3. Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
Мысалы: 4- сыныпта What do you want to be? тақырыбындағы сабақта жаңа сөздер және жаңа сөз тіркестерімен танысқан соң, жұптық тапсырма берем. Яғни әрбір оқушы іс қимыл қозғалыстары арқылы сабақта үйренген жаңа сөз тіркестерін пайдалана отырып қандай мамандық иесі екенін табу керек. Оқушылардың белсенді жұмыстануына жақсы септігін тигізеді.
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |