Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет114/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126
Діндер тарихы

4. Буддизмнің сенім негіздері


Буддизмде иман келтіруді «три-ратна» (үш жауһар) дейді. Яғни олар: «Буддаға сыйнамын, дхаммаға (доктрина) сиынамын, сангхаға сиынамын». Бұл иман жолдары пали мәтінінде кездеседі. Сутралардың бірінде кімде-кім Будданың үш жауһарынан біріне нақты сенсе оның қарсы жаққа өту үшін өзенге түскендігі, яғни сәулеленуге, нирванаға жетуге үміткер екендігін айтқандығы деп түсіндіріледі. Иман келтірудегі үш жауһардың бірін мойындамаған адам буддист деп саналмайды. Будда үш жауһардың – біріншісі. Ол – діннің негізін қалаушы. Бірақ буддистік түсінік бойынша, шындық (Дхамма) жоғалып, өзгелерінен үстем болған Будда – әлемде шындықты білетін кісі қалмағанда келуге тиісті Буддалардан бірі саналады. Одан бұрын да осы сипаттағы 24 Будда келген болатын. Будизмнің негізін қалаған Будда солардың 25-шісі болып табылады. Махаяна бойынша Буддалар өмірге өлім үшін келген адам баласының жәрдем сұрайтын ғашықтық болмыстары болып саналады.
Монах болса да, болмаса да бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азия буддистері осы үш негізді өздеріне тән әуенмен оқиды.
Дхамма буддизмнің сенім негізін, доктринасын, әлемдік ақиқатын сипаттайды. Ол христиандықтағы Хз. Иса, Исламдағы Құран сияқты маңызға ие. Дхамма антологиялық ретінде Буддадан бұрынғы кезеңге тән. Будда дхамманың баяны, тарихи көрінісі. Буддалар келеді, кетеді. Бірақ дхамма – мәңгілік. Бұл бір мағынада грекше логосқа тең келетін жағдай. Буддистер дхаммаға осы мағынада сыйынады. Будданың сөздері осы дхамма ақиқатын қолға алған. Бұл ақиқат доктрина. Бұл ақиқатқа сай өмір сүрілсе, Будда тарапынан «итиқамәт» (тура жол) деп бағаланған. Буддист сенімі бойынша алғашқы 24 Будда сияқты одан кейін де, қазіргі Будда кезеңін жалғастырып Буддалар келеді. Әрбір Будда адамдардың ақиқатты жоғалтқандығы үшін доктринаны уағыздауға келеді. Пали мәтінінде алғашқы әрі ең маңыздысы Меттейя болу үшін келетін 10 Будданың аты жазылған. Пали дәстүрі бойынша бұлар Үнді космологиясының 4 аймағынан біреуі болып саналатын Жамбудипа (Үндістанда) аймағынан келеді. Әр Будда дхамманы насихаттамайынша, бір сангха құрмағанша және дінді ұстамайынша нирванаға кірмейді.
Сангха дүниедегі ең көне бойдақ монахтар қауымдастығы. Монахтар монастырда барлығы жиналып, ешкіммен араласпай өмір сүреді. Одан басқа, монах әйелдер қауымдастығы да бар. Тіленші монахтарды «бхиксу» (пали: бхиккху), ал монах әйелді «бхиксуни» (пали: бхиккхани) деп атайды. Монахтық өмір кедейліктен, бойдақтықтан және тыныштықтан тұрады. Қанішер, ұры-қары, тұтқын, әскер, жұқпалы ауруға ұшыраған, жарымжан мүгедектерден басқалары монахтыққа қабылдана алады. Монах болу үшін 20 жасқа толу шарт. Дегенмен 15 жасқа келгендер ұйымға алынуы мүмкін. Тіпті 7 жасқа толған бала да, егер ата-анасы разы болса, қабылданады. Өзге діни сенімдерден буддизмге өткендер күнәдан арылу кезеңдерін бастан өткергеннен кейін монахтыққа қабылдануы мүмкін. Ұйымға алғаш кіргендер сақал-шашын алып, сары киім киеді, өкілетті монахтың алдында үш мәрте иман келтіреді. Монахтыққа үміткер адам кем дегенде он монахтың алдында бас монахтың басшылығымен емтихан тапсырады. Емтиханнан сәтті өтсе, өзіне төрт міндет және төрт күнә бастық тарапынан белгіленеді. Егер бір монах осы күнәлардың біреуін істеп қойса, сангхадан уақытша немесе біржола шығарылады. Монах сангхадан өз еркімен де шығуға, үйленуге құқылы. Тек монах кезінде үйленуге тыйым салынады. Буддистер арасында ең үлкен айырмашылық – монахтар мен монах еместер арасында. Монах болмағандар нирванаға жете алмайды (алдыңғы өмірінде монах болғандар бөлек).
Монахтың тек бір ғана киімі болады. Ол үш бөліктен тұрады: көйлекке ұқсаған бір киім, белдікпен байланатын және тізеге дейін жететін етек, тізеге түсетін және бір жағы сол иыққа асырылған (оң иығы жалаңашталған) жамылғы. Сыртқы түрі ежелден-ақ сары түсті (Тайланд, Камбоджа және Цейлонда), ал орта ғасырда қызыл түсті болатын (қазіргі таңда Бирмада қызғылт сары, Жапонияда қара түсті). Сонымен бірге монахтың ішіп-жеу үшін садақа кесесі, бір айда екі рет қолданатын ұстарасы және тәспісі бар. Монах күніне бір мәрте (түсте) ас ішеді, жыныстық диета ұстайды, ешқандай ойын-сауық, көңіл көтерулерге қатыспайды, ақша алмайды да, бермейді де, дүние жинамайды. Әр айда екі мәрте монахтар күнәларын мойындайтын айдың толған кезін және жаңа ай күндерін – упосатха (упавасатха), яғни ораза күндері деп атайды. Осы күндері монах болмағандар ең әдемі киімдерін киіп шығады. Діндар монахтар жалғанның қу тіршілігімен айналыспайды. Монах күнәсін ең кемі төрт монахтан құралған топтың алдында мойындайды. Патимокха ережелерін оқу кезінде оқушы адам әр бөлімнің соңында сол жерде отырғандардың осындай күнә істеп-істемегендіктерін сұрайды, бар болса «мойындауды» тыңдайды немесе жазаға үкім шығарады. Буддист монастырын вихара деп атайды. Саны 227-ге жететін бірқатар ережелерге барлық буддистік монастырлар мен ағымдар қатаң бағынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет