- Жергілікті анестетиктермен уланған кезде таралған құрысулар байқалады.
- Бұл кезде дереу диазепам (седуксен) салу қажет, себебі ол құрысуға қарсы ең күшті дәрі. Тыныс алу және қанайналым орталықтары тежелген кезде ОНЖ ширықтыратын заттарды қолдану қажет (бемегрид, этимизол сияқты аналептиктер),
- Тұтқыр заттар жергілікті әсер ететiн қабынуға қарсы препараттар тобына жатады.
- Оларды сілемейлі қабаттың және терінің қабыну процестерінде қолданады.
- Әсер ету механизмі: енгізген жерде жасушадан тыс сұйықтықтың, сiлемейдiң, экссудаттың жасуша беткейінің (мембрана), қантамыр қабырғаларының коллоидтарының тығыздалуы (нәруыздардың "жартылай коагуляциясы") байқалады.
- Тамырлардың өткізгіштігі төмендейді, қабыну дәрежесі азаяды, ал бұл тығыздалудың нәтижесінде пайда болған пленка сезімтал нервтердің ұштарын тітіркенуден қорғайды, солай ауыру сезімі азаяды.
- Жіктемесі:
- 1) Органикалық (өсімдік тектес);
- 2) Бейорганикалық (металл тұздары).
Танин - Органикалық тұтқыр заттарға жатады, ол мойыл, шай және т.б. өсімдіктердің алкалоиды болып табылады.
- Сонымен қатар танин емен қабығында, түймедақта, шайқурай шөбінде, итошаған шөбінде кездеседі.
- Бұл өсімдіктерден тұнба және қайнатпалар дайындайды.
- Ерітінді және жақпамай ретінде ауыз қуысын, мұрынды, тамақты шаю үшін қолданады.
- Бейорганикалық тұтқыр заттардың ішінде металл тұздарын көп қолданады:
- қорғасын (қорғасын ацетаты),
- висмут (висмуттың негізгі нитраты) немесе висмут субнитраты, де-нол (висмуттың коллоидты субцитраты)
- алюминий (ашудас),
- мырыш (мырыш тотығы және мырыш сульфаты)
- мыс (мыс сульфаты
- күміс (күміс нитраты).
Бейорганикалық тұтқыр заттардың фармакологиялық әсерлері: - 1) тұтқыр; бұл кезде аталған металлдардың тұздары аз концентрацияда тұтқыр, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер көрсетеді;
- 2) қабынуға қарсы; бұл әсер патологиялық процесс тудыратын рефлекстерді шектеумен байланысты;
- 3) ауыру сезімін басатын;
- 4) детоксикациялайтын.
- Қолдануға арналған көрсетімдер:
- ауыз қуысының сілемейлі қабатының қабынуында, әртүрлі генезді стоматиттерде, гингивиттерде шаю, шашу, жағу, себу арқылы қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |