Афферентті иннервацияға әсер ететін заттектер



бет3/7
Дата20.05.2024
өлшемі206.7 Kb.
#501484
1   2   3   4   5   6   7
Афферент

Тетракаин (дикаин)

  • – өте күшті препарат (кокаиннен 10 есе күштірек)
  • Улылығына байланысты тек қана терминалды анестезияда қолданады:
  • тістің қатты тіндерін анестезиялауда қолданылатын күшән (мышьяк) пастасының, Платонов сұйықтығының құрамына кіреді, 2-3% ерітіндісін тісжегіні және пульпитті емдеу кезінде анестезиялау үшін қолданылады.
  • Жанама әсерлер: тамырларды кеңейтеді, сондықтан оны адреномиметиктермен (мысалы адреналинмен) бірге қосып тағайындаған жөн;
  • сілемейлі қабат арқылы жақсы сіңеді, сондықтан терапиялық мөлшерді сәл ғана жоғарылатса улы әсері ауыр (ОНЖ-ге, тыныстың әлсіреуіне, пульстің сиреуіне, көздің көруінің нашарлауына, өлімге дейін әкеп соқтырады) болады. Балалардың сілемейлі қабаттарының босаңқы болуына байланысты ауыр улы әсерлерге әкеп соқтырады (сондықтан 10 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды).
  • Анестопульпа деген күрделі препараттың құрамында тетракаин бар. Ауруды басатын компресс ретінде тісжегіні емдегенде қолданылады.
  • Перилен ультра – негізінде тетракаины бар анестезиялық препарат, екі әсер көрсетеді: анестезиялық және антисептикалық.

Бензокаин (анестезин)

  • суда нашар ериді, құрғақ, ұнтақ күйінде шығарылады
  • терминалды анестезия жасау үшін 5-10% жақпамай, 5-20% майлы ерітінді түрінде қолданады (глоссит, стоматит)
  • Тістің қатты тіндерін анестезиялау кезінде ұнтақты қолданады (қатты дененің анестезиясы).
  • Бензосед, камистад препараттарына кіреді
  • Пиромекаин ауыздың сiлемейлі қабатын (1-2%-дық жақпамай немесе ерітінді) аппликациялық анестезиялау кезінде қолданады.
  • Тек қана терминалды анестезияда қолданады, себебі рН (4,4-5,4) жоғарылығына байланысты тіндерге тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Прокаин (новокаин)

  • белсенділігі және әсер ету ұзақтығы орташа
  • Көбінесе инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданады, үштармақты нервтің невралгиясына, емдік блокада, электрофорез үшін қолданады
  • сілемейлі қабат арқылы нашар сіңеді
  • Жанама әсерлері: сульфаниламидтермен антагонизм, науқастардың 4%-ынан астамының новокаинге аллергиясы бар; қабынған тіндерді анестезиялау үшін қолдануға болмайды, себебі қышқылды ортада жансыздандырғыш әсерін көрсетпейді;
  • ОНЖ тежейді: ұйқышылдық, бас айналу, құрысу, көрудің нашарлауы; гипотония; брадикардия
  • Пульперил – негізі прокаиннен тұратын күрделі құрамы бар анестезиялық препарат, ауруды басатын және антисептикалық әсер береді.
  • Жіті пульпитті, терең тісжегіні, периодонтиті емдеге қолданылады.

і


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет