«Адамзаттың алтын бесігі – Қазығұрт» (Экскурсиялық мәтін)



бет3/3
Дата14.04.2024
өлшемі2.48 Mb.
#498648
1   2   3
Адамзаттың алтын бесігі-Қазығұрт

Адам Ата мен Жер Ана жартасы
Ауданның ең жұмбақ жерлерінің бірі Қазығұрт тау алабында орналасқан екіге жарылған Адам Ата мен Жер Ана жартасы. Екі бөлігі еркек пен әйел, әке мен ананы білдіреді. Жарық ұзындығы 15 м, ең жіңішке жерінің кеңдігі 25-30 см. Көп адам осы жар арасындағы 15 м жүріп өтуге тырысады.


Сурет 5. Адам Ата мен Жер Ана жартасы

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, жартас жүрегінде қорқынышы бар адамдарды өткізбеуі мүмкін. Және қуыстан өткен кезде ең алғаш оң иықтан бастау керек. Бұл аралықтан тек 13 жастан асқан жандарға ғана өтуге рұқсат етіледі. Көпшіліктің айтуы бойынша, Қазығұрт тауына жасаған сапарда ең ерекше әсерді осы жартас қуысында тұрып сезінесің. Сәл арыда - тағы бір жартас бар. Ол ана құрсағын бейнелейді. Ол жерден 13 жасқа толмаған балаларға өтуге рұқсат етілген. Егер бала қорықпай, сынақтан өтсе, оны сау және бақытты өмір күтеді деп саналады.



Қазығұрт тауы
Қазығұрт тауы – Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Түркістан облысы орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 км-дей қашықтықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-ге созылған. Ортаңғы биіктеу бөлігінің ұзындығы 22 км, енді жері 10 км. Ең биік жері жотаның шығыс бөлігінде орналасқан (1768 м). Шығыстан батысқа қарай аласарып 800 м-ге дейін төмендейді. Батыстың ең биік жері 875 м (Бағаналы) тауы. Солтүстік беткейі жалпақтау болып келетін бірнеше қырқалы жондарға тармақталады. Келес өзенінен бастау алатын оңтүстік-шығыс беткейі жарқабақты келген.


Сурет 6. Қазығұрт тауы

Қазығұрт ауданының мақтанышы – Қазығұрт тауы өзінің аңызға толы кереметімен тек қазақтың ғана емес, шығыс халықтарының, тіпті адамзаттың алтын бесігі деуге тұрарлық. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар кемесін әр елдер өздерінің қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт асуынан динозавр сүйегінің табылуы – өзге де жаратылыстарды зерттеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығы тіршілік ерте пайда болып, адамзат баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Қазығұрттың басындағы кемеден бөлек, бұл тарихи өлкеде келушілердің назарын аударар көптеген архитектуралық мәдени ескерткіштер бар. Қасиетті таудың биік шыңы да, бөктері мен баурайы да ежелгі тарихтан сыр шертеді.

Бүгінгі күнде аңызға айналған тауды, оның ең биік нүктесі «Кеме қалған» шыңын бағындырған туристер саны аз емес. Тауға көтерушілер саны жыл санап артып келуде. Әсіресе көктем мен жаз айларында туристер мен жергілікті халық саны көп болады. Себебі тура осы мезгілде таудың биігінен қарағанда айнала ерекше түске еніп жасыл кілемдей көздің жауын алады. Таудың келген әрбір адам бұл көріністен ерекше сезімке бөленіп, таудан ләззат алып, тынығып алары сөзсіз.

Қазығұрт тауы туристік ресурстарға өте бай, солардың бірі спелеотуризм ресурстары. Қазығұрт тауы географиялық орналасу орны, климаты, туристік ресурстардың көптігімен ерекшеленеді. Соның бірі спелеотуризмнің негізі – Үңгір әулие немесе Қазығұрт үңгірлері. Қазығұрт тауының Алмалық деп аталатын солтүстік шығыс өркешінде Үңгір әулиесі бар. Бұл киелі үңгір бөлме-бөлме болып кете береді. Оның ақыр соңы кәрі Сайраммен жалғасатын жер асты жолымен ұласады. Мұндағы үңгірлердің саны да, құпиясы да, тарихы да көп. Сонымен қатар, бұл үңгірлер жайлы «Тіршілік бастауы –Қазығұрт», «Наурыз –Қазығұрттан басталады», «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған» деген аңыз-әңгіме, шежірелер бар. Сондай-ақ, киелі үңгірлердің көптілігімен қатар, түрлі емдік қасиетімен де белгілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет