1 - БӨЛІМ 1. Дін
Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде және куә болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәңірлік жүйе. Адамзат тарихына қаншалықты тереңірек үңілсеңіз де наным-сенімсіз ешқандай қауымды кездестірмейсіз. Тарихи кезеңдерде болғаны секілді б.з.д. кезеңдерде де адамзаттың кейбір діни сеніммен өмір сүргендігі ғылыми зерттеулерде кездесіп жатады. Біз бұдан қоғамның бірлігін сақтайтын негіз дін екендігін көре аламыз. Мұнымен қатар философия, құқық, этика секілді адам жайындағы білімнің қайнары дін екендігі қабыл етілуде. Тіпті Виктор Кузин «Әрбір нәрсе дін төңірегінде, дін үшін, дінмен қалыптасты» - дей келе діннің тақырыбы мен саласын одан әрі кеңейте түсті.
Адамзат тарихында өте маңызды орынға ие болған діннің сөздік және терминдік мағыналарына тоқталу дін ұғымының түсінікті болуына жәрдемші болады.
а. Діннің сөздік және терминдік анықтамасы
Діннің сөздік және терминдік мағынасын жалпы дін логикасымен және соңғы иләһи дін Ислами көзқарас бойынша қарастырамыз.
ә. Діннің жалпы мағынасы
Барлық қоғамда дін ұғымын білдіретін бір сөз қолданылады. Дін сөзі тарихи беттерінде Авестада «daena», пеһлеви тілінде (ежелгі парсы тілінде) «den» кейінгі парсы тілінде «din» секілді сөздермен түсіндірілуде: жол, мәзһаб, құлшылық рәсімдері, амал, тәсіл деген мағыналарға келеді. Қазіргі таңда дін ұғымы, тек қана «дін» сөзінің орнына қолданылуда.
Иврит тілінде де алғашында ғибадат, құрбан және дұға істерін бағалау мақсатында қолданылған «abodath elohim» тұрақты сөз тіркесі сонымен қатар «дін» ұғымын да білдірген. Дін ұғымын білдіру үшін кей уақыттарда психологиялық термин болып есептелетін. «yir’ah» (қорқыныш, үрей) «ömanath» (иман) сияқты сөздер қолданылған. Алайда Киелі Кітаптан кейінгі әдебиеттерде «dath» сөзі дін үшін қоғамдық термин болды. Бұл сөздің парсы тіліндегі «dad» тан алынғандығы, Езра және Естер кітаптарында үкім, әмір, бұйрық мағынасында қолданылғандығын алға тартады.
Көне Грек тілінде дін сөзі қорқыныш пен аралас құрмет мағынасына келетін «thri oheya» сөзімен қалыптасқан еді. (бұл сөз әдет - ғұрып мағынасына келеді)
Сөздіктерде түрік тілінде қолданылатын «дін» сөзінің араб тілінен келгендігі белгілі. Исламнан бұрын түркілердің дін ұғымын түсіндіру үшін қилы кезеңдерде «drm», «dapm», «nom», «den» секілді сөздерді қолданғандығы деректерде кездеседі. Бұлардан «drm», «darm» дін, сенім мағынасында, санскритше «dharma» дан (пали тілінде dhamma) « nom», дін, сенім, заң мағынасы соғды тілінен өкендігі белгілі. Бірақ тарихи кезеңдерде түркі халықтары мен мемлекттерінде дін ұғымын түсіндіу үшін қай сөзді қолданғандығын нақты айту қиын. Мұнымен қатар ұйғырлар арасында дін мен мәзһәб сөзінің орнына дін сөзін қолданғандығын көреміз. Арабшадағы «дін» сөзі орта Ираннан шыққан деп айтылуда. Қысқасы арабша, ежелгі Иран және ескі түрікшедегі дін сөзінің қайдан шыққандығы жайлы нақты бір байламға келген жоқ.
Батыс әлемі философия, ғылыми кейбір мәселелерде Ренессанстан (қайта өрлеу дәуірі) кейін ежелгі Грециядан әсерленсе де «дін» тіркесін ежелгі Гециядан да, христиандықтан тараған иудаизмнен де емес ежелгі пұтқа табынушы Римнен алған. Латыншада дін ұғымы үшін үлкен құрмет, мұқияттылық, талғампаздық, тағзым етілген зат мағынасына келетін «religio» сөзі қолданылуда еді. Бұл сөздің бір нәрсені міндетіне алу, қайта-қайта оқу, орындау, селқостық танытпау мағынасына келетін және Ұлы күшке деген міндетін мұқияттылықпен орындау мағынасына келетін «re-legere» ден немесе байлау мағынасына келетін және адам мен жаратушысы арасындағы байланысты білдіретін «re-llgare» ден шыққандығы алға тартылады. Мұнымен қатар қазіргі таңда Батыс әлемінде қолданылып жүрген «religion» сөзін де жоғарыда аталып өткен екі мағынаныда білдіретіндігі айтылған.
Индуизмнің қасиетті санскрит тілінде дін мағынасында «dhr» түбірінен шыққан «dharma» сөзі қолданылады. Сөз санскрит тілінде дамып, буддизмнің қасиетті тілі пали тілінде доктирина мағынасындағы «dhamma» деп келген. Бұл сөз дін, ақиқат, заң, жол, міндет, жүйе, туралық, абзал деген мағыналарды қамтиды. «Dharma» адамдардың қалай әрекет ететіндіктерін белгілейтін тәртіпті білдіреді. Мұнда діні және эстетикалық жүйе сөз болғаны секілді аспан әлемінің жүйенінен де сөз қозғайды. Бұл термин индуизмде болғаны сияқты буддизм, джайнизмде де «мәңгілік заң» орнына қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |