Залалсыздандыру (лат. sterilis – ұрықсыздандыру, тұқымсыздандыру) – материалдардағы патогенді және патогенді емес микроорганизмдерді, олардың формаларын (споралары, капсулалары) өлтіреді. Бактериологиялық зертханада қоректік орталарды, шыны ыдыстарды, саймандарды, тығындарды және зерттеулік жұмыстарға арналған барлық құрал-жабдықтар- ды залалсызданды.
Залалсыздандыруда физикалық және химиялық әдістерді қолданады. Олардың механизмдік әсері әртүрлі болғандықтан екі негізгі талаптар: залалсыздандыруға алынған материалдардың физикалық – химиялық қасиеттерінің сақталуы және толық залалсыздануы керек.
Физикалық әдіске:
Қыздыру және өртеу - ол спиртовка жалынында – скальпельді, инелерді, заттық шыныларды залалсыздандырады. Залалсыздандырудың мұндай түрінде құралдардағы барлық микробтар өледі.
Қайнату арқылы залалсыздандыру - металл аспаптар мен резеңке түтіктерді қайнату арқылы залалсыздан-дырылады. Кейбір бактериялыардың споралары суда бірнеше сағат қайнатқанда өз тіршілігін сақтайтын болғандықтан, қайнату арқылы залалсыздан-дыруды 2%-ті карбонат натрий ерітіндісінде 10 минут көлемінде қайнату арқылы жүргізу ұсынылады. Бұл жағдайда споралар өледі.
Құрғақ ыстықпен залалсыздандыру - құрғақ ыстықпен негізінен шыны ыдысытарды залалсыздандырады. Бұл кезде пробиркаларды, колбаларды алдын-ала мақта тығынмен жабады. Залалсыздандыратын шыны ыдыстарға ауадағы микробтардың жұғуын болдырмас үшін, оларды залалсыздандыру алдында сырттарын қағазбен орайды және пробирка және колбалардың аузын мақта тығынмен жауады. Оралған қағаздан тек жұмыстың алдында ғана ашады.. Пипеткаларды ені 2,5-3,0 см болатын қағаз тілімдерімен орайды. Пипетканың капиллярлы ұшын қағаз тіліміне 450 бұрыш жасап орналастырады және спираль бойымен орайды.
Петри табақшаларын шаршы түріндегі қағазға орайды. Ол үшін Петри табақшасын қағаз ортасына қойып, оны екі қарама-қарсы жағынан жоғары қарай қайырады, шеттерін екі рет тігіс жасап қайырады. Екі бос шетін төмен қайырады. Бұлай орағанда табақшаның жоғарғы және төменгі жағын оңай айыруға болады. Осылай оралып дайындалған ыдысты кептіргіш шкафқа қойып,160-1700С температурада 2 сағат бойы қыздырады. Осылай қыздыру барысында тек бактериялар ғана емес, олардың споралары да өледі. Кептіргіш шкафтағы температура 1750-дан жоғары болып кетпеу керек, себебі ондай кезде мақта тығындар қарайып кетеді, ал қағаз ораулар күйіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |