Балама медицина
АҚШ-та АИВ бар адамдардың шамамен 60% ем тиімділігі дәленденбеген болса да[184], әртүрлі қосымша немесе балама медицина көмегіне жүгінеді,[185] Ем ретінде шөп дәрілерді қолдануды растайтын дәлелдер жеткіліксіз[186] Тәбет ашу мен саламақ қосуда медициналық каннабистің тиімділігі дәлелденбегендіктен, оны ұсыну және тұтынуды қолдау негізсіз.[187]
Болжам
2012 жылы миллионға шаққанда АИВ/ЖИТСтен өлгендер саны
дерексіз 0 1–4 5–12 13–34 35–61 62–134 135–215 216–458 459–1,402 1,403–5,828
Көптеген елдерде АИВ/ЖИТС бұрыңғыдай бірден өлімге әкелмейтін, созылмалы сипатқа ие ауру болды.[188] Ауру болжамы CD4 саны мен вирус титріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.[25] Емсіз АИВ жұқтырған адам вирус түріне қарай шамамен 9-дан 11 жылға дейін өмір сүруі мүмкін.[10] ЖИТС диагнозы қойылғаннан кейін де ем жүргізілмесе, адам 6-19 ай ғана жасауы мүмкін.[189][190] ЖБАРТ және оппортунис инфекциялардың алдын алу – өлім-жітімді 80% төмендетеді және диагнозы жаңа қойылған жас адамның өмір сүру ұзақтығын 20-50 жасқа дейін арттырады.[188][191][192] Ем инфекцияның соңғы сатыларында басталса, болжам айтарлықтай жақсы болмайды:[26] мысалы, ем ЖИТС диагнозынан кейін басталса, өмір сүру ұзақтығы ~ 10–40 жыл.[26][188] Ем қабылдамаған нәрестелердің жартысы 2 жасқа толмастан қайтыс болады.[171]
2004 жылы 100 000 адамға шаққанда АИВ пен ЖИТСке қатысты мүгедектік алғандар саны
дерексіз ≤ 10 10–25 25–50 50–100
|
100–500 500–1000 1,000–2,500 2,500–5,000 5,000–7500
|
7,500–10,000 10,000–50,000 ≥ 50,000
|
АИВ/ЖИТСтен өлімнің басты себебі — оппортунис инфекциялар мен қатерлі ісік. Екеуі де иммунды жүйенің әлсіреуінен дамиды.[174][193] Қатерлі ісікке шалдығу қаупі CD4 саны 500/μL–ден төмен болғанда артады.[26] Клиникалық аурудың үдеу жылдамдығы әр адамда әр түрлі болатыны және оған адамның сезімталдығы мен иммунды жүйе қызметі;[194] медициналық көмекке қол жеткізе алуы, бірлескен инфекцияның болуы;[189][195] қоздырған вирустың штамы (не штамдары)[196][197] сияқты бірқатар факторлардың әсер ететіні дәлелденген.
Туберкулезбен бірлесе дамуы (ко-инфекция) АИВ/ЖИТСпен ауыратындар өлімінің негізгі себептерінің бірі, ол АИВ жұқтырған адамдардың үштен бірінде кездеседі және АИВқа қатысты өлімнің 25%-ын құрайды.[198] Сонымен қатар АИВ – туберкулез дамуына әкелетін маңызды қауіп факторларының бірі.[199] C гепатиті де ең жиі кездесетін ко-инфекциялардың бірі, олардың бірі екіншісінің дамуын үдетіп отырады.[200] АИВ/ЖИТСтен болған ең жиі кездесетін екі қатерлі ісік: Капоши саркомасы және Ходжкиндік емес лимфома.[193] Бұдан бөлек тік ішек обыры, Бөркит лимфомасы, орталық жүйке жүйесінің бастапқы лимфомасы мен жатыр мойны обыры да кездеседі.[26][201]
Ұзақ уақыт антиретровирусты терапия жүргізгеннің өзінде АИВ жұқтырған адамдарда нейрокогнитив бұзылыстар,[202] остеопороз,[203] нейропатия,[204] ісік,[205][206] нефропатия[207] мен жүрек-тамыр аурулары дамуы мүмкін.[166] Липодистрофия АИВ өзінен де АРТ нәтижесінде де дамуы мүмкін.[166]
Достарыңызбен бөлісу: |