Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет13/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Электронды зерттеу әдісі. Бұл әдіс жарық сәулелерінің орнына жоғарғы энергия электрондар ағындарын пайдалануға негізделген. Электрондық микроскопиялық зерттеу әдісі – бактериялардың, риккетсия-лардың, спирохетелардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың және басқа жасушалық нысандардың морфологиялық және құрылымды белгілерін зерттеуде қолданылады.
Алғаш рет электронды микроскопты 1932ж. Кнол және Русска ашты. Электронды микроскоптың ұлғайту мүмкіндігі 10 000-40 000 есе, кейде оның ұлғайту мүмкіндігі 100 000 және 200 000 есе артады.
Электронды микроскоп электр энергиясының іске асады. Электрқорек-тендіргіш жүйенің барлық байланысы металл шкафта, микроскоп колоннасының артында орналасады. Электронды линзадан өткенде ауа бөлшектерімен қақтығыспас үшін микроскоп жанында орналасқан екі вакуум-насос колоннадағы ауаны сорып тастайды. Егер ауа бөлшектеріне соқтығысса көрініс нашарлайды. Микроскоппен жұмыс кезінде диаметрі 0,1 мм вольфрамды электрлі ток келіп тұрса, электронды пушкада электрондар көп жиналады.
Жоғары тоқ кернеулігінің (50000 В) жіпті тастап кететін электрондарға ие болады және микроскоп колоннасының ішіне енін, онда магнитті полядан кейін біртіндеп үш линзадан өтеді: конденсорлы, объективті және проекционды. Конденсорлы линза электрон түйірлерінің шашырандысын концентрлейді және зерттелетін объектке бағыттайды; объективті және проекционды линза көріністі тез арада ұлғайтып электрондарға екі жақтама бұзушы әрекет етеді.
Бақылаудағы объекттің соңғы көрінісі экранда көрінеді. Экран электрондарының соққысынан объект көрінісі жарықтандырып көрсететін люменисцирлеуші құраммен қапталған экранның астында зерттелетін объекттің қажетті жерлерін суретке түсіріп алатын фотокамера орналасқан.
Электрондық микроскоп жарықтандырғыш немесе трансмиссионды деп аталады.
Сканирлеуші (ерітіндіде) микроскопта, атына сай, жарықтанған экранда көрініс құрылымданатын электрондар тобыры сәулелену арқылы үлгіні сканирлейді. Сканирлеуші электронды микроскоптың артықшылығы, ол нысанның көлемдік бейнесін көрсетеді.
Табиғи жағдайда микроорганизмдер тек аралас популяция түрінде кездеседі. Олардың ішінен керекті бактерияларды таза дақылдар түрінде бөліп алады. Таза дақылдарды әр түрлі әдіспен тікелей табиғи субстраттан (судан, топырақтан) немесе элективті және жинағыш қоректік ортадан бөліп алады.
Микроорганизмдер биологиясын зерттеу үшін олардың таза культураларын бөліп алу мақсатында әртүрлі әдістер мен қоректік орталарды пайдаланылады. Микроорганизмдерді өсіру үшін міндетті түрде қоректік орталар қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет