Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Тірі немесе жаншылған препарат дайындау



бет11/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Тірі немесе жаншылған препарат дайындау. Бұл препаратты микро-организмдердің тіршілік жағдайын көру үшін дайындайды. Ол үшін заттық шыны ортасына бір тамшы су тамызады және оған зерттелетін микроорга-низмді орналастырады. Тамшыны ақырын ғана жабындық шынымен жабады. Тамшы заттық шыны мен жабындық шыны арасындағы кеңістікті толтырып тұруы қажет. Жабын шыны сыртына шығып кеткен суды сүзгіш қағазбен сорып алады. Бактериялар мен ашытқы 40 объективпен, ал саңырауқұлақтарды 8 және 40 объективтермен көруге болады.
Қақталған (фиксацияланған) препарат дайындау. Этил спирті мен күкіртті эфир қоспасында сақталған заттық шыныны спирт шамы жалынында кептіреді. Спирт шамы жалынында стерильденген бактериологиялық ілмешекпен заттықшыны ортасына зерттеу материалынан жұғынды алып, жұқа етіп жағады. Егер микроорганизм культурасы қатты қоректік ортада өскен болса, шыныға алдын-ала су құбыры суының тамшысын тамызады, оған бактериологиялық ілмешекпен материалдың аздаған мөлшерін салып, жұғынды дайындайды. Жұғындыны ауада кептіреді, сосын фиксациялайды немесе қақтайды. Микроорганизмдер жұғындысы бар заттық шыныны жоғары қаратып жалын үстінен 2-3 рет өткізе отырып, термикалық қақтайды. Препаратты фиксациялау уақыты 5-6 сек аспау керек, от жалынның тікелей әсер етуі 2 секундтан аспау керек.От жалынынан басқа келесі фиксациялау әдістері қолданылуы мүмкін .
Микроб клеткасының нәзік құрылысын зерттеу үшін жұғындыны химиялық жолмен қақтайды: қақтайтын сұйықтықты, мысалы этил спирті мен күкірт эфирінің қоспасын 1:1 көлемінде жұғынды бетіне құяды, қақтау мерзімі 10 минут, не препаратты Петри табақшасына ішіне жұғындыны төмен қаратып бу түзетін фиксатор, мысалы 40%-ті формалин тамшысының үстіне салып қояды, қақтау мерзімі бірнеше секунд. Жұғындыны қақтау микроорганизмдердің өлуін, олардың шынының беткі қабатына тығыз жабысуын және микробтардың оңай боялуын қамтамасыз етеді.
Қақталған препаратты бояйды, оның беткі қабатына кез-келген бояу (метилен көгі, генцианвиолет, фуксин) ерітіндісін құйып, 2-3 минут қойып қояды. Сосын жұғындыдағы бояуды дистилденген сумен шайып, препараттың төменгі жағын сүзгіш қағаз тілімімен сүртеді, ал жоғарғы жағын жұғындыға тимей, екі шетінен абайлап кептіру керек. Препаратты ауада немесе спирт шамы жалынында биік ұстап жақсылап кептіреді. Майлы иммерсиялы обьективті қолдана отырып, дайын жұғындыны микроскоп-таймыз.
Микробиологияда қарапайым және күрделі бояу әдістері қолданылады. Микрорганизмдерді жалпы бояу үшін метилен көгі, карбол немесе сілті ерітіндісінде дайындалған генциан күлгіні және фуксин ерітіндісі қолданылады. Бұл бояулармен барлық микробтар бояла береді. Кейбір микробтар клеткасы бояуға талғампаз келеді. Микроб клеткаларының осындай қасиеттерін ескереотырып, бояудың күрделі түрлерін қолдану іске асырылды. Күрделі әдістерге Грам әдісі, Циль-Нильсон, Козловский әдістері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет