3. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция
Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз-зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау-сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады. Ғылыми зерттеуде бақылау үш міндетті орындауға тиіс:
Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннен тексеруге жеткілікті эмпириялық ақпаратты беруге тиіс.
Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексеруі қажет.
Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижемен салыстыруға мүмкіндік береді.
Өлшеу зерттеліп жатқан объектің сандық сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Эксперимент дегеніміз-белгілі бір құбылыстарды зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен оларға белсене ықпал ету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытына өзгерту арқылы зерттеу. Тарихи тәсіл заттың барлық тарихын жан-жақты, әртүрлі көріністерімен баяндап, жаңғыртады. Ал логикалық тәсіл заттың дамуының тек жалпы қисыны мен бағыттарын және қайшылықтарын ғана қарастырады. Моделдеу деп зерттеу мақсатында арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта жаңғыртуды айтамыз. Мысалы, қоғамның нарықтық қатынастарға өтуінің теориялық моделін жасап, оның барлық көріністерін бақылап отыруға болады.
Тақырып бойынша бақылау сұрағы таным туралы ілім? |