5. Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады
6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады 7. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады
Тапсырмалары
1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;
2. Мазмұнын түсіну;
3. Мазмұнын түсінуі бойыншы сурет салып, суреттеу;
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету.
Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс — әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарылата түседі.
Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін немесе үй тапсырмасына беруге болады. Баланың іздену қабілеті дамиды. Тексеру кезінде баланың жіберген қателеріне көңіл бөлмей, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне, өз бетінше жұмыстан мәтіннің құрылымына көбірек назар аударған жөн. Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Сонымен қатар оқушылырадың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Қорыта келе оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып, жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, шеберлігіне,комуникативті құзіреттілігіне байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |