Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет118/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   126
Діндер тарихы

4. Меттейя


Христиандықтағы Мәсіх, Фараклит сияқты буддизмде келетін құтқарушы тұлға, сенімі бар және күтеді. Бұл құтқарушының шежіре, әулетінің аты Меттейя (Maitreya), негізгі аты Ажита. Ол қазір девалар әлемінде Тусита пейішінде. Оның өмірінің кезеңдері, Готама Буддизмдегіге ұқсас екендігі қасиетті жазбаларда кездеседі. Бұл келешек Будда сенімімен қатысты ескаталогиялық үміттер, басқа сөзбен айтқанда ақыретті сенімі, бір құтқарушы бейнесі, түрлі буддист мәсіхшілері ретінде айрықша Орта Азия мен Бурма баста болумен, буддист өлкелерде маңызды тақырыпты құрайды. Тибет және Монғолстан тауларындағы жартастарға «Кел Майтрея кел» жазуы табылған. Будда, дінді толықтыра алмағандығын, өзінен кейін Меттейя, яғни кез-келген адамға, әлемге мейірімді әлдекімнің келіп бұл істі толықтыратындығын айтқан (Le Saint Coran, аудармасы. Мұхаммед Хамидуллаһ, Париж 1989, 375 бет) Меттейя, қазір «Бодисатва» деп аталады.

5. Буддизмде құлшылық, ғибадатхана

және моральдық-этика


Буддизмде құлшылық және дұға оқу тәңірлік түсінікпен байланысты болып келеді. Сондықтан дін тарихшылары буддизм туралы жорамалдары атеизмге ұқсағандықтан бұл дінде дұға оқу және құлшылық жоқ екенін жазып кеткен. Сонымен қатар олар да буддистердегі дінге берілгендік және діни іс-әрекеттердің орындалуының байыбында. Будданың заманында барлық атқарылған істер азап шегу ұғымы мен оның жоғалуымен байланысты төрт қасиетті шындық, сегіз тарау жол, қысқасы нирвана төңірегінде болды. Буддадан кейінгі кезеңдерде одан қалған ступа және оның пұттары қойылған пагодалар (ғибадатхана) салынды. Вихаралар (монастырьлар), алғашқы бейнесін Будда кезеңінде аралаушы монахтар және жәрдем жинаушылардың бір жерге жиналған бақшалардан алған. Екінші жағынан үңгірлердегі қарапайым өмір сүретін орындары уақыт өте келе көрікті үңгір монастырьларына айналды. Буддадан кейін қасиетті нәрселер, жерлер мен күндер, оған байланысты белгіленген. Айрықша діни себептермен аталып өтетін шаттық күндері де бар.
Сангха мүшесі де, монах емес буддист те «үш жауһар» (буддистің кәлимасы), «сегіз тарау жол» және «бес әмірге» қатаң бағынады. Бес әмірдің ішіндегі ең маңыздысы – «ахимса» (жанды заттарды өлтірмеу, зиян тигізбеу). Буддизмде жәндік атаулы бір-бірінің туысы болып есептеледі. Олардың ешқайсысын да қорлауға болмайды. Ренкарнация сенімі бойынша бүгін жануар болғандар келесі өмірлерінде адамға айналса, адам болып туылғандар келесі өмірде хайуан болып тіріледі. Сондықтан буддистер хайуандарға зиян тигізбеуге аса мән береді, хайуандарға зиян келтірген адамның кейінгі өмірінде дүниеге хайуан болып келетініне сенеді. Сондықтан буддист үшін адам қанын төкпеу, зиянын тигізбеу ең маңызды іс.
Үндістанда алдымен «жетия» деп аталатын төмпешік немесе топырақтан үйіндісіне қатысты халық культі, буддизмде Ашока кезеңінен бастап монах емес буддист халықтың ішінде Будда және маңызды буддист сәуегейлерінің (arahant) естеліктерінің сақталғандығы үшін тағзым ететіндіктен ступаларға айналған. Буддист қасиетті жазбаларынан Мата Париниббана сутта бойынша Ананда, Буддадан өлімінен кейін одан қалған заттардың қайда қойылатындығын сұрағанда, ол ступа жасалып соның ішінде сақталуын айтқан. Буддизм зерттеушілері кейбір себептерге байланысты бұл айтылғандарды нақты емес дейді. Алғашқы ступалар, жалпы тастан жасалған жартылай шар тәрізді, күмбез және айналасы торлы ғимарат. Үндістан басқа жерлердегі ступаларға мысал, бурма буддистерінің қазіргі таңға дейін аптада бір рет зиярат ететін, ішінде Будданың шашынан, бір тұтам сақалынан рангон төңірегіндегі швай дагон берілуде. Цейлонда ступадан дамыған буддист қасиетті ғимараттары «дагаба» деп аталады. Мұнымен қатар бұл екі сөз әр уақытта бір мағынаға да келмейді. Барлық ступалар дагаба емес. Өйткені олардың еске алу бөлмесі жоқтары да бар.
Бір буддист пагодаға кірген кезінде Будданың мүсініне тағзым етеді. Оған гүл, хош иісті зат ұсынады, жарық, от, шырақ жағады. Осы уақытта ұсынған заттарына байланысты кейбір нәрселер оқиды. Мәселен «Мен бұл әдемі жарықты сәлеленгенге ұсынамын. Бұл қадірлі әрекетпен қараңғылықты тарқатқым келеді» деп айтады. Буддист, Будданың мүсінінің алдында тағзым әрекеті ретінде тізе бүгіп, қолдарын бетінің алдына алақандарын біріктіріп ұстайды, кейбір тағзым жағдайларында маңдайын жерге қойып сәжде жасайды. Монастырьдың жиналыс салонында көпшілікпен тағзымдар, жалпы қасиетті мәтіндер немесе осы үшін дайындалған жазулардан оқып бірге жасалады. Бұл әрекеттер монахтар үшін әр күні таңертең-кешке қайталанады. Қасиетті күндерде монах еместер де сол күннің арнайы бағдарламасына қатыса алады. Бұл бағдарламаның белгілі бір түрі жоқ. Бағдарламаның тәртібі және уақыты жүргізуші монахқа байланысты. Қасиетті күндерде жалпы алдыңғы қатарлы бір монах буддизмнің сенімдерін немесе моральдық-этикалық, рухани бұйрықтары жайлы уағыз айтады.
Қытай Буддизмінде аз ғана білім алған монах және мистицизмнен бөлек діндар буддистер үшін Буддалар мен бодисатвалар табынатын нәрсе. Бұл амидашы немесе таза өлке ағымын ұстанушылар үшін осылай. Бұл ағымдардың монастырьларында жаттағандарын бірге оқитын салонында Амитабха (ғашықтық Будда мәңгілік жарық) және екі үлкен жәрдемшісінің мүсіндері болады. Бұларға «Будданың атына» деп тағзым етіледі, табынылады. Мұның себебібарлық тіршілік иелерін құтқару және будда болу. Сонымен қатар Қытайдағы буддист пен даоист құлшылық орындарында монах еместер, аурудан құтылу, молшылық, табыс, ұл бала сұрау сияқты дүниелік себептерге байланысты табынады. Қытайдағы бұл амида табынуын шынайы теизм ретінде көретіндер бар. Олар Амитабханың шамамен тәңірлік сипаттарға ие екендігін, авалокитесвараның бодисатва ретінде құтқарушылығын, таза өлкеде қайтадан туылудың мәңгілік құтылуға тең келетінін қабыл етеді. Осы себепті тағы олар, діндар буддистердің кішіпейілділікпен ықыласпен және ұзақ уақыт бойы шын көңілден дұға етулерін осыған қосады.
Буддадан кейін оған қатысты қасиетті саналған нәрселер: 1) Будданың мүсіндері, 2) Будданың естеліктері, 3) Бо немесе бодхи ағашы. Будда мүсіндері шамамен Б.э.д. І ғасырда қолданбай тұрып Будданы танытатын символдар ретінде Будданың естеліктері, Бо ағашы бар болатын. Будданың мүсіндері, жалпы оның молдас құрып інжір ағашының астында отырған медитацияға енген халін сипаттайды. Тік тұрған және жатқан мүсіндері де бар. Будданың мүсіндерімен қатар, христиандықта Мәриям, киелі рух және періштелерге тең келетін бодисатвалардың мүсіндеріне де тағзым етеді. Будданың өлгеннен кейінгі жағылған денесіне қатысты кейбір қалдықтар, естеліктердің әлі де үлкен пагодаларда тұрғандығына сенеді. Мәселен Цейлонда Кандиде қасиетті тіс ғибадатханасында оның тісі, Бурмада рангоонда шве дагон пагодасында шашы бар. Бодхи (Бо) ағашы, Будданың Неранжара өзенінің жағасында қазіргі чая, урувелада сәулеленуге жеткен інжір жынысынан ағаш. Будданың сүйікті шәкірті Анандадан сұралып бұл ағаштың көшеттері алынып көктегені және біраз жерге таратылғандығы алға тартылады. Негізінде қасиетті ағаш культі, Буддадан алдыңғы Үндістанның дәстүрі. Буддамен тікелей қатысты емес.
Буддамен қатысты қасиетті орындар ретінде зиярат етілетін Солтүстік Үндістанда төрт жер бар: 1) Будданың Непалдағы туылған жері Лумбини, 2) Бихарда қазіргі бодхи гая деп аталатын сәулелену орны, 3) Алғашқы уағызын айтқан Бенареске жақын жердегі Сархачтағы бұғы паркі, 4) Өлген жері Уттар-Прадештегі Кушинагара. Бұл төрт орын, аттары айтылмай пали мәтініндегі маха-париниббана суттада кездеседі. Лумбини, Капилавастуда орман-бақ болатын. Император Ашока бұл жерді зиярат еткен және жазу жазылған бағана қойдырған. Гаяда Цейлон патшасы тарапынан «үлкен сәулелену монастыры» салдырылды. Сарнач, Будда кезеңінде ішінде нақыл сөз бен дін білімі мәселелерінің пікірталасы өтетін бұғы паркі еді. Ашока бұл жерге де бір бағана қойғызды. Самачда монастырь қалдықтары үлкен жерді алып жатыр. Осы жерде жасалған екі ступа білінеді. Кушинагара (ескі аты Кусинара) Будданың денесінің өлімінен кейін жағылған жері. Осы жерге ступа жасалып, оның қалдықтары сол жерде сақталған. Кең монастырь қалдықтары қасында ступаның да қазіргі таңда қалмағандығын көре аламыз. Міне осы төрт жер зиярат етіледі. Қытайлық атақты саяхатшы Фашиен және Хсүан Тсанг та осы жерлерді зиярат еткен және олар жайлы мәлімет жазған.
Буддистердің қасиетті күндері айлық және жылдық ретінде екі түрлі болып Буддаға қатысты: 1) «Жергілікті» монастырларда патимокха құралдарының оқылатын толған ай және жаңа ай күндерінде қосылған екі төрттен бір күнінен құралған төрт упосатча күні қасиетті саналады. Цейлонда бұл күндер христиандардың базар күні сияқты демалыс. Бурма мен Тайландта мұндай емес. Халықтар арасында базар демалыс күні. Бұл төрт күн дәстүр бойынша монах еместер үшін діни рәсім уақыты болып есептеледі. Олардан діндар болғандар; сегіз тарау жолмен қатысты еңбек етеді, ораза ұстайды және монастырда медитацияға уақыт бөледі. Оңтүстік Азия мемлекеттеріндегі буддистерден қартайғандарына қатысты аз бөлігі осылай жасайды. Монахтар упосотча күндерінде шаштарын қайтадан алдырады. 2) Мамыр айында ай толған күні, жылдық қасиетті күн ретінде, Будданың туылуы, сәулеленуі және ақыр аяғында нирванаға жетуі аталып өтіп, еске алынады. Оңтүстік Азия мемлекеттерінде бұл ортақ демалыс күні болып саналады. Бұл күні буддизмді танытқан баспалармен, арнайы рәсімдер және халық мереке күндерімен құттықталады. Осы күннен үш ай бұрын ақпанның айы толған күні, Будданың монастырдың тәртіп құралдарын жариялаған винаянаға меңзеліп аталып өтіледі. Тағы жылдық діни кезең, мусон жаңбырлары себебімен монахтардың монастырлардан кетуге тура келген шілденің алғашқы күні айдың туылуынан желтоқсанның айы толғанға дейінгі уақыт. Монахтар осы уақыттарда халықты уағызбен тәрбиелейді. Буддистердің мерекелері яки осындай қасиетті күндер себебімен немесе монастырь өміріндегі монахтардың міндеттелуі, дәреже берілуі, киіндірілуі секілді себептермен жасалады.
Буддизмде моральдық-этика, адамның ұстаным мен іс-әрекетімен сәулеленуге қол жеткізуі мақсатына байланысты. Бес негіз моральдық-этикалық принцип монах болса да болмаса даәрбір буддистті тіркейді. Бұларға монах еместер және үш монах үшін бес бұйрық тағы қосылады. Сегіз тараулы жол барлық буддистер үшін. Айрықша монахтар үшін патимокха ережелері бар. Әйелдер үшін де моральдық-этика мен адамгершілік негіз болып саналады. Бойдақтық ең жоғарғы үлгі. Буддист философиясы жыныстық қанағаттандыруды барлық жамандықтардың басы деп қарайды. Буддизмнің алғашқы мың жылдық дамуында үйлену төмен саналса да, уақыт өте келе кейбір рұқсаттар берілген. Буддист жомарт болуы және материалдық нәрсеге берілмеуі керек. Жаңа пагода мен монастырь салдыру, монах өкіліне кепіл болу, жақсылық істерде жәрдем беру, монахтарға жейтін нәрселер беру, қонақ күту сияқты жәрдем, жәрдемдесу, ынтымақтасуға шақырады.
Буддист ақылын, демін, денесін бақылап отырады, әрекеттерін байсалды орындайды. Өшпенділік, жек көру, ашкөздік, айла, нәпсіге берілу сияқты жаман мінездерден аулақ болады. Сана-сезімі толығып, тәні байсалдылыққа қол жеткізеді. Бір Буддистің істегені, сөйлегені және ойланғаны әрбір нәрсенің парқына баруы, мұны күні бойы жалғастыруы керек.
Буддистер танымал адамдардың мазарына гүл қойып, шырақ жағады. Өлгендер жағылатын болса да мұны жалпылама орындамайды. Балалар, өте кедей адамдар өртелмейді, көміледі. Өртелмеген денелер ашық жерлерге тасталып олардың жыртқыш аңдардай бөлшектенуі, сасуы, айнуынан монахтардың ғыбрат алуы талап етіледі. Қазіргі таңда денені өзгеше істер атқарылады. Цейлонда тек қана бақуатты жанұялар ғана өртеледі, көпшілігі көмеді. Оңтүстік шығыс Азияда әрі өртеп, әрі көмеді. Бірақ өртеу үйреншікті жолы. Бұл әрекет өлгеннен кейін 3-7 күн аралығында орындалады. Өртеу ісінде 7 күн бойы түрлі монах топтарының үлкен еңбектерінің арқасында әртүрлі рәсімдер атқарылады. Бұл рәсімдерде өлген адамның рухына қатысты әлемге өтуі үшін жәрдем сияқты, негізінде буддизмге сай келмейтін (буддизмде рух ұғымының болмауы тұрғысынан) нәрселер атқарылғаны секілді, өлген адамның жанұясын жұбату, доктринаға қатысты мәселелер сенімдерінде бар. Бурма мен Тайланд сияқты халқының көпшілігі буддист болған жерлерде өлгендерді өртеу, жанұя мүшелері және діндестері арасында дүниелік және діни жақындық құрғандығына сенеді. Буддистер тәсбихті қасиетті санайды. Олардың кейбір сенімі мен діни дәстүрлері мәзһәбтарға қарай бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет