61. Егде адамдарға ұсынылған физикалық жүктемені атаңыз:
{~Жүгіру
~Жаттықтырғыштарда жаттығу
=Таңертеңгілік жаттығу
~Ауырлық көтеру
~Фитнес- бағдарлама}
62. 49 жастағы әйелді бойындағы ыстық құйылу сезімі, тершендік,қалтырау,бас ауру, жүрек қағысы, тітіркендіргіштік, ұйқышылдық,қынаптың құрғауы, жыныстық қатынаста ауырсыну,зәрін ұстамау және етеккірдің ұзаққа созылуы мазалайды.Анамнезінде соматикалық аурулар жоқ. Мейіргердің болжамды диагнозы және тактикасы
{=климакстық синдром,гинекологтың кеңесі
~анемия, ауруханаға жатқызу
~жедел пиелонефрит,урологтың кеңесі
~жедел эндометрит,ауруханаға жатқызу
~тиреотоксикоз,эндокринологтың кеңесі}
63. Жүкті әйел 41 жаста,жүктілік мерзімі 37 апта.Шағымы жоқ.Жағдайы қанағаттарлық. Қайта қабылдауда АҚ 140/90 мм.с. б (20 минут аралықпен екі рет өлшенді). Анамнезінде созылмалы пиелонефрит. ЖЗА өзгеріс жоқ. Ықтимал диагнозы.
{~созылмалы артериялық гипертензия
~преэклампсия орташа дәрежелі
~преэклампсия ауыр дәрежелі
~созылмалы пиелонефрит
=гестациялық артериалды гипертензия}
64. Жүкті әйел 39 жаста, жүктілік мерзімі 32 апта.Жыныс жолдарынан кенеттен қанды бөлініс кеткені туралы шағымданды, қан кетуді ештенемен байланыстырмайды. Анамнезінде 5- ші жүктілік, 4-ші босану,эндометритпен ауырған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық,іші жұмсақ,ауырсынусыз,жатыр қалыпты тонуста. Ұрықтың жүрек соғысы анық,ырғақты,145 рет минутына. Жыныс жолдарынан аз мөлшерді ақшыл қызыл түсті аз бөлінділер байқалады. Мейіргердің болжамды диагнозы және тактикасы.
{~плацентаның орналасуы, төсек тәртібін ұсыну
~қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы,ауруханаға жатқызу
~гинекологтың динамикалық бақылауында болу
~жатырдың жыртылу қауіпі, ауруханаға жатқызу
=плацентаның алда орналасуы, ауруханаға жатқызу}
65. Қалалық аурухананың перзентханасына 39 аптадағы жүкті әйел түсті. Әйел босанудың үшінші кезеңінде, плацентаның бөліну белгілері байқалады. Жатырдың тегіс бұлшық етінің қалыпты жиырылуы үшін әйелге қандай препарат енгізу қажет.
{~прогестерон
~ультражесан
=окситоцин
~папаверин
~пролактин}
Достарыңызбен бөлісу: |