Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті түлға қалыптастыру — өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым – қатынасымыз күннен – күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді шет тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды басты міндет деп біледі. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министірлігінің ағылшын тілін 1- сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды. Оқушылардың сөйлеу дағдысы алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім — білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |