Тион бактерияларының күкірт қосылыстарын тотықтыруы. Тион бактериялары күкірт сутегін, молекула күйіндегі күкіртті және басқа күкірт қосылыстарын күкірт қышқылына дейін тотықтыра алады, бірақ өз клеткасына күкірт жинамайды. Олар керме және тұщы суларда, топырақта көп тараған. Әдетте тион бактериялары - спора түзбейтін өте ұсақ таяқшалар. Бұл микроорганизмдердің әсерінен пайда болған күкірт қышқылымен өсімдіктер коректене алады. Кейде олар топырақтағы нашар еритін тұздардың жақсы еріп, өсімдікке сіңімді күйге айналуына себепші болады. Топыраққа органикалық тыңайтқыш ретінде көң теккенде де сульфаттардың мөлшері артатыны анықталған. Мәселен екі ай ішінде көң төгілген пардың әрбір килограмында 130 миллиграмдай сульфат жиналса, бақылау вариан-тында осы уақыт ішінде ол не бары 64 миллиграмға жеткені белгілі болды.
Күкірт бактерияларының барлығы да автотрофты организмдер, яғни денесіндегі органикалық заттар көмір қышқылынан құралады. Бұған қажетті энергияны күкіртті тотыктыру кезінде алады.
Күкірттің анорганикалық қосылыстарын тотықтыратын бактериялар пайдалы қазбалардан түрлі металдарды өндіріп алуға қолдануда. Мәселен, Fhiobocillus feroxidans бактерияларын сульфидке кедей рудалардан күкіртті толығырақ өндіріп алуға қолданады. Дәл осындай тәсілмен бактерияларды пайдалана отырып, құрамында күкірті бар минералдардан әртүрлі металдарды және сирек кездесетін элементтерді алуға жол ашылды. Микробтарды "металугтер" есебінде, пайдалану экономикалық жағынан тиімді. Микробиологиялық жолмен алынған таза мыс әдеттегі технологиямен алынған мысқа қарағанда 2,5 есе арзанға түседі. Қазір көпшілік елдерде пайдалы қазбаларды өңдеуде микробиологиялық тәсіл қолданылып отыр.
Топырақта күкірт қышкылы түздарының - сульфаттардың түзілуімен қатар, бұған керісінше процестер де жүреді. Оны десульфоландыру деп атайды. Бұл құбылыс, әсіресе органикалык заттарға бай топырақтарда анық байқалады. Молекула күйіндегі күкірт те сульфоландыру құбылысына ұшы-рауы мүмкін. Қышқыл топырақтарда бұл құбылыс Fhiobacillus thioxidans бактериясының қатысуымен жүреді. Бұл автотрофты организм.
Достарыңызбен бөлісу: |