Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет5/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Прокариоттар мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1-10 мкм микроағзалар . Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы - олардың қалыптасқан ядросы және хромосомаларының болмауы. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы, айқындалған органоид-тары, яғни ЭПТ, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Сонымен қатар, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Бактериялар (гр. bakterion -«таяқша») -табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді.
Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабығы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді.
Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыра-тын бактериялар тобы ауру туғызатын патогенді бактериялар деп аталады.
Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк - жасыл түсті өкілдерін циано-бактериялар деп атайды.
Ционобактериялар (көк-жасыл балдырлар) - 2 мың түрге жуық 54 бактериялар тiршiлiк етедi Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер. Клеткалардың пiшiнi доғалы, цилиндрлi таяқша тәрiздi. Ционобактериялар бiржасушалы болуы мүмкiн немесе көпжасушалы жiпше құрайды клетканың жарғақшасы целлюлоза, нуклеин және пектин заттарынан тұрады. Сыртынан клеткалар тығыз қапшық тәрiздi сiлемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды. Цианобактериялар клеткаларының түсi әр түрлi – көкжасылдан күлгiн қызыл және қараға дейiн. Мұндай спектр ерекше пигменттер жинағымен анықталады, олар – хлорофилдер, ксантофилдер және фикобилиндер. Цианобактериялар жасушаның екiге бөлiну арқылы көбейедi.Тiршiлiк ету ерекшелiгi фотосинтезбен атмосфералық азотты азотфиксациялау қабiлетi болып табылады. Цианобактериялардың негiзгi бөлiгi тұщы суларда, ал кейбiр аздау түрлерi теңiздерде мекен етедi. Шалшық сулардың қарқынды гүлдеуi цианобактериалардың көбеюiмен байланысты. Азотфиксациялайтын цианобактериялар ауа азотын меңгерiп оны басқа организмдер пайдалана алатын қолайлы қосылыстарға айналдырады. Цианобактериялардың маңызы: зат және энергия айналымында үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет