Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет78/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126
Діндер тарихы

4. Моральдық-этикалық түсінігі


Тарих сахнасында түркілердің моральдық-этикалық түсінігі, барлық саяхатшылардың, зерттеушілердің, шетелдіктердің назарын аударған. Исламнан кейін батыстықтардың өз ұлттарына өрнек ретінде көрсеткен түркілер, Исламнан бұрын да үлгілі моральдық-этикалық түсініктің өкілдері болатын.
Моральдық-этикалық тұрғыдан жоғары ерекшеліктерге ие Түркілер сабырлылық пен туралықтың үлгісі, өзінде, сөзінде, ісінде туралық түркілердің негізгі ерекшеліктері еді. Қылмыс, зина, жалған жерде ант беру, алдау, рия жасауды, ұрлық, адам өлтіру, келекелеу, өсек тасу, тәкәппарлық оларда кездеспейтін және жаман әрекеттер болып саналды. Ұрлық жасаған, зина істеген, жалған жерде ант берген және себепсіз адам өлтірген адамға өлім жазасы беріледі.
Зинаға тыйым салынған, тіпті бұл нәрсе түркілерге жат қылық. Зина істеген адамға қатаң жаза қолданылды. Зина істеген кей жерлерде өртеледі, кей жерлерде денесі екіге бөлінеді. Гомосексуалдық түркілер арасында өте үлкен күнә. Соғыстан қашу жаман әрекет және жазасы ауыр болды.
Түркілер жағымпаздықты, жасанды сөздерді және жасанды әрекеттерді ұнатпайды. Алдап-арбаумен дүние таппайды, мұндай жолмен баюды құптамайды. Достар арасында махаббат пен құрмет басты нәрсе. Достарына, жолдастарына жамандық жасауға жақсы қарамайды және көргенсіздік саналады.
Жанұя мемлекеттің ең кішкентай бөлшегі ретінде есептеліп, қасиетті саналады. Ері мен әйелі бір-біріне қиянат етуден өздерін аулақ ұстайды. Адамдар арасында әділеттілік басты нәрсе, бөліп-жару жоқ. Шешім қабылдауда кеңесуге өте мән береді.
Түркілер табанды, қайратты, еті тірі және еңбекқор. Күтуге, босаңсуға сабыр ете алмайды. Қызу қанды, еті тірі, батыл, күрескер, тәртіпті және жауынгер мінезді халық.
Отан сүйгіштігі, жерлеріне деген берілгендігі, өлкелерін қорғау түркілердің ең басты белгілері болып табылады. Дүниеде отан сүйгіштіктің және отанға деген тәуелділіктің ең жоғары дәрежеде түркі ұлтында екендігін айтсақ қателеспейміз. Исламнан бұрын да Исламды қабыл еткеннен кейін де түркілерді басқа ұлттардан осы қасиет бөліп тұр.
Түркілерде жалпы «Жалғыз Тәңір», Көк Тәңір, ақырет, өлгеннен кейін қайта тірілу, жасағандарының есебін беру, пейіш пен тозақ секілді сенімдері, ахлақты, адамгершілігі мол, зинаны жек көру, ақиқат жолда күресу (жиһад), туралықты басшылыққа алу, жанұяны қадірлі санау, отан сүйгіштік, ұлтжандылық, әлсіздермен бірге болып, зәбір көрсетушілерге қарсы тұру, сабырлы болу, қонақжайлылығы, сеніміне берік іспеттес ерекшеліктері бар. Бұл сенім мен мінез-құлық түркілердің Исламды бәрі бірден қарсылықсыз қабыл етулерінің себебі саналады. Түркілердің бұл сенім мен мінез-құлықтарын, олардың арасына жіберілген пайғамбарларға байланыстырады. «Әсмәул Мурсәлин» атты еңбекте 24 түркі пайғамбарлардың аты кездеседі.
Қазіргі таңда дәстүрлі түркі дінін жалғастырып келе жатқан түркі тайпалары бар. Бірақ түркі тайпаларының 98 пайыздан астамы Исламды таңдаған. Исламды қабыл еткен түркілер Исламға қайшы келетін сенім мен әрекеттерін тастаған. Исламға қайшы келмейтін әдет-ғұрыптарын жалғастырып келеді. Исламға қызмет етуші және қорғаушысы болған. Түркілер Исламмен көтерілді, Ислам да түркілердің арқасында тараған. «Түркі Исламсыз, Ислам түркісіз болмайды» деген сөз қалыптасқан. Батыста ұзақ уақыт бойы Ислам дегенде түркілер, түркі дегенде Ислам ойға оралады. Түркілер билікте, ғылымда, тәрбиеде үлкен қызметтер атқарған. Исламға шын көңілден берілген түркілер Исламмен біртұтас болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет