Сонымен, философияны “даналық” түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым “білімнің жоғарғы синтезі”, белгілі бір нәрсе туралы “толық жетілген білім” деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті – менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі.
2. Философия – даналыққа құштарлық ретінде
«Философия» термині үш мағынада қолданылады: бірінші,философия – ол көзқарастың бір түрі, екінші, философия — өзінің зерттеу пәні бар ерекше ғылым саласы, үшіншіден, философия адамзат өмірінде айырықша орын алатын адамының рухани қызметінің үлкен бір санасы, қоғамдық саланың ерекше формасы.
Философияның бұл үш мағынасы, оның тарихында проблема түрінде, немесе «философия» ғылым ба , әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының саналуан формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет..
3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты
Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістердің шарты. Сыни ойлау «ойлау туралы ойлау»десек, әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |