Аңдатпа. Мақалада қоршаған ортаны сақтау және қорғау назарға алынған. Бұл жұмыста туризм және өлкетану идеяларын экология саласында неғұрлым жеңіл, әрі тиімді пайдалану көзделеді



Дата08.12.2022
өлшемі22.19 Kb.
#466860
Документ Microsoft Office Word


 Экологиялық туризм


Аңдатпа. Мақалада қоршаған ортаны сақтау және қорғау назарға алынған. Бұл жұмыста туризм және өлкетану идеяларын экология саласында неғұрлым жеңіл, әрі тиімді пайдалану көзделеді. Егемен еліміздің жарқын болашағы мен уайымсыз келешегі үшін экология саласындағы жаңа өзгерістерге назар аударған жөн.
Түйін сөздер: Қоршаған орта, экология, экотуризм, экологиялық сауаттылық, жасыл экономика.

Қоршаған ортаны жақсарту, әсіресе, жас ұрпақтың тәнінде ақау болмас үшін жерімізді экологиялық таза аймаққа айналдыру- Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақсаттарының бірі. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын» – деді. Қоршаған ортаға залалын тигізетін құрылымдарды бірте-бірте жойып, оған балама көздерін табу қазір қолға алыну үстінде. Елімізде табиғатты таза сақтау бойынша «жасыл экономика» жобалары жасалып, іргелі жұмыстарға басымдық берілуде.[1] Бұл мақалада экологиялық сананы жаңғыртып, ұлттық болмысымыз бен ұлттық кодымыздан айырылып қалмай, оны әрмен қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру және әлемдік құндылықтармен, принциптермен үйлестіріп, туризм және өлкетану идеяларын экология саласында Қазақстан Республикасының игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе қарастырылады. Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, көзі ашық, көкірегі ояу экологиялық сауатты азаматтар мен азаматшалар елімізге ауадай қажет. Оның тайға таңба басқандай айқын себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның дамуын қарасақ, алдағы он-жиырма жылдықтарда қазір­гі кәсіптердің, зауыттардың салдарынан экологиялық жағдай нашарлап кетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз қоршаған орта тазалығына аса назар аударып әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосыла аламыз. Еңбек пен малдан бұрын қоршаған орта тазалығы әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, дені сау ұрпақ-ұлт кепілі. Ал, лас аймақта дені сау ұрпақ өмірге келу деңгейі төмен екендігін естен шығармаған жөн. Елбасымыздың экологиялық жаңғыруға, экологиялық туризмге, экологиялық сауаттылыққа маңыз беруі – үлкен көрегенділік пен ұлттың алға жылжуын жылдамдататын қозғаушы күш. Бұл – егемен еліміздің жарқын болашағы мен уайымсыз келешегі үшін жасалып жатырған елеулі жұмыс. Өйткені, қоршаған орта тазалығы азаматтарымыз бен азаматшаларымыз үшін де, әрбір қоғам үшін де, кіндік қанымыз тамған туған жеріміз үшін де өте маңызды үдеріс.[2] «Жасыл экономиканы» қалыптастыруда көптеген экологиялық проблемалар алдан шығып отыр. Оның бастыларына тоқталар болсақ, әрбір азамат өзі күн кешіп отырған отбасынан бастап, Отан аумағын таза сақтап, ластанудан қорғау, ауа мен судың бүлінуіне жол бермеу, жердің тозуына, кейбір өзен-көлдердің шарасы тарылып бара жатқанын жұрт болып жұмылып, қалпына келтіру ісіне үлес қосу. Егер біз осы айтқандарды уақытында атқара алмасақ, құнарлы жерімізді тоздырып алуымыз мүмкін. Осындай мәселелердің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. [3] Соның ішінде елімізде экотуризм мен өлкетануға аса назар аударылуда.
Туризм жалпы халықаралық көлемде танылған аса маңызды мәдени-ағарту, спорттық, демалыс шаралары ретінде кеңінен мәлім. Жыл өткен сайын туристтерді қызықтыру қиынға түсуде. Сол себепті туризмнің жаңа бағыты экотуризм танымал болуда.
Экотуризм-бұл қоршаған ортаға зиянын тигізетін нәрселерден туристтердің ерікті түрде бас тартуы. Автокөліктер мен қымбат қонақүйлерді табиғатқа зиянсыз құралдарға алмастыру арқылы туристтердің өзге жерге де құрмет көрсетуі-үлкен жетістік. Экотуризмнің бірнеше түрі бар. Оларға: ғылыми экотуризм, тарихи экотуризм, белсенді экотуризм,табиғи экотуризм, агротуризм.
Ғылыми экотуризм негізі табиғатқа зиян келтірмейтін зерттеулер мен бақылаулардан тұрады.
Тарихи экотуризм- туристтерді тарихи мұралармен, ұлттық құндылықтармен таныстыру.
Табиғи экотуризм- туристтерді қорықтар мен ұлттық парктерге апару.
Агротуризм- бұл қалалық жерде тұрушылардың ауылға арнайы келіп, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына үлес қосуы.
