Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет57/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126
Діндер тарихы

5. Шіркеулер және діни рәсімдер

а. Шіркеу


Шіркеу грек тілінде «еклесия» (ecclesia) сөзінен шыққан. Бұл сөз мәжіліс, жамағат мағынасына келеді. Кейіннен құлшылық орны үшін де қолданылған. Исаның ізбасарларының бір жерге жиналған тобы «шіркеу» деп аталды.
Алғашқы христиандардың құлшылық ететін белгілі жерлері болған жоқ. Қай жер ыңғайлы болса сол жерде жиналатын. Уақыт өте келе бұл жиындар шіркеу өз меншігіне ие болған соң сол жерлерде болды. Ақыр аяғында ІV ғасырда құлшылық кезеңі басталып, христиандар шіркеулерде еркін құлшылықтарына қауышты.
Хз. Иса бойынша 12 хауари бастаған жаңа кезеңнің алғашқы негізі еді. Олардың басшысы Петр еді. Петр Исаның айқышта өлімі мен қайта тірілуінен кейін пентакост күні, Киелі Рух Құдыста алғаш христиан тобының бақытына орай шіркеудің бастауы болды. Ол күні олар түрлі тілдерді сөйлейтін болды. Жиынға 3 000 кісі қатысты. Алғашқы шіркеу Киелі Рух себепкерлігімен құдайлық күшке толған болатын. Осылайша шіркеудің Исаның тәндік еске алу емес, рухани жаратылысымен бірігу екендігі қабыл етілді. Сол күннен бастап Исаның шіркеуде болатындығына сенді.
Павел бұрын христиан дінінің қас дұшпаны еді. 32 жылы жолында Исаны рухани тұрғыдан көргендігін айтып христиан болды. Кейіннен христиандықтың иудейлерден басқа халықтарға таралуына атсалысты. Петр мен Павел бастаған алғашқы христиандардың барған жерлерінде жамағаттар пайда бола бастады. Бұл жамағаттар діни рәсімдер мен салтанатты құлшылық істерін жүргізетін бір басшы таңдап, бұл басшылар діндарлар сыныбының бастауы болды.
Петр мен Павел Римде өлтірілді. Олардың мазарының Римде болуы Рим шіркеуінің бүткіл христиан әлемінің өкіліміз деуіне жол ашты. Сол уақыттарда ауылдық шіркеулер де пайда бола бастады. Араларында көзқарас айырмашылықтары туындай бастады. Константин ІV христиандыққа кеңшілік жасап, пікір айырмашылықтарын біріктіруді қалады. Осылайша мәжілістер кезеңі басталды.
325 жылы Изникте жиналған мәжілісте Исаның жаратылғандығын алға тартқан ариусшыларға қарсы жақ Исаның Тәңірлігін, Әкенің ұлы ретінде Онымен бір негізден екендігін ұстанатын топтың көзқарасы қабыл етілді.
381 жылы Стамбұлда жиналған екінші мәжілісте Киелі Рухтың да Әке және Ұлмен бір негізден екендігі әрі бұдан былай оның да Құдай саналуы керектігі туралы қарар қабылдады.
431 жылы Эфес мәжілісінде Жас Мәриямның Тәңірдің анасы екендігі, Мәсіхтің шынайы бір Тәңір және екі табиғатқа ие адам екендігі жөнінде шешім шығарылды. Алайда бұл мәжілісте Исаның және тәңірлік мүшеліктің бірігу мәселесі шешімін таппады. Сондықтан да 451 жылы Қадыкөй мәжілісі өткізілді. Бұл мәжілісте Исаның екі табиғатқа (адами және құдайлық) ие болуына қатысты алдыңғы мәжілісте шешімін таппаған мәселелерге жаңадан түсіндірмелер жинақталып шешім алынды. Алайда Исаның адами және құдайлық екі табиғаттың бірігуін ұстанатын (монофизиттер) бұл мәжілісте алынған шешімді қабыл етпей, бөлініп шықты. Осылайша христиан әлемінде алғашқы бөлінулер пайда болды. Әрбір шіркеу өзінің дұрыс жолды ұстанғанын, дәстүрлерін хауарилермен байланыстырып, өздерінің діни мәселелеріне шешім шығару үшін арнайы мәжілістер ұйымдастырып отырды.
Қадыкөй мәсілісінен соң жалғасын тауып, 869 жылы Стамбұлда өткізілген 8 мәжілісте Киелі Рухтың кімнен шыққандығын және Рим шіркеуінің абыройы секілді мәселелер пікірталас туғызды. Бұл пікірталастар шіркеудің шығыс пен батыс шіркеулері болып бөлінуіне жол ашты. Негізінде ғасырлар бойы шығыс пен батыс арасында артықшылық, рәсімдер мен құлшылық әдісі мен теорияда келіспеушілік бар еді. Нәтижесінде 1064 жылы Рим папасының Стамбұл патригін шіркеуден аластатуынан кейін нақты бөліну пайда болды. Шығыс шіркеуі ортадоксальды, батыс шіркеуі католик деп аталды.
ХVІ ғасырда батыс шіркеуі өз арасында тағы да бөлінді. Өйткені қайта құру әрекеттері басталған болатын. Мұның аяғында протестанттық пайда болды. Осылайша түрлі шіркеулер пайда болды. Әрбір шіркеу бір ағымды ұстанған сияқты көрінетін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет