1984 жылы қойылған еді.[255] Дәл сол жылы марқұм Энтони Иденнің ұлы, гей саясаткер Николас Иден де Британияның танымал ЖИТС құрбанына айналды.[256] 1991 жылғы 24 қарашад вирус британ рок жұлдызы, Queen тобының жетекші әншісі Фредди Меркьюридің өмірін үзді, ол өлер алдында ғана анықталған ЖИТСтен болған аурудан қайтыс болды.[257] Дегенмен оның АИВ статусы оң екені 1987 жылы белгілі болған еді. Алғаш вирус жұқтырған танымал гетеросексуалдардың бірі – америкалық теннисші Артур Эш болды. Оған АИВ–оң диагнозы 1988 жылғы 31 тамызда қойылған. Кейін 1980 жылдар басында жүрекке жасалған операцияда қан құйылғанда вирус жұқтырғаны белгілі болды. Диагноз қойылғаннан кейінгі жүргізілген зерттеу нәтижесінде оның ЖИТСке шалдыққаны белгілі болды, алайда ол бұл туралы көпшілікке тек 1992 жылғы сәуірде жариялады.[258] Ол 1993 жылғы 6 ақпанда, 49 жасында қайтыс болды.[259]
1990 жылғы сәуірде Тереза Фрар отбасысының жанында, ЖИТС салдарынан әл үстінде жатқан гей белсенді Девид Көрбидің суретін түсіреді. Кейін бұл суретті Life журналы "АИВ/ЖИТС эпидемиясының ең шынайы келбетін сипаттайды" деп жариялайды.[260]
Жаңсақ түсініктер
АИВ пен ЖИТС жайлы жаңсақ түсініктер өте көп. Ең жиі кездесетіндері: ЖИТС күнделікті қарым-қатынаста беріледі, пәк қызбен жыныстық қатынасқа түсу ЖИТСті емдейді,[261][262][263] және АИВ тек гейлер мен нашақорларға жұғады. 2014 жылғы зерттеулерге сүйенсек кей британ бірлестіктері АИВ өбіскенде (16%), ортақ ыдыс қолданғанда (5%), түкірік арқылы (16%), қоғамдық дәретханаға отырғанда (4%) және түшкіргенде не жөтелгенде (5%) таралады деп ойлайды екен.[264] Бұдан бөлек вирус жұқтырмаған кез келген екі гей анал сексімен айналысса, АИВ жұқтыруы мүмкін немесе мектепте АИВ және гомосексуалдық жайлы ашық талқыланатын болса, ЖИТСке шалдығу көрсеткіші артады деген жаңасақ түсініктер де бар.[265][266]
Кей адамдар АИВ пен ЖИТС арасындағы байланыстың жоқ екенін,[267] тіпті тіршілікте АИВтің болмайтынан немесе АИВ анықтау және емдеу тәсілдерінің негізсіз екен алға тартады.[268][269] Бұл пікірлерді ғалымдар ЖИТС дениализм деп атап, тұжырымдарын жоққа шығарған.[270] Дегенмен АИВ диссиденттердің айтарлықтай саяси ықпалға ие болды, мәселен, 1999–2005 аралығында Оңтүстік Африка үкіметі ЖИТС дениализм бағытын насихаттаған, осылайша елде өлім-жітім көрсеткіші атып, халық үкіметті кінәлады.[271][272][273]
Кей конспирологияларға сәйкес АИВті ғалымдар әдейі не абайсызда қолдан жасаған деп тұжырымдалады. Кеңес Одағы жүргізген «Инфекция» операциясының мақсаты "АИВ/ЖИТСті америка ғалымдары ойлап тапқан" деген дезинформацияны тарату болған. Сауалнамалар нәтижесіне сенсек, көптеген адамдар осы сыңды пікірлерге сенген әрі сеніп келеді.[274]
Зерттеу
АИВ/ЖИТС зерттеулері деп АИВ/ЖИТС алдын алуға, емдеуге және жазып шығуға бағытталған барлық медициналық зерттеулер мен инфекция қоздырушы агент ретінде АИВ табиғатын жене АИВ қоздыратын ЖИТС дерті жайлы іргелі зерттеулерді айтамыз.
Көптеген елдер мен зерттеу институттары АИВ/ЖИТС зерттеулеріне өз үлесін қосуда. Мысалы, жыныстық сауатты арттыру, дәрілік заттар жасап шығару, жыныс жолдары арқылы берілетін ауру қоздырғышына қарсы микробицидтер шығару, АИВ вакцинасын жасау және жаңа антиретровирусты дәрі ойлап табу. Басқа зерттеу жұмыстары жұқтыруға дейінгі және кейінгі профилактикаға және сүндеттеудің АИВ жұқпасындағы маңызын анықтауға бағытталған
Достарыңызбен бөлісу: |