Экотуризмнің басты ерекшелігі- адамдардың табиғатқа қамқорлығын арттырып, табиғатқа зиянды нәрселерден саналы түрде бас тартқызу. Мысалы:автокөліктің орнына велосипедті пайдалану,жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысу,ауылда өсірілген экологиялық таза өнімдерді тұтыну. Туризмнің бұл саласының экологияға тигізер пайдасы зор. Экотуризм — қазақстандық туризмнің дамуын қарқынды жолға қоятын бірден-бір бағыт. [4] Əлемдік тəжірибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) айрықша іске асырылады.Біздің республикамызда экологиялық туризмді дамыту жалпы туризмді дамытуда маңызды.Экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде жəне 390 экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қараса жəне дамытса Қазақстанды дамытудың маңызды элементі болуы мүмкін. Қазақстанның табиғи əлеуеті əлі шоғырлану процесі жəне интенсивті ауыл шаруашылығы өндірісі қамтылмаған əртүрлілікке, бірегейлікке, тартымды көрініске ие болғандықтан ЕҚТА-да экотуризмді дамытуда үлкен мүмкіндіктері бар. Экологиялық туризм ЕҚТА барлық түрлерінде дамуы мүмкін, алайда басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен салыстырғанда қорықтарға келу тəртібі өте қатаң, осыған сай қатаң түрде табиғатты қорғау тəртібі жəне нақты келушілердің саны белгіленіп, экологиялық туризмді ұйымдастыруға барынша шектеу қойылған. Экологиялық туризм арнайы бөлінген учаскелеріндегі аралық аймақта қатаң тіркелген бағыттар бойынша экскурсиялық маршруттармен шектелуі қажет. Қорықтардың өзгешелігі ғылыми экологиялық туризмді пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуге арналған. Экологиялық туризмді дамытудың аса маңызды əлеуетіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (МҰТП) ие, олардың қызмет бағыттарының бірі рекреациялық жəне туристік қызметті дамыту болып табылады. Осы мақсаттарда көркем ландшафтарды, табиғи ескерткіштерді жəне басқа тамаша нысандарды көрсету арқылы туристік жəне рекреациялық аймақтарды дамыту. Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде төрт ұлттық парктерге («ІлеАлатау», «Баянауыл», «Көкшетау», «Алтын-Емел») экологиялық талаптарды жəне табиғат ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық парктердің аумағында туризмнің негізгі нысандарын орналастыруда жоспарланатын орындарды тиімді белгілеуге мүмкіндік беретін бас жоспарлар əзірленген. [4] Өлкетануға келер болсақ,оның да экологияға пайдасы көп. Өлкетану белгілі бір аймақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, этномәдениет негі здерін зертейді. Өлкетанудың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік, қоғамдық, мектеп және тарихи өлкетану.
Мемлекеттік өлкетану –арнайы органдардың қатынасымен мұражай жұмысын ұйымдастрыу, әкімшіліктердегі, кітапханалардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы мәдениет пен ғылымға байланысты бөлімдердің жұмыстары.
Қоғамдық өлкетану –қоғамдық өлкетанушылардың, туристердің, қоғамдық ұйымдардың жеке адамдардың күшімен ұйымдастырылады. Олар өлке ерекшеліктеріне байланысты, өлке тарихы мен онда өмір сүрген белгілі адамдардың өміріне байланысты деректер жинау т.б. жұмыстармае айналысады
Мектеп өлкетануы –мектептердегі оқу бағдарламалары және олардан тыс атқарылатын туған өлкеге қатысты жұмыстар бойынша білімді жетілдіруге, сондай-ақ әртүрлі туристік өлкетану шаралары барасында түрлі тәрбие беруге байланысты жұмыстар.
Тарихи өлкетану –ол белгілі бір ауданның, облыстың, өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғаларды, тарихи архитектуралық ескеткіштер мен олардың ерекшеліктерін оқып-танысумен айналысады. [5].
Өлкетану идеяларын экология саласында да тиімді пайдалануға болады. Бала күнінен өлкесін танып-өскен әрбір адам өлкені қорғауға ат салысады. Туған өлкені зиянды қалдықтардан тазарту, әрі балалардың экологиялық білімін арттыру мақсатында мектептерде сенбілік жұмыстары да жиі ұйымдастырылады. Көктемнің жайлы күндері мектеп ауласын көгалдандыру жұмысы да оқушылардың туған өлкесіне қосқан үлесі.
Кемеңгер педагог Т. Шонанов: “Туған өлкесін білмейтін адам дүниені білмейді”-дей келе, “мектепте өлкетануды насихаттау формасын және өрісін кеңейту керек, яғни өлкетану өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өз Отанын ойша емес, нақты сүюі үшін аса қажет” -деп жазды. [6] Қорытындылай келе, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін экологиялық сауатты болуы қажет. Мектептерде экология және өлкетану пәндері оқытылғаны жөн. Қазақ халқының атамекені- халқымыздың ерте заманнан бері мекендеген жері,суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сүріп келе жатқан кең байтақ жері. Осындай ұланғайыр туған өлкемізді сақтау және қорғау- Отан алдындағы борышымыз. Бірде-бір ұлт өз елінің тарихын, мәдениетін сыйламайынша, өз өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта қалыптастырып өркендетпейінше, азаматтық және рухани тәрбие жүргізбейінше дамып, өмір сүруі мүмкін емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет