«Қала мен уезд ХХ ғасырдың басында (1900–1917жж.)» атты үшінші тарау үш тараудан тұрады. Бұл тарауда ХХ ғ. басында қаланың шаруашылық дамуы, саяси оқиғалар туралы қарастырады.
«Қаланың шаруашылық және рухани жағдайы» атты бірінші тараушада ХХ ғ. басындағы Қазалы қалалық шаруашылық басқармасының жұмыстары талданады.
ХХ ғасырдың басында Қазалы қалалық шаруашылық басқармасы жылжымайтын мүлiктердi жалға беру жұмыстарын жүргiздi. Ол қалалық қорды көбейту мақсатында болды. Жердi, сауда лавкаларын, мал соятын жерлердi жалға беруге осы мәселені Сырдария облысы әскери губернаторына жіберіп, рұхсат алу туралы айтылған. 1901 жылғы 2 наурыздағы Қазалы қалалық шаруашылық басқармасының қаулысының көшірмесінде жиналыста қалалық өткелді жалға берудің жаңа кондициясы туралы мәселенің қаралғаны анық. Қаулыда өткелді 3 жылға жалға беру және оның 23 тараудан тұратын ережесін берген.
ХХ ғасырдың басында Қазалы қалалық шаруашылық басқармасы қаланы көркейту мақсатында бiршама шаралар атқарды. Қала мен уезд басшылары көшелерде, тұрғындардың аулаларында тазалықтың сақталуына, көгалдандыруға, кварталдарда тыныштық сақтауға назар аудара бастады. 1892 жылы жарияланған қалалық ережелер негiзiнде Қазалы қалалық шаруашылық басқармасымен келiсiп, 1898 жылы 4 тамызда Қазалы қаласының тұрғындарына арналған мiндеттi қаулылар қабылданды. Бұл қаулы 15 ережеден тұрды. Қазалы қаласы тұрғындарына арналған мiндеттi қаулылардың бiрi-көлiк тасымалы мен жолаушылар туралы қарастырады. Бұл қаулыны 1901 жылы 27 наурызда әскери губернатор, генерал-лейтенант Корольков бекiткен. Қаулы 13 ережеден тұрады. Онда жолаушыларға көрсетiлетiн қызмет, көлiктердiң тазалығы, тасымал көлiктерiнiң төлемi, биржалардағы тәртiп туралы қамтылған.
Шаруашылық салада атқарылған игi шаралардың бiрi - Қазалы қаласының жергiлiктi тұрғындарын қажеттi тұтыну заттарымен қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар қоғамының құрылуы едi. Қоғамның уставын 1894 жылы 3 мамырда Әскери министр бекiткен. Устав 5 тараудан, 58 параграфтан тұрады.
Қазалы почта-телеграф конторының келген заттарды тіркеуі, құпия хаттарды және телеграммаларды қабылдау және жіберуде маңызды рол атқарды. Қазалы почта-телеграф конторының қызметкерлері және олардың атқаратын міндеттері нақты бөлінген.
«Қазалы қаласындағы әлеуметтік–саяси ағымдардың қарама–қайшылығы» атты екінші тараушада 1905–1907 жж. Қазалыда революциялық толқулардың орын алуы талданады.
1905–1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы, Ресейді дүр сiлкiндiрген Қанды жексенбiнiң зардабы осынау Сыр бойына да жеттi. 1905 жылдың жазында темiржол жұмысшыларының стачкасы Қазалы, Сұлутөбе станцияларында да болып өттi. Орынбор-Ташкент теміржолының салынуына байланысты Сыр бойына көзі ашық орыс жұмысшыларының жіберілуі және Перовск мен Қазалыға, Жосалыға саяси сенімсіздігі үшін Нижний Новгород пен Воронеждің, Тамбов пен Саратовтың жұмысшыларын патша өкіметінің жер аударуы өлкеде революциялық көзқарастардың пайда болуына қолайлы мүмкіндік туғызды.
1905 жылы шiлде айында Қазалыда темiржол қызметкерлерiмен жұмысшылары арасында социал-демократиялық топ ұйымдастырылды. Сөйтiп революция толқыны Қазалығада келдi. РСДРП-ның Қазалы тобы 1905 жылдың күзiнде құрылды. Олар түрлi листовкалар, прокламациялар, үндеулер басып шығарып тұрды. 1906 жылы қыркүйекте Қазалы тобы шығарған «солдат жолдастарға» деген прокламациясында шаруалардың ауыр тұрмысы баяндалады. Қазалы және Перовск уездерiнде ерекше соғыстық жағдай орнатылып, Орынбор мен Түркiстаннан бұл екi қалаға екi полк әскерлер әкелiнедi.
Реакция жылдарында Қазалы және Перовск социал-демократиялық ұйымдарының жұмысы едәуiр нашарлаған кезде депоға орталық Россиядан жер аударылған А.В. Червяков, Н.Ф. Селиверстов, В.Г. Капитонов, А.Ф. Тонконогов т.б. келдi. Олар социал-демократиялық жұмысты қайта қолға алды.
1905 жылы 25 шілдеде Орынбор-Ташкент темір жолының Қазалы паровоз депосы салынып пайдалануға беріледі. Жұмысшы табының негізі бірінші рет осы депода қаланды. Қазалы паровоз депосында 1904 жылы 18 адамнан тұратын социал-демократиялық партияның бастауыш ұйымы құрылды. Қазалы социал-демократиялық тобы Орынбор және Ташкент РСДРП ұйымдарының көмегімен, ықпалымен дамыды, ол топ жұмысшылардың үйірмесі ретінде жұмыс жасады. Бұл Қазалы уезінде құрылған бірінші социал-демократиялық РСДРП тобы болатын. Құжат бойынша Қазалы социал-демократиялық РСДРП ұйымының жұмысы 1905 жылдың күзінен басталады. Қазалы социал-демократиялық тобы Қазалы жұмысшыларының митингісін, демонстрациясын, көтерілістерін, ереуілдерін басқарды.
1905 жылдың қазан-қараша айларында Қазалы жұмысшыларының қозғалыстары күннен-күнге айқын әрі саяси мағына мен сипат бере бастады. Жұмысшылар жиналысында Орынбор және Ташкент РСДРП ұйымдарының листовкалары мен социал-демократиялық прокламациялар оқылды. Жалпы Октябрь ереуілі болған күні Қазалы станциясындағы депоның жұмысшы-қызметкерлері социал-демократиялық топтың жетекшілігімен көтеріліске шықты. РСДРП-ның Қазалыдағы тобы гектографаларға үгіт қағаздарын, прокламацияларды бастыртып, тұрғындардың әртүрлі топтарына үндеу тастады. Үндеу қағаздарында теміржолшылардың халық көтерілісін қолдауға шақырды. Осы жылдары Қазалыда Ташкент РСДРП-і тобының «Жолдас, солдаттар!», «Тарих күліп тұр», Өлкенің еңбекші халқына, «Достар мен жаулар туралы жай сөздер», Біздер көтеріліске шығамыз» және де басқа сол сияқты үндеулері халыққа кеңінен таралды.
«Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі жылдарындағы аймақтың даму ерекшелігі» деген үшінші тараушада 1914 жылғы, 1916–1917 жылдардағы саяси оқиғалар туралы қарастырылады.
1916 жылы тамыз және қыркүйек айларында Сырдария облысының Қазалы және Перовск уездерiнде ерекше соғыстық жағдай жарияланды. Жұмысшылардың жаңа революциялық өрлеуi орталық Ресейден алыстағы Сырдария облысының Перовск, Қазалы уездерiн темiр жол бойындағы жұмысшыларды, оған жапсарлас жатқан елдi пункттер мен казармаларды да қамтыды.
Жүрiп жатқан империалистiк соғыстың зардаптары Перовск, Қазалы уездерiнiң халық шаруашылығына да әсерiн тигiздi. Еңбекшiлер патша өкiметiнiң тұсында екi жақтан бiрдей қысым көрдi. Оларды байлар, помещиктер, кәсiп иелерi қанады. Оған шыдамы таусылған Қазалы уезiндегi Ақтөбе болысының шаруалары 1915 жылы Б. Жакеев, Қ. Боранқұлов, Қ. Божбенов және Қошпановтар салық төлеуден бас тартқан.
Қазалы, Перовск, Әулиеата, Шымкент, Түркiстан большевиктерi астыртын жұмысты күшейте отырып, еңбекшiлердi патша үкiметiнiң қанауына қарсы, әлеуметтiк ұлт-азаттық көтерiлiске шақырды. Патша үкiметiнiң 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халық арасында наразылықты күшейте түстi. Өйткенi, ол бойынша майдандағы тыл жұмысына Перовск уезiнен 6672 адам, ал Қазалы уезiнен 9744 адам алынуға тиiстi болды. Сырдария өңiрiндегi көптеген толқулар қарудың күшiмен басып тасталды. Бiрақ, ол түгелдей басылмады. Қазан айында Қазалы уезiнiң Қармақшы учаскесiнде қайтадан халық бас көтерулерi басталды. Қараша айының ортасында Қазалы уезінде толқулар болып, олар майданға жұмысшылар беруден бас тартып, қарсылық көрсетедi.
1916 жылы тамыз айының басында көтеріліс Сырдария облысының барлық уездерін қамтыды. Көтеріліс Сырдария мен Арал теңізі балықшыларының арасында өріс алды. Қазалы уезінің басшысы патша әскерінің көмегімен көтерілісті басып, 17 балықшыны қамауға алып, Қазалы түрмесіне жапты. 6 тамыз күні Қазалы уезі басшысы Сырдария облысы әскери губернаторынан Мойнақ елді мекенінде түземдіктердің наразылығын басу үшін әскер взводын жіберуді талап етеді. Мойнақ елді мекеніне 66 солдат және Сібір полкінің 2 офицерін жіберді
1917 жылғы ақпан революциясынан кейiн Жаңа Қазалы поселкесiнде жиын болып, бес адамнан тұратын ұйымдастыру комитетiн сайлады. Олар большевиктер – Новицкий, Богоявленский; меньшевик-Дерсаль: эсерлер- Михайловский, Павлов. Бұлар халық арасында үгiт жұмыстарын жүргiздi, яғни РСДРП/б/-ның тарихын оқып үйрену, большевиктiк «Правда» газетiн оқу үшiн күнiне кешке 2-3 сағат жиналып бас қосты. Сонымен бiрге басқада мәселелердi талқылады.
1917 жылдың наурызында Қазалы, Перовск жерлерiнде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі құрыла бастайды. 1917 жылы 27 наурызда Қазалы қаласында ақпан революциясының жеңісі құрметіне өткізілген мұсылмандар, солдат және офицерлердің митингісі мен демострациясы өтті. 1917 жылы 27 наурызда Қазалы қаласында 5000 аса қазақ, өзбек, татар барлығы бірге қала көшелерінен өтіп, олар оңға жуық қызыл жалау алып, сағат 2-де базар маңына мешіттің алдына жиналды. Митинг өтті. Митингтің төрағасы етіп «Алаш» газетінің редакторы Көлбай Тоғысовты, хатшысы етіп мұғалім Байекеш Сатбаевты сайлады.
Ташкенттегі съезде (1917 жылғы сәуір) қалыптасқан Шура-и Ислам партиясының Шымкентте, Әулиеатада, Перовскіде, Қазалыда және басқа қалаларда жергілікті ұйымдары болды, оларға мұсылман дінінің православие дінімен тең құқықтылығы, діни шектеулердің жойылуы, ислам діні оқу орындарының ашылуы, Мекеге мінәжәт етуге (қажылыққа баруға) рұқсат ету және басқа да діни құқықтар мен бостандықтар үшін күрескен татар, өзбек, қазақ діни қайраткерлері мен қатардағы мұсылмандар кірді. Қазалы молдаларының қозғалысы өріс алған. Қазалы уезіне қараған имам-ишандар өзара жиылып Ташкенттегі Шура-и Ислам-ға екі өкіл жіберген [30].
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары берілді.
Қазақстанның оңтүстiгiнде Сырдарияның төменгi ағысындағы терең тарихы бар қалалардың бiрi – Қазалы қаласы. Кеңестік дәуірде де өзгелерден оқ бойы оза шауып жүретін қазыналы Қазалы еліміз тәуелсіздік алғалы да жыл санап кемелденіп келеді. Бүгінде Қазалы ауданы Сыр бойындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың көш басында келе жатыр десек асыра айтқандығымыз болмас.
Тарихы тереңде жатқан Қазалы қаласы сол кезде Ресейдің Сырдария бойындағы iрi тiрек-форттарының бiрi болу арқылы шаруашылық, экономикалық, әлеуметтiк, мәдени салада дами бастады. Ресейге қызмет ете отырып форттан уездік қалаға айналды.
Қазалы Сыр бойындағы тұнып тұрған тарихы бар рухани қазыналы бай өлке. Заманында оғыздардың отаны болған Жанкент қаласы көне тарихтың көмбесі іспеттес. Ғалымдардың пайымдауынша, түркі әлемінің көреген көсемі, ойшыл философы Қорқыт Атаның осы топырақтан нәр алуы да Қазалы жерінің киесін аңғартса керек. Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жаңқожа батыр, Ақтан батыр, Бекарыстан би, Қарасақал Ерімбет, Ғани Мұратбаев тәрізді батырлар мен билердің, ғұламалар мен қоғам қайраткерлерінің қазыналы Қазалы топырағында кіндік кесіп, Орталық Азия мен қазақ халқы үшін ғұмырларын сарп етуі тектен-тек болмаса керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Гродеков Н.И. Киргизы и Каракиргизы. Сырь – Дарьинской области. – Ташкент, 1889. - Том І. Юридический быт. – 293 с.; Соныкі. Сырдария облысы қазақтары мен қырғыздарының этнографиясы. – Астана: Алтын кітап, 2007. – 380 б.
-
Зыков С. Очерк утверждения русского владычества на Аральском море и реке Сырдарье с 1847 по 1862 год // Морской сборник. – СПб., 1862. - Т. 59. - №3 (май). – С. 308-309.
-
Грен А. От форта №1(Қазалы) до форта №2 (Кармакчи): Из путевых заметок о киргизской степи // Инженерный журнал, 1866. - № 4.
-
Костенко Л. От Хивы до Казалинска // Военный сборник, 1873. - №11. – С. 151-166.
-
Аничков И. Очерки народной жизни Северного Туркестана. Сборник. –Ташкент, 1899. – 169 с.; Соныкі. Песня о киргизском батыре Джанхоже Нурмухаммедове. – СПб., 1895. – 12 с.
-
Макшеев А.И. Географические, этнографические и статические материалы о Туркестанском крае. – 1884. – 60 с.; Соныкі. Описание низовьев Сыр-Дарьии. – СПб., 1856. – 80 с.; Мейер Л. Казахская степь Оренбургского ведомства. – Астана: Алтын кітап, 2007. – 193 с.
-
Добросмыслов А.И. Города Сыр-Дарьинской области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-Ата и Чимкент. – Ташкент, 1912. – 204 с.; Лавров М.В. Туркестан география и история края. – М., 1914. – 200 с.
-
Өтебаев Т. Қазалы қаласы (қысқаша тарихы) // Ленин жолы, 1940, 25 қазан.
-
Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана. – Алма-Ата: изд. АН КазССР. 1950. – 122 с.
-
Толыбеков С.Е. О некоторых вопросах экономики дореволюционного кочевого аула казахов // Вестник АН КазССР, 1951. – № 8. С. 66-90; Шойнбаев Т.Ж. Восстание Сырдарьинских казахов под руководствам батыра Джанхожи Нурмухамедова (1856–1857). – Алматы:АН КазССР. - 1948. – 106 с.; Шахматов В.Ф. К вопросу о классовой и антиколониальной борьбе и ее формах в Казахстане в ХІХ веке // Вестник АН КазССР. - 1951. – № 8. – С. 49-65.
-
Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. – М., 1962. – 324 с.
-
Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах изучения истории городов Казахстана дореволюционного периода // Основные направления научных исследований. – А., 1978. – С.73-81; Соныкі. Роль городов Восточного Казахстана в укреплении торговых отношений с кочевым казахским и русским крестьянским населением в начале ХХ в. // Известия АН КазССР. - Серия общественных наук. - 1979. – №6. – С. 52-57; Дулатова Д.И. Дореволюционная история городов Казахстана в трудах советских ученых // История. – Алматы, 1970. - Вып. 4. – С. 80-88.
-
Асылбеков М.Х. К вопросу о влиянии железных дорог на экономику дореволюционного Казахстана // Известия АН КазССР. - Серия общественных наук. - 1964. – № 1. - С. 55; Соныкі. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана. – Алматы, 1973. – С.15; Галиев В.З. Аптеки в дореволюционном Казахстане // Фармация. - 1974. – № 2. – С. 64-66.; Шалекенов У.Х. Казахи низовьев Аму-дарьи. – Ташкент: Фан. 1966. – 336 с.; Соныкі. История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в ХVІІІ–ХІХ вв. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 315 с.
-
Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867–1914 гг. – Алматы: Наука, 1965. – 345 с.
-
Елагин А.С. Состояние и задачи дальнейшего изучения истории городов Казахстана // Известия АН КазССР. - Серия общественных наук. – 1974. - №3. - С. 33-40; Нұрғалымова К.С. Қалалар тарихының методологиялық мәселелері // ҚазҰУ Хабаршысы. - 1995. – №2. – 19-22-бб.; Базанова Ф.Н. Формирование этнического состава населения дореволюционного Казахстана // Вестник АН КазССР. - 1977. – №7. – С. 66.; Басин В.Я., Каримбаев Г. Из историй Приаральских и Присырдаринских казахов конца ХVІІІ–нач. ХІХ в. // Известия АН КазССР. – Серия общественных наук. - 1969. – №2. – С. 51-62; Биржанов К.А. Хозяйство присырдаринских казахов в середине ХІХ в.-начале ХХ в. // Известия АН КазССР. - Серия общественных наук. - 1972. – № 4. – С. 66-71.
-
Шмачков П.А. О дружбе русских переселенцев и дехкан Туркестана (1867–1917 гг.) (Некоторые данные по Казалинскому уезду) // Материалы по истории народов Узбекистана. – Самарканд, 1960. – Вып. 2. - С. 125-136.
-
Байпақов К. М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998, – С. 216; Соныкі. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: Аруна, 2005. – 316 -б.; Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы: Ана тілі. 1995. – 176 б.; Соныкі. Ежелгі және Орта ғасырдағы қазақ халқының тарихы. – Түркістан. 2006. – 388 б.; Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (VІ–ХІІ ғ. басы). – Алматы: Қазақ университеті. 1998. – 210 б.
-
Мұқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы. – Алматы, 1994. – 80 б.
-
Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость. – Астана: Елорда, 2000. – С. 304; Мадуанов С., Шалекенов М.У. История взаимоотношений народов Туркестана в ХVІІІ-нач. ХХ вв. – Түркістан: Тұран. 2008. – 350 б.; Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік басқару тарихы ХVІІІ–ХІХ ғғ. 60-жылдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 327 б.; История колонизации Казахстана в 20-60-х годах XIX в. – Алматы: Мектеп, 2008. – 328 с.
-
Мұсабаев Н.Т., Мұсабаева А.Н. Ортаймаған Қазаны – Қасиетті Қазалы, 1998. – 200 б.; Әлмағанбетов Н.Ж. Қазалының ғасырлық тарихы бар кәсіпорны. – Алматы: Дала, 2005. – 17 б.; Мендеке Ә. Қазалы қаласының алғашқы кірпішін қалаған кімдер? Тағы да Сердалы Бекшорин жөнінде // Жас Алаш. - 2006. – 3 қазан.
-
Новый энциклопедический словарь / Под. ред. акад. К.К. Арсеньева. - Двадцатый Том. Издательское дело бывшее Брокгауз – Ефрон. - СПб. – 365 с.; Большая энциклопедия / Под. ред. С.Н. Южакова. – СПб., 1905. – 347 с.
-
Материалы по Киргизскому землепользованию Сыр-Дарьинской области. Казалинский уезд. – Ташкент, 1913.
-
ҚР ОММ. 384-қ., 1-т., 17-іс, 5-п.
-
РФ ОрОММ. 6-қ., 1-т., 8001-іс, 9-п.
-
РФ ОрОММ. 6-қ., 1-т., 6615-іс, 18-п.
-
ҚР ОММ. 267-қ., 1-т., 4-іс, 2-п.
-
ӨР ОММ. 17-қ., 1-т., 24163-іс, 3-10 -пп. арт.
-
ӨР ОММ. 1-қ., 19-т., 14-іс, 2-7-пп. арт
-
Первая всеобщая перепись населения Российской империи 1897 г. – Т. 86. - СПб., 1905.
30. Уәлихан Ғұмарұлы. Қазалы молдаларының қозғалысы // Қазақ. - 1917.- 11 июнь. – № 233. – 4-б.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР
-
Қазалы қаласындағы демографиялық дамудың экологиялық аспектілері // ҚазҰУ Хабаршысы. – Тарих сериясы. –2003. – № 2. – 96-100-бб.
-
Орта Азия мен Ресей арасындағы сауданың дамуында Қазалы қаласының атқарған ролі // ҚазҰУ Хабаршысы. – Тарих сериясы. – Алматы, 2003. – №4. – 108-110-бб.
-
Қазалы қаласы хақында // Қазақ тарихы. – Алматы, 2003. – №6. – 37- 41-бб.
-
ХХ ғасырдың басында Қазалыда А.И. Бутаков атындағы кітапхананың ашылуы // «Қазақстан және Евразия континентінің елдері (тарихы мен даму перспективасы)» Халықаралық Бекмаханов оқулары. – Алматы: ҚазҰУ, 2002. - 24-25 мамыр. – 57-58-бб.
-
Қазалы қаласының тарихынан // «Жоғары кәсіптік білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университеті. - 2002. 10-11 маусым. – 286-288- бб.
-
Қазалы уезінің климаттық жағдайы және оның шаруашылыққа әсері (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы) // «Современное общество и экологическое образование: ценности, профессиональная ориентация, деятельность». ҚазҰУ-нің 70 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-методикалық конференция. - Алматы: ҚазҰУ. – 2004, 16-18 маусым. – 390-391- бб.
-
1-ші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазалы уезінің саяси өмірі // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына арналған «Түркілердің тарихи-мәдени мұрасы Евразиялық және Орталық Азия контексінде» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, 2008. - 29-30 сәуір. – 56-57-бб.
РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 - Отечественная история (История Республики Казахстана)
АДИЛБЕКОВА ЗАБИРАШ АШИМХАНОВНА
Социально-экономическое и культурное развитие г. Казалы и его уезда (1847-1917 гг. исторический аспект)
Актуальность темы исследования. Одним из малоисследованных городов Сырдарьинской области является город Казалы, который с самого начала своего формирования стал вносить значительный вклад в экономический потенциал региона. После административной реформы 1867 года, когда этот регион стал Казалинским уездным центром, меняется его значение и просходят перемены в социально-экономической и культурно-просветительской и других сферах. Казалы становится транзитным городом по перевозке товаров в Центральноазиатские ханства: Хива, Бухару, Ташкент, а также в Россию. Как показывает анализ работ, посвященных истории городов, настоящего времени мало изученным остается история городов Казахстана на нижней Сырдарье (начало XIX - XX вв.) до Октябрьской революции 1917 г. Многие диссертационные работы посвящены исследованию истории городов, находящихся в северном, западном и северно-восточном регионах Казахстана. Поэтому, на сегодняшний день исследование истории города Казалы на Сырдарье представляется весьма актуальной.
Цель и задачи исследования. Основная цель диссертационного исследования заключается в историческом исследовании социально-экономического и культурного развития г.Казалы и его уезда за период с 1847 по 1917 гг. В соответствии с поставленной целью в работе решаются следующие задачи:
-
комплексное исследование истории Казалинского региона;
-
раскрыть причины и приемы военной колонизации региона Российской империей;
-
показать развитие торгово-экономических отношений и роль г. Казалы;
-
отразить деятельность и состояние местных учебно-просветительских учреждений;
-
исследовать развитие социальных, экономических, культурных и хозяйственных процессов конца XIX - начала XX вв.;
-
рассмотреть в сопоставительном отношении демографическое развитие г. Казалы;
-
показать историческую значимость событий в общественно-политической жизни г. Казалы и его уезда.
Научная новизна заключается в том, что в нем впервые в отечественной исторической науке и с точки зрения новой научной пардигмы объектом специального исследования является социально-экономическое и культурное развитие г. Казалы и его уезда за период с 1847 по 1917 гг. на основе материалов периодической печати, данных из отдельных исследований и архивных документов.
-
впервые введены в научный оборот архивные данные относительно истории г. Казалы и его уезда;
-
впервые с научной точки зрения, в качестве отдельной научной проблемы, рассматривается история развития и образования г. Казалы и его уезда;
-
проанализированы обязательные постановления Казалинского городского хозяйственного правления о пассажирах и транспортных перевозках жителей г. Казалы, а также городских правилах для них;
-
приведены реальные архивные данные относительно работы Казалинского городского комитета по охране здоровья и благотоворительного комитета;
-
рассмотрены создание Казалинского городского общества потребителей, обязанности контор, образованных в г. Казалы, с целью развития торговых отношений между Россией и государствами Центральной Азии, а также данные относительно временных правил городской общественной ссудной кассы;
-
приведены архивные факты об открытии школ и библиотек, строительстве мечети и средств, выделенных на содержание школ в г.Казалы, во второй половине XIX в.; образование в начале XX в. общества защитников образования и организация народных чтений;
-
в 1917 г. в г. Казалы образована местная организация партии Шура-и Ислам. В работе также содержатся данные о казалинских имамах.
Положения, выносимые на защиту:
-
нижнее течение Сырдарьи издревле являлось очагом кочевничества и колонизации. Эта местность, где обосновалось одно из колен казахов Младшего Жуза, которая представляло собой крупный регион, внесший большой вклад в формирование казахского народа. В 1847 году, после строительства Раимского укрепления, были созданы условия для военной экспансии Российской империи в Сырдарью и Южный Казахстан.
-
после принятия административной реформы в 1867 году, это регион стал важным плацдармом в завоевании Центральной Азии. Регион выполнял большую экономическую роль в политике колонизации. Имело место широкое переселение в этот регион оренбургских и уральских казаков, а также русских крестьян.
-
строительство железной дороги Оренбург-Ташкент в начале XX в. привело к преобразованию Казалинского уезда, находящегося в составе Сырдарьинской области, в крупную железнодорожную станцию;
-
работы, проведенных в учебно-просветительской сфере Казалинского уезда в конце XIX - начала XX вв., привели к повышению грамотности местного населения.
Структура работы. Диссертация состоит из списка сокращений, введения, трех разделов, заключения и списка использованной литературы.
Достарыңызбен бөлісу: |