Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет14/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Қоректік орта деп - микроорганизмдер тіршілігіне қажетті қосылыс-тары бар заттардың тұтастығын айтады. Микроорганизмдердің әртүрлі топтарын анықтау үшін аранайы қоректік орта дайындайды, себебі әрбір микроағза белгілі бір құрамды ортада өседі. Қандай да болмасын қоректік ортаның құрамына Менделеев таблицасындағы 10 химиялық элемент кіреді /С; Н; О; S; P; Ni; K; Mn; Fe; Ca/. Олар барлық микроорганизмдердің дамуы үшін өте қажет. Сонымен қатар, микроорганизмдер басқа химиялық элементтерді, микроэлементтерді қажет етеді /Zn; Co; Cu және т.б./.
Қоректік орталарды шығу тегі бойынша: оны табиғи, жасанды және синтетикалық деп бөледі.
Табиғи- қоректік орталарды дайындау үшін тағамдық азық-түліктерді (сүт, сарысу, жұмыртқа, көкөніс, тағамдық азық-түліктердің қалдықтары және т.б.) пайдаланады, себебі олардың құрамында микроорганизмдердің өсуі үшін қажетті органикалық және минералды заттар болады. Ортаны дайындау үшін оларды алдымен тазалайды, қажетіне қарай ұсақтайды, ыдысқа салып, микроорганизмдерді өлтіру үшін залалсыздандырады.
Жасанды- қоректік орталарды табиғи жолмен оларды азықтық тағамдарын қышқылдармен, сілтілермен және ферменттермен өңдеу арқылы және оларға қосымша қажетті заттарды қосу арқылы дайындайды. Олар пептон, еттен алынған түрлі сығындылар, қан, сарысу және түрлі тұздардан тұрады.
Синтетикалық- қоректік орталарды белгілі бір концентрацияда химиялық қосындыларды судың қажетті мөлшерінде еріту арқылы дайындайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минерал-дардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күрделілігі әртүрлі қоректік орталарды дайындауға болады.
Құрамына байланысты қоректік орталарды: жай және күрделі деп бөледі.
Жай орталар – микроорганизмдердің басым көпшілігін өсіруге жарамды, бұларға – ет-пептонды сорпа (ЕПС), ет-пептонды агар (ЕПА), ет-пептонды желатин (ЕПЖ) жатады.
Күрделі орта – құрамында күрелі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісін, кейбір микроорганизмдердің өкілдерін өсіру үшін арпа сусласын, шөп қайнатпасын, алма немесе сәбіз шырынын қосу арқылы дайындалған орталар. Бұларға- қантты сорпа, өт қосылған сорпа, сарысулы агар және т.б.
Физикалық күйі (консистенциясы) бойынша:
1) қатты (құрамында 3–5 % агар-агар болады);
2) жартылай сұйық (0,15-0,7 % агар-агар);
3) сұйық (агар-агар қосылмайды).
Пайдалану мақсатына байланысты қоректік орталарды 4 бөлеміз:
1) Әмбебап қоректік орталар. Бұл орталарда хемогетеротрофты арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі. Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпа (ЕПС), ет-пептонды агар (ЕПА), ет-пептонды желатин (ЕПЖ) және ашытқы саңырау-құлақтарға лайықты сусло жатады.
2) Арнайы қоректік орта. Ерекше органикалық заттарды қажет етпейтін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизм-дерді өсіретін орта.
3)элективті немесе таңдамалы қоректік орталар – табиғи субстрат-тардын (топырақтан, су, тағамдардан өсімдік және жануарлардан) микро-организмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Бұларға: 1 %-тік пептонды су, ет-пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС), анаэроб микробтарды өсіруге арналған қан, қантты агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған Сабуро ортасы, туберкулез (өкпе ауруы) бактерияларын өсіруге арналған орталар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет