Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет117/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126
Діндер тарихы

3. Нирвана


Нирвана (пали тілінде ниббана), сөзінің түбірі екендігі қабыл етілген «ниббати» етістігі, үрлеу арқылы салқындауды білдіреді. Алғашқы буддист дәстүрінде бұл сөз, «салқындаған», яғни әуестік пен ашкөздік, жамандықтың отынан құтылған, тынышталған, үлгілі адам болуды тілге тиек етеді. Мұндай адам «сәулеленуге» қауышқан, Нирванаға қол жеткізген ретінде бағаланатын. Буддизм осылайша жаңа адам бейнесін әкелген болатын. Бұл адам «клеса» деп аталатын, саны жағынан ағымдар арасында 10, 16, 26, 30 ретінде ауысып отыратын рухани кірлерден тазарған, бірақ өмірінің қалған бөлігін толықтыратын әлдекім болып саналады. Бұл адам клеса-нирванаға жеткен, өмірі таусылып, тәндік өмірмен қоштасқанда нирвана біткендіктен «пари-нирвана» ға жеткен болып саналатын.
Нирвана (ниббана), пали мәтіндерінде тыныштық, қимылсыздық, жан тыныштығы, тазарған және өлмейтін түрінде бағаланатын. Кейбір батыс ғалымдары нирвананы жоқ болу түрінде түсінсе де бұл нақты емес. Будда адами сезім мен қалауларды отқа ұқсатқан, нирвананы осы оттың сөнуі түрінде түсіндірген. Будданың басты шәкірті Сарипутта Упатисса, нирвананы «қалау мен құмарлықтың, өшпенділік пен жек көрушіліктің жойылуы, қателесіп жолынан адасудан құтылу» деп анықтама берген.
Хинаянаны ұстанушылардың пайымдауынша нирвана, тіршіліктен, қарттықтан, өлімнен және қиыншылықтардан құтылу болып саналады. Алайда нирвана, жоқ болу емес, ұлы ақиқаттың жүзеге асуы, ашкөздіктің жойылуы. Махаянаны ұстанушылардың көзқарасы бойынша да нирвана жоқ болу емес, бірақ ол бейбітшілік, кемелдену, даналықтың кемеліне жету, мәңгілік бақытқа қауышу деп есептейді. Махаяна философиялық мектептерінің дамуымен нирвана, Будданың ерекшелігіне қатысты абсолюттік ұғымы, ақыр аяғында шындықпен бір деп қаралды.
Буддизмде нирванаға жеткен әлдекімнің өлімінен кейінгі нәрсеге қатысты нақты белгі жоқ. Өлгеннен кейін Будда не болды деген сұрақ буддизмде әлі де сұралып келеді. Будданың өзі де нирванаға жеткен әлдекімнің өлгеннен кейін тіршілігін жалғастырып, жалғастырмайтындығы деп қарайды. Бұл жайында кез-келген нәрсе айтудың пайдасы жоқ екендігін жақтаған. Түрлі тіршілік иелерінің біреуінің бейнесінде тәнәсухпен қайтадан дүниеге келуді қабыл ететін буддизм бойынша, жаман амал істегендер жаман кармаларымен ішінде болған калпаның аяқ жағындағы тозақта, жақсылар болса аспанда, пейіште тәңірлермен бірге (махаяна бойынша) тұрады. Алайда бұл пейіш-тозақ кезеңі тәңірлік діндердегі сияқты бітетін және жалғасымды емес. Буддистер, тәңірлердің бақытты өмірлерінің өткінші екендігін қабыл етеді. Олар бойынша шынайы бақыт, соңы бар, тәнәсухсыз құтылу, яғни қиыншылық өмірге тәнәсухпен қайтадан, қайта келуден құтқарылу, тек қана нирванаға қауышқанда ғана мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет