VII тарау. Құқықтар мен міндеттер
23 бап. Клиенттің құқықтары
23.1. Клиент:
23.1.1. Компания мен Қызмет туралы, Қызмет көрсету Аумақтарында көрсетілетін Қызметтер туралы, сонымен қатар, Қызмет көрсету Аумағының заңнамасымен тікелей көзделген көрсетілетін Қызметпен байланысты басқа да шынайы және қажетті ақапаратты алуға құқылы.
23.1.2. Клиентпен таңдалған Тарифтік жоспармен анықталатын қызмет көрсетілетін мерзім ішінде Қызметті пайдалануға құқылы.
23.1.3. Тиісті Қызметке қызмет көрсетуге сұраныс жасап, Қызмет көрсету нәтижелерін алуға құқылы.
23.1.4. Клиенттерге арналған Компаниямен немесе Қызметпен ұсынылатын жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстарды пайдалануға құқылы.
23.1.5. Компания немесе Қызметке қызметтің ұсынылмауы немесе сапасыз ұсынылуы туралы, сонымен қатар, Қызмет қызметкері тарапынан дөрекі сөйлескендігі туралы барлық жағдайды хабарлауға құқылы.
23.1.6. Компанияға тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы, жарнама туралы Қызмет көрсету Аумағының заңнамасымен жарнамадан бас тарту көзделген болса, байланыс құралдары арқылы жолданатын жарнама алу мүмкіндігінен бас тартуға құқылы.
23.1.7. Телефондық және де электрондық байланыс каналдары арқылы клиенттік хаттарды алуға құқылы.
23.1.8. Иеліктен шыққан картаның орнына ақылы негізде картаға тапсырыс беруге құқылы.
23.1.9. Таңдалған Сәйкестендіру мәліметтерін өзгертуге құқылы.
24 бап. Клиенттің міндеттері
24.1. Клиент:
24.1.1. Картаны активтендіру мерзімі ішінде Картаны Активтендіруге міндеттенеді.
24.1.2. Картаны Активтендіруге дейін осы Ережелердің талаптары мен мүмкін болатын Қызметтің көлемімен танысуға міндетті.
24.1.3. Қызметті пайдалану, Клиентті активтендіру және әрі қарай сәйкестендіру үшін толық және шынайы ақпаратты беруге, сонымен қатар көрсетілген ақпараттың өзгерісі туралы барлық жағдайды уақыты хабарлауға міндетті.
24.1.4. Қызмет көрсету нәтижелерін құқыққа қайшы пайдаланбауға, сондай –ақ, Компания мен Қызметке залал келтіретін әрекеттерді жасамауға міндетті.
24.1.5. Қызметке хабарласу барысында Қызмет көрсету Аумағы құқығының талаптарын бұзбауға, сонымен қатар, қоғамда қабылданған моралдық, рухани және бұқаралық тәртіп нормаларын бұзбауға міндеттенеді.
24.1.6. Қызметті жеке пайдалануға міндетті.
24.1.7. Көрсетілген қызметтің көлемі мен сапасын уақытылы тексеріп, көрсетілген Қызметтерді қабылдауға міндетті.
24.1.8. Басты ережелерде тікелей көзделмесе, Басты ережелерге сәйкес Клиент болып табылмайтын тұлғаларға Қызметті пайдалануға жол бермеуге міндетті.
24.1.9. Үшінші тұлғаларға Қызметті пайдалану құқығын бермеуге немесе басқа жолмен тапсырмауға, сонымен қатар, активтендірілген Картаны тапсыру жолымен Қызметті пайдалану құқығын бермеуге міндетті.
24.1.10. Үшінші тұлғаларға Сәйкестендіру мәліметтерін бермей, құпияда сақтауға міндетті.
24.1.11. Компанияға, сонымен қатар Қызмет арқылы 5 жұмыс күні ішінде активтендірілген картаның пайдаланудан шықандығы жөнінде кез-келген фактісі туралы хабарлауға міндетті.
25. Қызмет құқықтары
25.1. Қызмет:
25.1.1. Клиеттен келіп түскен Сұраныстарды анықтауға құқылы.
25.1.2.Қызмет көсетудің тәртібі мен форматын анықтау.
25.1.3. Егер Сұраныста Қызмет түрі көрсетілмесе немесе Клиент оны қателікпен көрсеткен жағдайда Клиентке керекті қызметті анықтауға құқылы.
25.1.4. Клиенттерге үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы.
25.1.5. Клиетпен берілген ақпаратты, сонымен қатар, Басты ережелердің талаптарының Клиентпен орындалуын тексеруге құқылы.
25.1.6. Клиент Басты ережелердің талаптарын бұзған жағдайда Қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға құқылы.
25.1.7. Клиет хабарласқан кезде бағдарламалық –аппараттық құралдарды пайдалана отырып, жазуды жүзеге асыру.
25.1.8. Кез-келген жағдайда Клиенттен активтендіру кезінде берген мәліметтерін растауды, соған байланысты райстау құжаттарын талап етуге құқылы.
25.1.9. Қызметке келіп түскен Сұраныстарға байланысты Қызмет көрсету.
25.1.10. Клиентке ақпараттық хабарламаламар, сонымен қатар, клиенттік хаттарды жолдауға құқылы.
25.1.11. Құқықтық қызмет көрсету процессі кезінде алдында көрсетілгеннен басқа, қосымша құқықтық дәлелдер мен мәліметтерді ұсынбастан, жасалған құқықтық позицияны ұстануға құқылы.
25.1.12. Төменде көрсетілген жағдайда Клиентке Қызмет көрсетуден бас тартады, егер:
- Басты ережелердің талаптарын Клиент бұзған жағдайда;
- Қызметті алу Клиеттің құқыққа қайшы мүделлерімен көзделген болса;
- Клиент қасақана қылмыс жасағандығы немесе жасайтынын айтып сұраныс жасаса, Клиент пен Қызметтің өзара әрекеттесу процессінде анықталған оның әрекет немесе әрекетсіздігінде қылмыс белгілерінің болған жағдайда;
- Қызметтің көрсетілу Компания/ Қызметпен көрсетілген қызмет Аумағы құқығының талаптарының бұзылуына, сонымен қатар, қоғамда қабылданған моралды және рухани нормалардың бұзылуына әкеліп соқтыратын жағдайда;
- Қызмет көрсету Компания/ Қызметтің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда;
- Клиенттің әрекеттері Компания мен Қызметке залал келтіретін болса;
- Қызметті көрсету Клиенттен толықтай және рас мәліметтерді алу/алмауға байланысты мүмкін болмаса;
- Сұраныс Басты ережелердің талаптарына сәйкес жасалмаса;
- Сұраныс Клиент пен Компания/Қызмет мүдделері арасында қайшылықты туғызса, Қызмет пен (немесе) Мамандардың әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде Компания/ Қызметке залал келтіріп және (немесе) Қызметтің/ Компанияның заңды мүдделерін бұзған жағдайда бас тартады.
26 бап. Компанияның құқықтары
26.1. Компания:
26.1.1. Қызмет көрсету шарттарын анықтауға құқылы.
26.1.2. Басты ережелермен бекітілген тәртіпте Клиентті уақытылы хабарлаған жағдайда Басты ережелерге және тиісті Тарифтік жоспарларға өзгерістер енгізуге құқылы.
26.1.3. Қызмет көрсету Аумағында Қызметті белгілеу.
26.1.4. Клиентпен ұысынылған ақпаратты және де Клиентпен Басты ережелердің талаптырының орындалауын тексеруге құқылы.
26.1.5. Клиентпен Басты ережелердің талаптарын бұзғандығы туралы негізделген күдік болған кезде Клиетпен Басты ережелердің талаптарының орындалуын тексеру мерзіміне Қызмет көрсетуді тоқтатуға.
26.1.6. Қызметке өз құқықтарын тапсыруға құқылы.
26.1.7. Осы Басты ережелерді тиісті хабарламаларды ақпараттық парақтарда, басылымдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар, Интернет жүйесінде Компанияның ресми сайтында жариялау тәсілімен өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.
26.1.8. Басты ережелердің талаптарын бірнеше рет бұзған жағдайда Қызмет көрсетуді шектеуге.
27 бап. Компанияның міндеттері
27.1. Компания:
27.1.1. Клиентке қызметті Басты ережелерге сәйкес алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
27.1.2. Қызметтерді алу мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық Қызметтерді алуға мүмкіндігімен қамтамассыз етуге міндетті.
27.1.3. Клиенттің жеке мәліметтерін және де Клиент туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамассыз етудегі басқа да бекітілген талаптарды сақтау үшін тисіті ұйымдастырушылық шаралар қолдануға міндетті.
VIII тарау. Басқа да талаптар
28 бап. Интеллектуалдық меншік құқығы
28.1. Клиентке қызметтерді көрсету процессі кезінде туындауы мүмкін интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықтар Қызмет пайдасына сақталады. Мұнда Клиентке жеке пайдалануға мұндай объектілерді мерзімсіз пайдалану құқығы ұсынылады.
28.2. Қызмет көрсетудің нәтижелері Клиентке ұсынылады және де Клиентпен жеке пайланылады.
28.3. Клиент Компанияның, Қызметтің көрсетілген қызмет нәтижесін тарату, тираждау, эфирге шығару және басқа да бұқаралық жариялау жолымен айырықша құқықтарын бұзуға құқылы емес.
28.4. Компания немесе Қызметтің рұқсатымен жасалған, 28.3 тармағымен көзделген әрекеттер Компанияның, Қызметтің ерекше құқықтарының бұзылуы болып табылмайды. Қандай жағдайда болмасын Клиентпен Компанияның немесе Қызметтің интереллектуалдық меншік объектісін пайдалану барлық белгілердің сақталуы, авторлық құқық, аралас құқық, тауарлық белгілердің, автор туралы басқа да хабарлануы, автордың атының (псевдонимының)/құқық иеленуші атауының өзгеріссіз сақталуы, тисіті объектінің өзгеріссіз түрде сақталуын қорғалуымен жүзеге асырылады.
29 бап. Дауларды реттеу
29.1. Басты ережелерді қабылдау мен оны орындаумен байланысты пайда болатын барлық даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше келіссөздермен реттеледі. Егер де келісімге сотқа дейінгі реттеушілік барысында келмесе (міндетті түрде келіссөздерден бөлек, Клиентпен наразылықтардың ұсынылуы мен оның Компаниямен қаралуынан тұратын), онда Компания мен Клиент арасында барлық даулар Компанияның орналасқан жері бойынша сотта қаралады.
30 бап. Жауапкершілікті шектету мен алу
30.1. Қызмет пен Компания Клиентпен күмәнді мәліметтер мен құжаттардың ұсынылуы немесе олардың ұсынылмауының жағдайында қызмет көрсету нәтижелеріне жуапты болмайды.
30.2. Қызмет қандай жағдайда болмасын қолданыстағы заңнаманың ережелерінің ресми талқылауын ұсынбайды және де барлық құқықтық қызметтерді Қызметтің және нақты Маманның жинақталған тәжірибесінен, құқықты қолдануының орнатылған тәжірибесінен Қызмет көрсету Аумағының заңнаманың негізінде ұсынады және ол ұсыныс сипатында ұсынылады. Клиент ұсынылған құқықтық кеңес пен ұсыныстарды қолдану немесе қолданылмауын өзі шешеді.
30.3. Ұсынылған құқықтық Қызметтің негізі болып табылатын құқықтық позиция қызметтің өңдеуі болып табылып, ұқсас құқықтық қызметтерді ұсынатын органдар мен ұйымдардың позициясымен сәйкес келмеуі мүмкін.
30.4. Компания да, Қызмет те, қандай да бір қызметкер пен лауызымды тұлға, үшінші тұлға Компания немесе Қызметтің жаңдайға әсер ететін ықпал ету мүмкіндігінің болуы немесе болмауына тәуелсіз, Клиенттің тиісті сұранысы бойынша Қызметтің зерттеуінің пәні болып табылатын, Клиетпен құқықтық қатынасқа түскен, үшінші тұлғалардың заңды немесе заңсыз әрекеттері үшін жауапты болмайды.
30.5. Компания да, Қызмет те қандай да бір жағдайда байланыс қызметін ұсынбайды, телефондық және басқа да байланысының техникалық параметрлерінің және байланыс сапасы мен бағасына, ақпараттық өзара алмасу үшін Клиетпен байланыс немесе электронды байланысқа жауапты болмайды.
30.6. Компания да, Қызмет те 24.1.3. тармағымен көзделген Клиент міндеттерін орындамаған жағдайда хабарламаларды, басқа да хаттарды алмағандығына, сонымен қатар, Қызмет көрсету нәтижелерін алмағандығына жауапты болмайды.
30.7. Қызмет инвестициялық, қаржылық немесе басқа да коммерциялық мақсаттарда ұсынылған Қызметтерде болған, Клиентпен қолданылған ақпарат нәтижесінде пайда болған залалдар үшін жауапкершілікте болмайды.
30.8. Компания Басты ережелермен көзделген талаптардан басқалары, Басты ережелерге сәйкес ұсынылатын Компанияның Қызметтері мен басқа да өнімдері Клиенттің талаптары мен үміт етуіне сәйкес болады деп кепілдік бермейді.
30.9. Клиент тиісті Қызметті алғысы келгендегі нәтижесіне қандайда бір алынған қызметтің нәтижесі сәйкес келмеген жағдайда Қызметтің сапасыз түрде көрсетілгендігі болып саналмайтындығын түсініп, мойындайды.
30.10. Компания мен Клиент құқытық қызметтердің ұсынылуы және мұндай қызметтердің нәтижесін пайдалану нақты бір негізделген тәуекелдермен байланысты болуы мүмкін екендігін түсініп, мойындайды. Бұндай тәуекелдермен тараптар келіседі және де жауапкершілікті шектеу туралы осы тараудың талаптарын қабылдаумен Басты ережелердің талаптарын қабылдағандығын растайды.
31 бап. Қорытынды ережелер
31.1. Осы басты ережелер http://advogrand.com Компанияның ресми сайтында ресми түрде жарияланған кезден бастап күшіне енеді. Компания кез-келген уақытта Басты ережелерге бір жақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы. Осы ережелердегі барлық өзгерістер Компанияның Бұйрығымен бекітіліп, Компания мен Қызметтің ресми сайттарында жарияланады.
31.2. Осы Басты ережелердің күшіне енуі алдыңғы бекітілген барлық Басты ережелердің күшін жояды.
31.3. Қызмет Қызметтің орналасқан елінде мемлекеттік болып табылатын тілде көрсетіледі. Қызметтер Клиенттерге басқа да тілдерде көрсетілуі мүмкін.
31.4.Басты ережелердің ешқандай ережесі Клиент пен Компания арасында агенттік қатынастар, серіктестік қатынастар, бірлескен іс бойынша қатынаста, жеке жалға алу қатынастары немесе басқа да Басты ережелермен тікелей көзделмеген қатынастардың орнатылуы ретінде түсінілмеуі қажет.
31.5. Егер қандай да бір себептермен Басты ережелердің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңи күші жойылған болып танылса, Басты ережелердің қалған ережелерінің қолдануына немесе жарамдылығына әсер етпейді.
31.6. Басты ережелердің Клиент тарапынан бұзылуы жағдайында Компания немесе Қызметтің әрекетсіздігі болашақта ұқсас бұзушылықтарды жасаған жағдайда өз құқығынан бас тартуды білдірмейді.
31.7. Басты ережелерге барлық қосымшалар Басты ережелердің айырылмас бөлігі болып табылады.
31.8. Басты ережелер ағылшын тілінде және де Қызмет тілдерінде жарияланады және де кейбір жағдайларда Клиеттерге танысу үшін басқа тілдерде де ұсынылуы мүмкін. Ағылшын тілі мен басқа тілдегі Басты ережелер әр түрлі болған жағдайда ағылшын тіліндегі түрі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |