Тарих философиясы — («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.
Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие:
біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау;
екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.
Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды.
Тарих философиясы философиялық ілім тармақтарының бірі ғана емес, тарихи процестің мазмұны өзіндік философиялық көзқарас пен пайым-даудың тақырыбына айналған кездегі тарихи материалға қатысты ерекше көзқарас.
2. Тарих философиясы және К.Ясперстің осьтік уақыт тұжырымдамасы
Гегель ХІХ ғасырдың басында батыс еуропалық ойшылдары арасында бірінші болып философия мен тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи процестің парасаттылығы тұжырымдамасын – тарих барысына алғаш тарихи берілген бағаны әзірледі.
Еуропада тарих философиясына қызығушылық Француздық Ағарту дәуірінде пайда болды. «Тарих философиясы» термині Вольтермен енгізіліп, дүниежүзілік тарих туралы философиялық пікірлер жиынтығын олардың қажеттілігі мен заңдылығының арнайы философиялық-теориялық негіз-демесінсіз қамтып келді.
2. Тарих философиясы және К.Ясперстің осьтік уақыт тұжырымдамасы
Қазіргі тарих философиясы – бұл қоғамның табиғаттан ерекше дамуы-ның сапалық өзінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салы-стырмалы дербес саласы. Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады:
• тарихтың мәні мен бағытталуы;
• қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері;
• тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері;
• тарихи процесс ілгерілеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |